Перейти к основному содержимому

Этнологиялық зерттеулердiң әдiстерi

Курс туралы

Тыңдаушыларды этнографиялық зерттеу әдістерін игеруге баулу, пәнаралық (тарих, археология, әлеуметтану) байланыстарды ескере отырып, оны этнографиялық экспедицияда пайдалана білу. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қажетті әдебиеттерді саралауға, салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып оқиғаны бағалауға, зерделеуге, этнографиялық терминдер мен негізгі ұғымдармен танысып, курс барысында қолдана біледі. Тыңдаущыларға этнографиялық зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйрету. Этнологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің заманауи жаңа тәсілдерін меңгеруге қажет теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру. Жаңа технологиялады пайдалана отырып әлеуметтік желілер арқылы этнографиялық зерттеудерді жан-жақты жүргізуге.

Курс нәтижесінде

Тыңдаушылар этнологиялық зерттеу әдістері курсын тыңдау барысында:

  • кәсіби этнолог маман ретінде қалыптаса алады;
  • этнографиялық сұрақнама құрастыру;
  • далалық этнографиялық мәліметтерді жинау әдістерін игереді
  • заманауи құрылғыларды экспедиция барысында пайдалана алады;
  • экспедиция нәтижесінде алынған мәліметтерді жүйеуді, талдауды үйренеді;
  • дәстүрлі мәдениет пен қазіргі кездегі жаһандану кезіндегі өзгерістерді салыстыра алады;
  • халықтардың аймақтық ерекшеліктерін, мәдениетімен салыстырмалы түрде талдау және сараптама жүргізуді үйренеді.

Курс авторы

Course Staff Image #1

Мейрманова Гулжан Асанқызы

Мейрманова Гүлжан Асанқызы 1979 жылы 28 шілдеде Алматы обл, Балхаш ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихшы мамандығын бітірген. 2002 жылы аталған университеттен тарих-магистрі дәрежесін алған. 2002-2004 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы ретінде жұмыс жасады. 2004-2008 жылдары Ресей Ғылым Академиясының Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында күндізгі аспирантурасында білім алып, 2009 жылы 07.00.07 мамандығы кеңесінде «Культура общения у казахов: трансформация традицинного этикета» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Этнологиялық экспедицияларға барынша қатысып Монғолия, Қытай қазақтарын салт-дәстүрінің сақталу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2008-2012 жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этномәдени зерттеулер» орталығында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 2013 - 2015 жж. аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті міндетін атқырған. Халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларға қатысып отырады. 2014 жылы Г. Мейрманованың басшылығымен Көкшетау қаласындағы 5В011400-Тарих мамандығы бойынша пәндік олимпиадада студенттері бас жүлдені иеленген. 2012-2014 жж ҚР БжҒ Министрлігі, Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша «Сырдарияның төменгі ағысы қалаларының ортағасырлар кезіндегі этномәдени байланыстардағы рөлі (Жанкент қала жұрты)», «Оңтүстік-Шығыс Арал маңын мекендеген ежелгі тайпалардың дүниетанымы мен идеологиясы және наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары» атты екі ғылыми жобаларының жетекшісі болды. Сыр өңірінің этноархеология саласына маңызды үлес қосқан. 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасының доцент міндетін атқарушы ретінде жұмыс атқырып келеді.

  1. Занятия начинаются

    17 апр. 2017
  2. Занятия Заканчиваются

    25 мая 2017
Внести в список