Курс туралы
«Психология» курсы тұлғаның психологиялық табиғаты, ұлттық сананың психологиялық негіздері, мотивация, эмоция, құндылықтар жүйесі және тұлғааралық қарым-қатынас туралы теориялық әрі практикалық білім қалыптастыруға бағытталған.
Теориялық материалдар, практикалық психологиялық жаттығулар және психодиагностикалық әдістер білім алушыға өзін тануға, жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалауға және өзінің психологиялық портретін құрастыруға мүмкіндік береді. Курс аясында қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас орнату психотехнологиялары, психологиялық денсаулықты сақтау және өзін-өзі реттеу тәсілдері меңгеріледі.
Курста стресс-менеджмент, эмоциялық және әлеуметтік интеллект, кәсіби өзін-өзі анықтау, имидж қалыптастыру, конфликт кезіндегі мінез-құлық модельдері мен тиімді коммуникация мәселелері қарастырылады. Алынған білім мен дағдылар күнделікті және кәсіби жағдайларды талдауға, психологиялық ресурстарды бағалауға және өзіне психологиялық көмек көрсету тәсілдерін қолдануға бағытталады.
Курстың академиялық презентациясы
| Курстың бағыты |
Ұлттық сана, тұлғалық даму, психологиялық денсаулық, қарым-қатынас және әлеуметтік интеллект |
| Құрылымы |
5 тақырыптық блок |
| Оқыту тәсілдері |
Теориялық талдау, психодиагностикалық әдістер, психологиялық жаттығулар, семинар-тренингтер, жағдаяттық тапсырмалар және рефлексия |
| Бағалау жүйесі |
Test — 20%; Essay — 40%; Final test — 40% |
| Қалыптастырылатын дағдылар |
Өзін-өзі тану, психодиагностика, эмоциялық өзін-өзі реттеу, стресс-менеджмент, тұлғааралық коммуникация, конфликтіні басқару және психологиялық бағдарлама құрастыру |
Курстың мақсаты
Мінез-құлық модельдерін талдау барысында эмоциялық және әлеуметтік интеллект, имидж және стресс-менеджмент ұғымдарын негіздеуге бағытталған бағдарлама құрастыру үшін психодиагностикалық әдістер мен психотехнологияларды қолдану арқылы ұлттық сананы дамыту контексіндегі тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі мен құндылықтар жүйесі туралы теориялық білім негіздерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері
- Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемінің психологиялық негіздерін түсіндіру.
- Ұлттық сана, құндылықтар жүйесі және тұлғаның өзіндік анықталуы арасындағы байланысты ашу.
- Тұлғаның жеке-дара және типологиялық ерекшеліктерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
- Психологиялық денсаулық пен әлеуметтену үдерісін зерттейтін психодиагностикалық әдістерді меңгерту.
- Тұлғааралық қарым-қатынас пен коммуникацияны талдауда психотехнологияларды қолдануға үйрету.
- Конфликт жағдайларындағы мінез-құлық модельдерін анықтау және тиімді қарым-қатынас тәсілдерін таңдау дағдыларын дамыту.
- Әлеуметтік интеллект пен жағымды имиджді қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастыруға үйрету.
Күтілетін оқу нәтижелері (ОН)
Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы:
- ОН 1. Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ұлттық сана туралы теориялық білімін қалыптастырады.
- ОН 2. Құндылықтар жүйесі мен өзіндік анықталу негізінде тұлғаның психологиялық портретін түсіндіреді.
- ОН 3. Психологиялық денсаулық пен әлеуметтену үдерісін зерттеу үшін психодиагностикалық әдістерді қолданады.
- ОН 4. Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясын талдау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда психотехнологияларды пайдаланады.
- ОН 5. Тұлғаның мінез-құлық модельдерін талдау арқылы әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастырады.
Оқу нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары
ОН 1 индикаторлары
- ОН 1.1 — тұлғаның мотивациялық саласын теориялық тұрғыдан түсіндіреді, қажеттіліктер пирамидасы мен мотивацияның әртүрлі құрылымдық сызбаларын құрады.
