Курс туралы
«Мәдениеттану» курсы елімізде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы міндетті пәндердің қатарына енеді. Курс әлемдік және отандық озық оқыту тәжірибесіне сүйеніп, мәдениеттің табиғаты, құрылымы, тілі, семиотикасы және тарихи типтері туралы жүйелі білім қалыптастыруға бағытталған.
Онлайн курста авторлық дәрістер, қосымша материалдар, слайдтар, практикалық тапсырмалар, тақырыптық тестілер және қорытынды емтихан тестілері ұсынылады. Оқу барысында білім алушылар әлемдік мәдениеттер мен өркениеттердің негізгі құндылықтарын, көшпелілер мен түркілердің мәдени мұрасын, қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдерін зерделейді.
Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар қазіргі мәдениеттанудың негізгі ұғымдарын, категориялары мен қағидаттарын қолданады, Қазақстан мәдениетіндегі тарихи және заманауи үдерістерді талдайды, жаһандану жағдайындағы мәдени саясат пен мәдени мұраның маңызын бағалайды.
Курстың академиялық презентациясы
| Курстың бағыты |
Мәдени құбылыстарды, тарихи типтерді, құндылықтарды және әлеуметтік-мәдени үдерістерді түсіну мен талдау |
| Құрылымы |
15 тақырыптық апта |
| Оқыту тәсілдері |
Авторлық дәрістер, мәдени мәтіндерді талдау, салыстырмалы әдіс, кейстер, эссе, визуалды материалдар және тест тапсырмалары |
| Бағалау жүйесі |
Test — 20%; Essay — 30%; Final test — 50% |
| Қалыптастырылатын дағдылар |
Мәдениеттанулық талдау, мәдени типтерді салыстыру, тарихи мәнмәтінді түсіндіру, құндылықтық бағалау, мәдениетаралық коммуникация және әлеуметтік-мәдени бейімделу |
Курстың мақсаты
Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара қарым-қатынасты реттеу, мәдени айырмашылықтарды түсіндіру және тарихи-мәдени үдерістерді бағалау үшін мәдениеттанудың негізгі ұғымдары мен талдау әдістерін меңгерту.
Курстың міндеттері
- Мәдениеттанудың негізгі ұғымдарын, категорияларын, қағидаттары мен әдістерін меңгерту.
- Мәдениеттің құрылымы, тілі, семиотикасы және әлеуметтік қызметтерін түсіндіру.
- Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттердің тарихи типтерін салыстырып талдауға үйрету.
- Көшпелілердің, түркілердің және қазақ халқының мәдени мұрасын тарихи мәнмәтінде зерделеу.
- Мәдени құбылыстар мен деректерге әлеуметтік-мәдени сараптама жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
- Жаһандану жағдайындағы Қазақстан мәдениеті мен мемлекеттік мәдени саясатты бағалауға үйрету.
- Мәдениетаралық өзара әрекет, әлеуметтік-мәдени бейімделу және азаматтық қатысу дағдыларын дамыту.
Күтілетін оқу нәтижелері (ОН)
Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы:
- ОН 1. Мәдениеттану саласындағы негізгі категориялық-ұғымдық аппаратты қолданады.
- ОН 2. Әртүрлі кезеңдердегі мәдениеттің тарихи типтерінің негізгі сипаттамаларын талдайды.
- ОН 3. Мәдениет дамуының әртүрлі деректеріне әлеуметтік-мәдени сараптама жүргізеді.
- ОН 4. Әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәселелер бойынша жеке ұстанымын қалыптастырады және негіздейді.
- ОН 5. Мәдениет жетістіктерін олардың қалыптасуының тарихи мәнмәтінін түсіну негізінде бағалайды.
Оқу нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары
ОН 1 индикаторлары
- ОН 1.1 — мәдениеттанулық білімнің теориялық, құндылықтық және қолданбалы қырларын ажыратады.
- ОН 1.2 — мәдениеттанулық ілімнің классикалық қорын құрайтын іргелі мәтіндердің негізгі мазмұнын айқындайды.
- ОН 1.3 — өз елі мен әлеуметтік-мәдени кеңістігінің мәдени даму ерекшеліктерін, жаһандық, ұлттық және аймақтық үдерістердің заманауи үйлесу негіздерін жіктейді.
ОН 2 индикаторлары
- ОН 2.1 — қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы мәдениет көріністерін түсіндіреді.
