Курс туралы
Курс ағылшын тілін тереңірек меңгергісі келетін бірінші курс студенттеріне, тілдік құзыреттілігін арттырып, бәсекеге қабілетті болуды көздейтін тыңдаушыларға және емтихандарға дайындалатын білім алушыларға арналған.
Курстың негізгі міндеті – ағылшын тілін ақпарат алу көзі және қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға үйрету. Білім алушылар өз ойын ағылшын тілінде жеткізу, өзгенің пікірін түсіну, күнделікті және кәсіби жағдаяттарда тілдік қарым-қатынас жасау үшін қажетті негізгі грамматикалық және лексикалық материалдарды меңгереді.
Курс грамматикалық тақырыптарды, сөздік қорды дамытуға арналған тапсырмаларды, оқылым мәтіндерін, тыңдалым материалдарын, диалогтерді, аударма және мәтінді талдау жұмыстарын қамтиды.
Курстың академиялық презентациясы
| Мақсатты аудитория |
Бірінші курс студенттері және ағылшын тілін жетілдіруге мүдделі тыңдаушылар |
| Оқу ұзақтығы |
15 апта |
| Оқыту форматы |
Теориялық түсіндірмелер, апталық тесттер, практикалық жаттығулар, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым тапсырмалары |
| Бағалау жүйесі |
Test – 60%; Exercises – 40% |
| Курстың бағыты |
Күнделікті және кәсіби қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық, лексикалық және коммуникативтік дағдыларды дамыту |
Курстың мақсаты
Шетел тілінде меңгерілген лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды күнделікті өмірде, оқу үдерісінде және кәсіби қарым-қатынаста белсенді әрі орынды қолдануға үйрету.
Курстың міндеттері
- Ағылшын тілінің негізгі грамматикалық құрылымдарын меңгерту.
- Күнделікті және оқу-кәсіби тақырыптар бойынша белсенді сөздік қорды қалыптастыру.
- Тыңдалған және оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну дағдыларын дамыту.
- Диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Қарапайым және күрделі сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйрету.
- Мәтінге грамматикалық, лексикалық және мазмұндық талдау жасау дағдыларын дамыту.
- Алынған ақпаратты түсіндіру, қорытындылау және бағалау қабілетін қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері
Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы:
- Өтілген тақырыптар аясындағы ауызша сөздерді, таныс сөз тіркестерін және тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
- Күнделікті және оқу тақырыптарына қатысты диалогтерге қатысады, жүйелі сөйлемдер құрастырады, ақпаратты жеткізеді және меңгерілген лексиканы қолданып оқиғаларды баяндайды.
- Тілдік деңгейіне сәйкес оқу және ғылыми-танымдық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі идеяларын тұжырымдайды және қысқаша жеткізеді.
- Ағылшын тіліндегі жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстардың мағынасын түсіндіреді және сөйлемдерге грамматикалық талдау жүргізеді.
- Мәтінге грамматикалық және лексикалық талдау жасайды, жаңа ақпаратты анықтайды және алынған ақпаратқа баға береді.
Оқу нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары
ОН 1 индикаторлары
- ОН 1.1 – Тыңдалған мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын анықтайды.
- ОН 1.2 – Тыңдалған мәтіннен қажетті ақпаратты табады және іріктейді.
ОН 2 индикаторлары
- ОН 2.1 – Күнделікті өмірге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданып диалог құрады.
- ОН 2.2 – Күнделікті жағдаяттарда өз ойын жүйелі және түсінікті жеткізеді.
- ОН 2.3 – Меңгерілген лексиканы қолданып оқиғаларды сипаттайды және ақпарат береді.
ОН 3 индикаторлары
- ОН 3.1 – Оқылған мәтіннің негізгі идеясын тұжырымдайды.
- ОН 3.2 – Күнделікті және ғылыми-танымдық мәтіндердің негізгі мазмұнын жеткізеді.