- ОН 1.2 — тұлғаның эмоциялық күйлері арасындағы өзара байланысты анықтайды.
ОН 2 индикаторлары
- ОН 2.1 — құндылықтар жүйесін зерттеген негізгі психологиялық теорияларды сипаттайды.
- ОН 2.2 — өзіндік анықталу ұғымын тұлға психологиясы тұрғысынан түсіндіреді.
- ОН 2.3 — құндылықтар жүйесі мен өзіндік анықталу негізінде тұлғаның психологиялық портретін құрастырады.
ОН 3 индикаторлары
- ОН 3.1 — психологиялық денсаулықтың тұлғалық дамудағы рөлін анықтайды.
- ОН 3.2 — психологиялық денсаулық пен әлеуметтенудің өзара байланысын талдайды.
- ОН 3.3 — психологиялық денсаулық пен әлеуметтенуді зерттейтін психодиагностикалық әдістердің тиімділігін салыстырады.
ОН 4 индикаторлары
- ОН 4.1 — тұлғааралық қарым-қатынас психологиясына негізделген психотехнологияларды қолданады.
- ОН 4.2 — тұлғалық дамудағы қарым-қатынас пен коммуникацияның айырмашылығын түсіндіреді.
- ОН 4.3 — тұлғаның коммуникативтік дағдылары мен коммуникация модельдеріне мысалдар келтіреді.
ОН 5 индикаторлары
- ОН 5.1 — конфликт психологиясы негізінде тұлғаның мінез-құлық модельдерін құрады.
- ОН 5.2 — әлеуметтік интеллект пен әлеуметтік табыстылықтың деңгейлері мен түрлерін сызба түрінде жүйелейді.
- ОН 5.3 — әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру бағдарламаларын әзірлейді және жетілдіреді.
Силлабус
Силлабус 5 тақырыптық блоктан тұрады.
| Блок |
Модуль атауы |
| I |
Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі ұлттық сананы қалыптастыру негізі ретінде |
| II |
Тұлғаның жеке-дара типологиялық ерекшеліктері және құндылықтар жүйесі |
| III |
Психологиялық денсаулық тұлғаның әлеуметтену үдерісінің негізі ретінде |
| IV |
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясының теориялық негіздері |
| V |
Тұлғаның мінез-құлық модельдері әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру негізі ретінде |
Пререквизиттер және постреквизиттер
| Бөлім |
Мазмұны |
| Пререквизиттер |
«Мамандыққа кіріспе», «Философия», «Әлеуметтану», «Әлеуметтік психология». |
| Постреквизиттер |
«Тұлға психологиясы» және психологияның кәсіби бағыттағы басқа да базалық курстары. |
Білімді бақылау жүйесінің спецификациясы
| Бақылау түрі |
Форматы мен мазмұны |
Өткізу кезеңі |
Тексерілетін ОН |
Үлесі |
| Test |
Тұлға психологиясының негізгі ұғымдарын, теорияларын, психодиагностикалық әдістерін, қарым-қатынас пен конфликт заңдылықтарын білуге және түсінуге арналған тест тапсырмалары. |
Тақырыптық блоктар аяқталғаннан кейін |
ОН 1–ОН 4 |
20% |
| Essay |
Тұлғаның мотивациясы, эмоциялық әлемі, құндылықтары, психологиялық денсаулығы, әлеуметтік интеллекті немесе имиджі мәселелерінің біріне арналған аналитикалық-рефлексиялық эссе. |
Курс барысында |
ОН 1–ОН 5 |
40% |
| Final test |
Курстың барлық блоктары бойынша теориялық сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмаларды қамтитын кешенді қорытынды тест. |
Курс соңында 1 рет |
ОН 1–ОН 5 |
40% |
| Барлығы |
100% |
Бағалау құрылымы
| Тапсырма түрі |
Үлесі |
Бағасы |
Өлшенген бағасы |
| Test |
20% |
0% |
0% |
| Essay |
40% |
0% |
0% |
| Final test |
40% |
0% |
0% |
| Барлығы |
100% |
— |
0% |
Қорытынды бағаны есептеу формуласы: Test × 0,20 + Essay × 0,40 + Final test × 0,40.
