Перейти к основному содержимому

Физикалық химия

Прием новых студентов завершен

Курс туралы

Физикалық химия курында қарастыралтын сұрақтар қазіргі кездегі химия және химиялық тенологияның теориялық фундаменті болады және алған теоориялық білім термодинамика заңдарына сүйене отырып, химиялық процестердің энергетикасын, өздігінен өту бағытын анықтау, гомогенді және гетерогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік күйге әр түрлі факторлар әсерін және ерітінділер заңдылықтарын, кинетика және электрохимия негіздерін білу қажет.

Мақсаты: ұсынылып отрыған бағдарлама жоғары сынып оқушылары мен химия мамандықтары студенттерінің базалық білімін нығайтып, химиялық процестердің энергетикалық сипаттамаларын есептеудің теориясы мен практикасы бойынша жалпы және пәндік құзыреттілікті қалыптастыру.

Курс авторы

Course Staff Image #1

Тусупбекова Алма Сапаровна

1958 жылы 4 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы ҚазҰУ химиялық факультетін тәмәмдады. Оқуды аяқтағаннан кейін АН КазССР Химиялық – металлургиялық Институтына ( Қарағанды қ.) бөлінген, 1983 жылдан бастап АГМИ – да (Алматы қ.) к.ғ.қ. қызметін атқарса, 1985 жылынан ҚазҰУ химиялық факультетінің физикалық химия және электрохимия кафедрасында жұмыс жасайды. Кандидаттық диссертациясын 02.00.01 – бейорганикалық химия мамандығы бойынша «Висмут (III)-тің унитиолмен кешентүзуі» тақырыбында сәтті қорғады. 1997 жылдан осы күнге дейін доцент қызметін атқарады. Ғылыми – зерттеу бағыты координациялық қосылыстар химиясымен –бесінші топ металдары мен күкірт құрамды лигандтар арасында түзілетін кешенді қосылыстарды синтездеу және физика – химиялық, биологиялық қасиеттерін зерттеумен байланысты. Қазіргі таңда «Физикалық химия» фундаменталды курсы және «Координациялық қосылыстар химиясының қазіргі күйі», «Физика – химиялық анализ», «Техникалық термодинамика» арнайы курстар бойынша сабақ өткізеді. Ресми іс – қағаздарды, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары, оқытушыларға арналған оқу және оқу – әдістемелік әдебиеттерді қазақ тіліне аудару жолында жемісті қызмет атқаруда.

  1. Номер курса

    CHEM623
  2. Занятия начинаются

    13 марта 2017
  3. Занятия Заканчиваются

    17 апр. 2017