Перейти к основному содержимому

Қазақстан Республикасының қаржы құқығы

Прием новых студентов завершен

Курс туралы

«Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» курсы тыңдаушыларға қаржы құқығы ғылымының негізгі ұғымдары мен санаттарын, заңдылықтарын білуге, Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі қаржы құқығының орны мен маңызын, ерекшеліктерін ұғынуға, қаржылық-құқықтық қатынастар мен нормалардың аясын дұрыс анықтауға, қаржылық құқықтың негізгі институттарын біліп, оларды ажыратуға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» пәнін игеру нәтижесінде тыңдаушылар, қаржылық құқықтың жалпы теориялық мәселелерін жан-жақты зерделеп, оның ішінде қаржылық заңнаманың қолдану аясын жетік біліп шығады. «Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» пәнінің жалпы сипаттамасы: мемлекеттің қаржылық қызметінің негіздері, қаржылық құқықтың ұғымы, оның әдістері мен жүйесі, қаржылық құқықтық нормалар мен қатынастардың мазмұны, мемлекеттің ақша жүйесі, қаржылық жоспарлауды, бақылауды құқықтық реттеу, қаржылық-құқықтық жауаптылық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, қаржы құқығының ерекше бөлімін қамтитын бюджет құқығы, салық құқығы сияқты институттар қарастырылады.

«Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» пәнінің мақсаты - қаржылық құқықтың жалпы теориялық мәселелерін толық оқыту. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржы жүйесі, қаржы құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасы, қаржы саласындағы басқару, бақылау, жоспарлау, жауаптылық мәселелері, сондай-ақ бюджет, салық құқықтарының аясын жан-жақты білу болып табылады.

Курстың міндеттері

  1. Қаржылық құқық саласында болып жатқан өзгерістердің ерекшеліктерін зерделеумен қатар, олардың өзара байланыстарын және қазіргі нарықтық экономикалық жағдайлар кезіндегі жүзеге асыру тәртіптері сияқты мәселелерді қарау;
  2. қаржылық құқықтың түсінігі, әдістері, қағидалары мен жүйесін білу;
  3. қаржылық құқық аясындағы нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істей білу;
  4. Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесіндегі қаржылық құқықтың орны. Қаржылық құқықтың басқа құқық салаларымен ара қатынасы, негізгі ұғымдар мен түсініктерді, олардың қолдану аясын білу;
  5. қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің қаржылық басқару, жоспарлау, бақылау, жауаптылық және т.б. институттарын жетік түсіну және білу;
  6. қаржылық құқықтың ерекше бөліміне жататын бюджет құқығы, салық құқығы, банк құқығы, сақтандыру құқығы және т.б. бүгінгі таңдағы өз алдына жеке құқық салалары болып табылатын бөлімдерді білу, сондай-ақ, қазіргі ғылыми зерттеулерді талдап, өзіндік пікірлер мен тұжырымдарды жасай алу.

Автор

Course Staff Image #1

Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы

Заң ғылымдарының докторы, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 1999-2002 жылдардың аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының ассистенті. 2002-2003 жылдардың аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының оқытушы. 2003-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушы. 2006-2007 жылдардың аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының доценті міндетін атқарушы. 2007-2009 жылдардың аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының доценті. 2009-2011 жылдардың аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Криминалистика және сот сараптамасы» кафедрасының доценті. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 2003 жылы 12.00.08. - қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқарушылық құқық мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010 жылы 12.00.09. - қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Г.А.Қуаналиева 80-нен аса ғылыми еңбектер жазды. Оның ішінде ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік құралдары және есептер жинақтары мен оқулықтардағы тараулардың авторы.

  1. Номер курса

    LAW311
  2. Занятия начинаются

    13 февр. 2017
  3. Занятия Заканчиваются

    28 марта 2017