Бағалау критерийлері
Жалпы бағалау шкаласы
| Деңгей |
Нәтиженің сипаттамасы |
Қорытынды балл |
| Өте жақсы |
Психологиялық ұғымдар мен теорияларды терең меңгерген; әдістерді орынды таңдайды; жағдаяттарды дербес талдайды; дәлелді қорытынды жасап, жоғары деңгейде рефлексия жүргізеді. |
90–100 |
| Жақсы |
Негізгі материалды сенімді меңгерген және оны практикалық жағдаяттарда қолданады; жекелеген дәлсіздіктер немесе толық ашылмаған тұжырымдар кездеседі. |
75–89 |
| Қанағаттанарлық |
Негізгі ұғымдарды түсінеді, бірақ талдауы фрагментті; психологиялық білімді қолдану, дәлелдеу және рефлексия жасау дағдылары жеткіліксіз. |
50–74 |
| Қанағаттанарлықсыз |
Негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгермеген; дербес талдау жоқ немесе жұмыс тапсырма мен академиялық адалдық талаптарына сәйкес келмейді. |
0–49 |
Бақылау түрлері бойынша критерийлер
| Бақылау түрі |
Критерий |
Компонент ішіндегі үлесі |
| Test |
Психологиялық ұғымдарды, теорияларды, әдістер мен заңдылықтарды білу |
60% |
| Өзара байланыстарды түсіну және білімді қысқа жағдаяттық тапсырмаларда қолдану |
40% |
| Essay |
Мәселенің қойылуы, тақырыптың және авторлық ұстанымның анықтығы |
20% |
| Психологиялық ұғымдар мен теориялық ережелерді дұрыс қолдану |
25% |
| Талдаудың тереңдігі, дәлелдердің негізділігі және қорытындылардың қисындылығы |
30% |
| Практикалық мысалдарды, өзіндік талдау мен рефлексияны қолдану |
15% |
| Құрылымы, академиялық стилі, дереккөздері және академиялық адалдығы |
10% |
| Final test |
Курстың негізгі ұғымдарын, әдістерін және психологиялық заңдылықтарын білу |
40% |
| Психологиялық құбылыстар арасындағы айырмашылықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсіну |
30% |
| Жағдаяттық тапсырмаларды талдау және негізделген әрекет тәсілін таңдау |
30% |
Бағалау түрлерінің оқу нәтижелеріне сәйкестігі
| Оқу нәтижесі |
Test |
Essay |
Final test |
| ОН 1. Мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктер |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 2. Құндылықтар жүйесі және психологиялық портрет |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 3. Психодиагностикалық әдістер |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 4. Қарым-қатынас психотехнологиялары |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 5. Әлеуметтік интеллект пен имидж бағдарламасы |
— |
✓ |
✓ |
Курс авторлары
Бердібаева С.Қ.
Психология ғылымдары бойынша бірінші рет мемлекеттік тілде кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған. 2005 жылы ҚР бойынша психология ғылымдарының тоғызыншы ғылым докторы болып қорғады. Оның ғылыми жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация және 1 Phd докторлық диссертация қорғалды. Ол 6 монография (2- шет елде шыққан); бірнеше оқу құралдары мен оқулықтар (15); 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.Әлемдік Скопус және Томсон базаларында 40 мақаласы жарияланған, индекс хиршасы h=3. 2006-2009 жж. ҚР Мәдени Мұра бағдарламасына, 2009-2010 ж.-«Қазақстанның дарынды балалары» атты Атырау облылысы, Agip компаниясының «Global Education Provider» жобасына қатысты.
2015-2018 жылдары ҚР БҒМ гранты бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізді.
Бердібаева С.Қ. «ҚР Жоғары Оқу орындарының ең үздік оқытушысы» − Мемлекеттік грантты –екі рет жеңіп алған: 2008 және 2018 ж.
