Перейти к основному содержимому

Радиожурналистика

Прием новых студентов завершен

Курс туралы

ХХІ ғасыр жоғары технологиялар дәуірі болып отыр.Соған орай қазіргі қоғам жаңа типті адам тәрбиелеу міндетін алға қойды.Ол ұрпақ тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құралдарының , оның ішінде телевизия мен радионың атқаратын рөлі ерекше екендігі ғылыми дәлелденіп отыр. Онлайн курстың мақсаты - студенттерді радиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, радионың пайда болуы, хабар таратудың дамуымен, Қазақ радиосының жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрларымен, пішіндерімен, радиожурналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер және қағидаларымен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.

Пәнді оқытудың міндеті: әр түрлі сипаттағы телерадио компаниялар үшін хабарлар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын болашақ мамандардың біліктілігін қалыптастыру. Телерадиоарналарда жұмыс істеуге лайық қабілетті мамандарды қалыптастыру, қажетті ақпаратты таба алуға дағдыландыру, әр түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға бейімдеу, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттау.

Курс авторы

Course Staff Image #1

Клара Қабылғазина

Клара Қабылғазина - «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасында профессорлық қызметте. Ол Алматы облысы, Іле аудандық газетінде әдеби қызметкер, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде меншікті тілшілер бөлімінің журналисі, Қазақ телевизиясы қызметкері, Алматы Жоғары партия мектебінде оқытушы, әл Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз кабинетінің меңгерушісі, аға оқытушы, доценттік,профессорлық қызметтерде болды, республикалық «Арай» жастар журналының Бас редакторлығы қызметін қосымша атқарды. Ол телевизия ,радио саласындағы зерттеулері нәтижесінде «Телерадиожурналистика:теория, тәжірибе,түйін» (оқулық), «Дәуір үні» (монография) , «Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы» (оқу құралы), «Хабар технологиясы» (оқу құралы), «Журналист шығармашылығын қалыптастыру жолдары» (оқу құралы), «Еуразия ақпарат құралдары» (оқу құралы), «Радиожурналистика» (оқу құралы), электронды оқулықтар,әдістемелік кітапшалар, екіжүзге жуық ғылыми, публицистикалық, имидждік мақалалар шығарған. Ол ҚР Журналистер Академиясының дипломымен, Құрмет грамоталарымен, ҚазҰУ 80 ж. мерекелік медалімен марапатталған. «ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы» атағының иегері. Көркем прозамен шұғылданады,әңгіме, новеллалары республикалық басылым беттерінде жарияланып тұрады. К.Қабылғазина туралы мемлекеттік тапсырыспен СТВ арнасында «Қоғам және әйел» бағдарламасы бойынша деректі хабар жасалған, «Қазақстан» арнасында жеке бағдарлама арналған («Сырғалым»), «Білім», «Мәдениет», «Асыл арна» және «Хабар» , «Еуразия» арналарында сюжеттер түсірілген, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған, «Қазақстан ғалымдары» атты және Шығыс Қазақстан облыстық энциклопедияларына енген. Өмірлік ұстанымы: шыншылдық, адалдық және шәкірттен талап ету үшін ұстаз өзі өнеге көрсетуі керек.

  1. Номер курса

    JOUR_003
  2. Занятия начинаются

    20 февр. 2017
  3. Занятия Заканчиваются

    27 марта 2017