- ОН 2.2 — мәдениеттердің өзара әрекет сипатын және әлемдік мәдени әмбебаптану үрдістерін айқындайды.
- ОН 2.3 — мәдениет пен өнер мәселелері бойынша өз көзқарасы мен пікірін дәйекті жеткізеді.
ОН 3 индикаторлары
- ОН 3.1 — мәдениеттің тарихи типтерінің негізгі сипаттамаларын сараптайды.
- ОН 3.2 — әлеуметтік-мәдени талдау кезінде мәдениет типологиясының негізгі ұстанымдары мен өлшемдерін қолданады.
- ОН 3.3 — тарихи даму барысында қалыптасқан маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін бағалайды.
ОН 4 индикаторлары
- ОН 4.1 — мәдениеттің әртүрлі жетістіктеріне құндылықтық көзқарас қалыптастырады.
- ОН 4.2 — мәдениеттанулық талдау әдістерін қолданады.
- ОН 4.3 — мәдениет жүйелерінің динамикасын және мәдениет элементтері арасындағы байланысты түсіндіреді.
ОН 5 индикаторлары
- ОН 5.1 — ұлттық және әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени даму заңдылықтары негізінде мәдени үдерістерді сыни тұрғыдан қайта қарастырады.
- ОН 5.2 — әлеуметтік-мәдени бейімделу дағдыларын қолданады.
- ОН 5.3 — қолда бар деректер негізінде мәдениеттанулық түсіндіру және мәдени қайта ұйымдастыру тәсілдерін ұсынады.
Силлабус
Силлабус мәдениеттанудың теориялық және тарихи бағыттарын қамтитын 15 тақырыптық аптадан тұрады.
| Апта |
Тақырып |
| 1 |
Мәдениет ұғымы және құрылымы |
| 2 |
Мәдениет тілі |
| 3 |
Мәдениет семиотикасының сипаты |
| 4 |
Мәдениет анатомиясының сипаты |
| 5 |
Әлеуметтік мәдениет |
| 6 |
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті және арғы түркілердің мәдени мұрасы |
| 7 |
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті |
| 8 |
Түркілердің мәдени мұрасы |
| 9 |
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы |
| 10 |
XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуы |
| 11 |
XX ғасыр және XXI ғасыр басындағы қазақ халқының мәдениеті әлемдік үдерістер аясында |
| 12 |
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті |
| 13 |
Жаһандану мәнмәтініндегі Қазақстан мәдениеті |
| 14 |
Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары |
| 15 |
Қазақстандағы еріктілер қозғалысы |
Пререквизиттер және постреквизиттер
| Бөлім |
Мазмұны |
| Пререквизиттер |
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. |
| Постреквизиттер |
Білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған жұмыс оқу жоспарларын ескере отырып, жоғары оқу орны дербес айқындайды. |
Білімді бақылау жүйесінің спецификациясы
| Бақылау түрі |
Форматы мен мазмұны |
Өткізу кезеңі |
Тексерілетін ОН |
Үлесі |
| Test |
Мәдениеттанудың негізгі ұғымдарын, мәдениет құрылымы мен тілін, тарихи типтерді, мәдени мұра мен Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдерін білуге және түсінуге арналған тест тапсырмалары. |
Тақырыптар аяқталғаннан кейін |
ОН 1–ОН 5 |
20% |
| Essay |
Мәдени құбылыс, тарихи кезең, мәдени мұра, жаһандану немесе Қазақстанның мәдени саясаты бойынша теориялық ұғымдар мен деректерге сүйенген аналитикалық эссе. |
Курс барысында 1 жұмыс |
ОН 2–ОН 5 |
30% |
| Final test |
Курстың барлық тақырыптары бойынша теориялық білімді, салыстырмалы талдау мен тарихи-мәдени мәнмәтінді түсіну деңгейін бағалайтын кешенді қорытынды тест. |
Курс соңында 1 рет |
ОН 1–ОН 5 |
50% |
| Барлығы |
100% |
Бағалау құрылымы
| Тапсырма түрі |
Үлесі |
Бағасы |
Өлшенген бағасы |
| Test |
20% |
0% |
0% |
| Essay |
30% |
0% |
0% |
| Final test |
50% |
0% |
0% |
| Барлығы |
100% |
— |
0% |
Қорытынды бағаны есептеу формуласы: Test × 0,20 + Essay × 0,30 + Final test × 0,50.
