Перейти к основному содержимому

Адам және жануарлар физиологиясы

Запись на курс закрыта
  1. Факультет биологии и биотехнологии

  2. Начало курса

    дек. 07, 2017
  3. Конец курса

    янв. 20, 2018
  4. Нагрузка на неделю

    06:00

Курс туралы қысқаша сипаттама

«Адам физиологиясы» пәнінің басты мақсаты мен міндеті, адам ағзасындағы мүшелер мен мүшелер жүйесіндегі үдерістердің физиологиялық механизмін түсіндірумен қатар ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтаудағы (гомеостаз) мүшелер жүйесінің атқаратын қызметі жайлы айтылады. Сонымен қатар бұл пәнді оқып түсіну арқылы әрбір тұлға, әрбір мәдениетті адам өзінің денсаулығын сақтап және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін де мүшелер мен мүшелер жүйесінің атқаратын қызметін, ағзаға байланысын және реттеу механизмдерін жақсы түсіне білу керек. Егер әрбір жас түлектер мен ата-аналар, болашақ дәрігер мамандар өзінің физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік денсаулығын қалыптастыру және нығайту үшін физиология ғылымының негізін жақсы меңгерген жөн. Бұл ғылым медицина ғылымының негізі. Адам ағзасының денсаулық күйіндегі мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыпты күйдегі параметрлерін анықтау арқылы патологиялық күйін анықтауға болады. Денсаулық дегеніміз – ауырмаған кездегі күш емес, ол адамның физикалық, әлеуметтік, психологиялық үндестік, табиғатпен, адам мен адамның арасындағы қайырымдылық, жақсы қарым-қатынас.

Курстың авторы

Фотография преподавателя #1

Торманов Нұртай

Биология ғылымының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биофизика және биомедицина кафедрасында қызмет атқарады. Ғылыми зерттеу еңбектері қоршаған орта факторларының адам мен жануарлар ағзасына әсері мәселелеріне, ағзаға жоғары ыстық температураның және гипоксияның тигізетін әсерлеріне, оған бейімделудің физиологиялық, биохимиялық механизмдеріне арналған. Сонымен қатар стресс факторлардың әсерінен ағзаның функционалдық жүйесіндегі құбылыстармен де айналысып келеді. Профессор Н.Тормановтың 200-ден астам ғылыми мақалалары мен 12-ден астам оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары баспадан шығып оқырмандарға ұсынылды. «Адам физиологиясы», «Биологияны оқытудың инновациялық технологиясы», «Экология және табиғатты қорғау», «Валеология», «Жас кезеңдер физиологиясы» т.б. Биология пәнінен өткізілетін конкурстар мен Олимпиадаларға қатысумен қатар, Алматы қаласы және Алматы, Қызылорда облыстарының мектеп мұғалімдеріне де оқу әдістемелік көмек көрсетуде. 2017 жылы «Адам физиологиясы» пәнінен жалпылама онлайн курсын дайындап тыңдармандарға ұсынды.