Профессор Бердібаева С.Қ. шет елге де танымал ғалым, Лейпциг университетінің профессорларымен бірге ғылыми жобаларда жұмыс жасайды, Германияда неміс тілінде 1 оқулық жарық көрген (2019). Көптеген әлемдік конгресстерге қатысушы: 2012 ж. –Оңтүстік Африка, Кейптаун қаласы-30-әлемдік психологиялық конгресс, 2016-Жапония, Иокогама қаласы-31-конгресс. 2008 жылы Жаңа Зеландия мемлекетінде, Окленд университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Қазақ¬стандық психология ғалымының жалғыз өкілі болып саналады.
Европа, Жапония, Жаңа Зеландия, Австралияда ғылыми тағылымдамалардан өткен: 2008, 2010, 2015, 2017, 2018, 2019 жж. Е-mail: berdybayeva_sveta1@mail.ru.
Сайлинова Қ.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, психология магистрі.«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы», «ҚазҰУ хабаршысы», «ҚР МОК КОКСОН ұсынған дене тәрбиесі хабаршысы» журналдарында 33 жарияланымдары бар, оның 22-і халықаралық ғылыми, практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып,. Scopus халықаралық деректер базасында (DOL https://doi.org /10.6000/2292-2598.2020.08.01.11)1 мақала жарық көрді, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 07-10 01.2019 ж. ІV-ші Республикалық психологиялық мектебінің «Денсаулық сақтау, білім беру, өндірісте психологиялық шеберлік»; «Дағдарыстық және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек» сертификаттары; 2019ж. әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының №7069 куәлігі «Психологиялық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті. Е-mail: sailinova777@gmail.com.
Айдосова Ж.К.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы. 2015-2018 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Ph.D докторанты (Психология) болды. Қосымша білімі: 2016 ж. сәуір – мамыр айлары – Трент университетінің «Эмоция және денсаулық» лабораториясында тағлымдама, Питерборо қ., Канада, 2013 маусым – шілде айлары – Ханянг университетінде тағлымдамадан өтті (Сеул қ., Оңтүстік Корея). Грант және Патенттері: 2017 ж. - «Диагностика и развитие эмоционального интеллекта преподавателя вуза» атты ұжымдық монографиясына № 2341 авторлық куәлік алынған. 2014 ж. – ҚР инновациялық патенті: «Устройство оценки и диагностики психофизиологической совместимости индивидов «Magneteam» атты еңбекке алды (патенттің № 28188, 19.02.2014 ж. (ұжымдық). Екі оқулық, бір монография, оннан аса шетелдің басылымдағы мақалалар авторы. Е-mail:zhanerke.ai@gmail.com.
Адилова Э. Т.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, 6D050300-Психология мамандығының 3 курс докторанты. Академиялық ұтқырлық бойынша (Софийский университет «Св.Климент Охридски» 2013 ж.) және біліктілікті арттыру (ҚазҰУ біліктілікті арттыру институты) курстарынан өтіп білім деңгейін көтеруде. Екі авторық құқық кәуілігі бар (тренигтер бойынша: «Мои ценности», «Формирование межконфессиональной толерантности»). Жоғарғы аттестациялық комиссиямен бекітілген журналдарда, алыс және жақын шет елдердегі халықаралық конференциялардың материалдары, Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) журналдарындағы жарияланымдарын қоса алғанда, 30-дан астам ғылыми жарияланымдарды бар. E-mail: elnura.adilova@mail.ru
Қайратова І.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, психология магистрі. «ҚазҰУ хабаршысы», «Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы» журналдарында қазақ және ағылшын тілдерінде мақалалары бар. 2017 жылы 09-18 қараша аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде «Дағдарыстық және төтенше жағдайлар психологиясы. Модуль 1. Дағдарыстық күйлер психологиясы» біліктілікті арттыру курсынан өтті (Санкт-Петербург, Ресей). 2019 жылы 17-19 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дағдарыстық және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек» атты біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты. E-mail: in.karkairatova@gmail.com.