Бағалау критерийлері
Жалпы бағалау шкаласы
| Деңгей |
Нәтиженің сипаттамасы |
Қорытынды балл |
| Өте жақсы |
Мәдениеттанулық ұғымдар мен әдістерді толық меңгерген; тарихи типтер мен мәдени үдерістерді жүйелі талдайды; тарихи мәнмәтінді, құндылықтарды және мәдениеттердің өзара ықпалын дәлелді бағалайды. |
90–100 |
| Жақсы |
Негізгі материалды сенімді меңгерген және мәдени құбылыстарды талдауда қолданады; жекелеген теориялық немесе тарихи дәлсіздіктер кездеседі. |
75–89 |
| Қанағаттанарлық |
Негізгі ұғымдарды түсінеді, бірақ мәдени типтерді салыстыру, тарихи мәнмәтінді ашу және құндылықтық қорытынды жасау толық емес. |
50–74 |
| Қанағаттанарлықсыз |
Негізгі мәдениеттанулық ұғымдарды меңгермеген; дербес талдау жоқ немесе жұмыс тапсырма мен академиялық адалдық талаптарына сәйкес келмейді. |
0–49 |
Бақылау түрлері бойынша критерийлер
| Бақылау түрі |
Критерий |
Компонент ішіндегі үлесі |
| Test |
Негізгі мәдениеттанулық ұғымдарды, категорияларды, тарихи кезеңдер мен мәдени мұраны білу |
60% |
| Ұғымдарды салыстыру және білімді қысқа мәдени жағдаяттарда қолдану |
40% |
| Essay |
Мәдени мәселені қою және авторлық ұстанымның анықтығы |
20% |
| Мәдениеттанулық ұғымдар мен теорияларды дұрыс қолдану |
20% |
| Тарихи мәнмәтінді, деректерді және мәдени байланыстарды талдау |
30% |
| Дәлелдердің негізділігі және қорытындылардың құндылықтық мазмұны |
20% |
| Құрылымы, академиялық стилі, дереккөздері және академиялық адалдығы |
10% |
| Final test |
Курстың негізгі ұғымдары, теориялары мен тарихи-мәдени материалдарын білу |
40% |
| Мәдени құбылыстарды салыстыру және тарихи-мәдени байланысты түсіндіру |
30% |
| Деректерді талдау, мәдениеттанулық түсіндіру және негізделген қорытынды жасау |
30% |
Бағалау түрлерінің оқу нәтижелеріне сәйкестігі
| Оқу нәтижесі |
Test |
Essay |
Final test |
| ОН 1. Категориялық-ұғымдық аппаратты қолдану |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 2. Мәдениеттің тарихи типтерін талдау |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 3. Әлеуметтік-мәдени сараптама жүргізу |
✓ |
✓ |
✓ |
| ОН 4. Жеке ұстанымды қалыптастыру және негіздеу |
— |
✓ |
✓ |
| ОН 5. Мәдениет жетістіктерін тарихи мәнмәтінде бағалау |
✓ |
✓ |
✓ |
Курс авторлары
Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия ғылымдарының докторы, Мәдениеттану профессоры. ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. ҚР БҒМ ұсынған «Мәдениеттану», «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты оқулықтардың авторы, «Құрмет» орденімен марапатталған.
E-mail: tursungabitov@mail.ru
Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты. 40-қа жуық ғылыми мақалалар (таяу және алыс шетелдердің ғылыми басылымдарында, Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) базаларына кіретін журналдарда), 3 оқу құралы, 1 ғылыми монография, 5 ұжымдық монография, авторлықта шыққан 3 энциклопедиялық сөздіктің авторы.
E-mail: alya.omirbekova@kaznu.kz
Абдрахманов Сұлтан Мұрзахметұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, дінтану магистрі. 2016-2019 жылдар аралығында Түркия елінде (Измир қаласы) Докуз Эйлуль университетінде магистратураны бітірді.
E-mail: abdrahman.sm@mail.ru
Осербаев Елдос Нұрланұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD докторанты, «Мәдениеттану» магистрі. «Жаһандану және Қазақстанның заманауи мәдениеті», «Қазақстандағы мәдени туризм. Ұлттық код. Артефактілер» монографиясының авторларының бірі. «Дәстүрлі және заманауи қазақ мәдениеті. Хрестоматия (Электрондық кітап) және «Қазақстандағы мәдени ескерткіштер мен жәдігерлер (Электрондық контент) оқулығы құрастырушыларның бірі.
e-mail: eldos.cs@mail.ru