ОН 4 индикаторлары
- ОН 4.1 – Әр тақырыптан кейін білімді бекітуге арналған тест тапсырмаларын орындайды.
- ОН 4.2 – Берілген мәтіндерді оқып, грамматикалық талдау және жазбаша аударма жасайды.
ОН 5 индикаторлары
- ОН 5.1 – Мәтіннен жаңа ақпаратты анықтайды және алынған ақпаратты бағалайды.
- ОН 5.2 – Тілдің грамматикалық және лексикалық құрылымдарын ажыратып, мәтінге кешенді талдау жасайды.
Курстың модульдік құрылымы
1-модуль. Сөз таптарының негізгі жүйесі: Articles, Prepositions, Pronouns
2-модуль. Ағылшын тіліндегі шақтар жүйесі: Simple, Continuous, Perfect Tenses
3-модуль. Етістік формалары мен модальділік: Voice, Infinitive, Gerund, Participle, Modal Verbs
4-модуль. Сипаттау және күрделі грамматикалық құрылымдар: Adjectives, Conditionals, Reported Speech
5-модуль. Сөйлем және мәтін құрылымы: Questions, Nouns, Relative Clauses, Word Order, Story Reading
Курстың құрылымы
| Апта |
Тақырып |
Негізгі оқу мазмұны |
| 1 |
Articles |
Белгілі және белгісіз артикльдердің қолданылуы; артикль қолданылмайтын жағдайлар. |
| 2 |
Prepositions |
Мезгіл, мекен, бағыт және қозғалыс предлогтары; тұрақты тіркестердегі предлогтар. |
| 3 |
Types of Pronouns |
Жіктеу, тәуелдік, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік және қатыстық есімдіктер. |
| 4 |
Simple Tenses |
Present, Past және Future Simple шақтарының құрылымы мен қолданылуы. |
| 5 |
Continuous Tenses |
Present, Past және Future Continuous шақтарының құрылымы мен қолданыстық ерекшеліктері. |
| 6 |
Perfect Tenses |
Present, Past және Future Perfect шақтарының мағынасы, жасалу жолдары және қолданысы. |
| 7 |
Active and Passive Voice; Word Formation and Word Meaning |
Етіс түрлері, белсенді және ырықсыз етіс құрылымдары; сөзжасам және сөз мағынасы. |
| 8 |
Infinitive, Gerund, and Participle |
Етістіктің жақсыз формалары, олардың сөйлемдегі қызметі және қолданылу ерекшеліктері. |
| 9 |
Modal Verbs and Equivalents |
Модальді етістіктер және олардың баламалары; мүмкіндік, міндеттілік, рұқсат және кеңес беру. |
| 10 |
Adjectives |
Сын есімдердің түрлері, салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары, сөйлемдегі орны. |
| 11 |
Conditionals |
Zero, First, Second, Third және Mixed Conditionals құрылымдары. |
| 12 |
Reported Speech |
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру; шақтардың қиысуы және уақыт көрсеткіштерінің өзгеруі. |
| 13 |
Types of Questions |
General, Special, Alternative, Tag және Subject Questions құрастыру. |
| 14 |
Nouns |
Зат есімнің түрлері, көпше түрі, саналатын және саналмайтын зат есімдер, тәуелдік форма. |
| 15 |
Relative Clauses, Word Order, and Story Reading |
Қатыстық бағыныңқы сөйлемдер, ағылшын сөйлеміндегі сөз тәртібі және көркем мәтінді оқу мен талдау. |
Пререквизиттер және постреквизиттер
| Бөлім |
Мазмұны |
| Пререквизиттер |
Орта мектеп бағдарламасы көлеміндегі шетел тілі; ағылшын тілінің базалық лексикасы мен грамматикасы. |
| Постреквизиттер |
Intermediate, Upper-Intermediate және Advanced деңгейлеріндегі ағылшын тілі; кәсіби бағыттағы ағылшын тілі; академиялық ағылшын тілі. |
Ақпараттық ресурстар
- Murphy, R. English Grammar in Use. Cambridge University Press, 2011.
- Murphy, R., Smalzer, W. R. Basic Grammar in Use. 3rd edition. Cambridge University Press.
- Oxenden, C., Latham-Koenig, C., Seligson, P. New English File. Pre-Intermediate.
- Harrison, M. Grammar Spectrum 2. Pre-Intermediate. Oxford University Press, 2009.
- Баймұратов И. А. Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. 332 бет.
- Reader’s Digest, October 19.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы
| Код |
Даярлау бағыты |
| 6B01 |
Педагогикалық ғылымдар |
| 6B02 |
Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
| 6B03 |
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
| 6B04 |
Бизнес, басқару және құқық |
| 6B05 |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
| 6B06 |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
| 6B07 |
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
| 6B08 |
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
| 6B09 |
Ветеринария |
| 6B10 |
Денсаулық сақтау |
| 6B11 |
Қызмет көрсету |
| 6B12 |
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс |
Білімді бақылау жүйесінің спецификациясы
| Бақылау түрі |
Мазмұны мен форматы |
Саны |
Тексерілетін ОН |
Максималды балл |
Үлесі |
| Test |
Апталық грамматикалық және лексикалық тесттер: бір дұрыс жауап, бірнеше дұрыс жауап, сәйкестендіру, бос орынды толтыру және сөйлемді түрлендіру |
15 |
ОН 3–ОН 5 |
60 |
60% |
| Exercises |
Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, аударма, грамматикалық және лексикалық талдау бойынша практикалық тапсырмалар |
8 |
ОН 1–ОН 5 |
40 |
40% |
| Барлығы |
|
23 |
ОН 1–ОН 5 |
100 |
100% |
Ескерту: бақылау және бағалау тапсырмалары курстың барлық тақырыптарына бөлініп орналастырылады және курс мазмұнының кемінде 10%-ын қамтиды.
Бағалау құрылымы
Test — 60%
Әр апта бойынша бір тест өткізіледі. Әр тестің максималды бағасы – 4 балл.
| Бағалау компоненті |
Саны |
Бір тапсырма |
Жалпы балл |
| 1–15-апталар бойынша тақырыптық тесттер |
15 |
4 балл |
60 |
| Барлығы |
15 |
— |
60 |
Exercises — 40%
| Практикалық тапсырма |
Балл |
| Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұны мен қажетті ақпаратын анықтау |
5 |
| Күнделікті тақырып бойынша диалог құру және жағдаяттық сөйлесім |
5 |
| Articles, Prepositions және Pronouns бойынша кешенді жаттығу |
5 |
| Simple, Continuous және Perfect Tenses бойынша практикалық жұмыс |
5 |
| Voice, Word Formation, Infinitive, Gerund және Participle бойынша жаттығу |
5 |
| Modal Verbs, Adjectives және Conditionals бойынша практикалық жұмыс |
5 |
| Reported Speech, Types of Questions және Nouns бойынша тапсырма |
5 |
| Relative Clauses, Word Order және Story Reading: мәтінді оқу, аудару және талдау |
5 |
| Барлығы |
40 |
Бағалау критерийлері
Тест тапсырмаларын бағалау
| Деңгей |
Көрсеткіш |
Балл |
| Өте жақсы |
Дұрыс жауаптар үлесі 90–100%; грамматикалық және лексикалық материалды толық меңгерген |
54–60 |
| Жақсы |
Дұрыс жауаптар үлесі 75–89%; негізгі материалды меңгерген, елеусіз қателері бар |
45–53,9 |
| Қанағаттанарлық |
Дұрыс жауаптар үлесі 50–74%; негізгі ұғымдарды біледі, бірақ тұрақты қателер жібереді |
30–44,9 |
| Қанағаттанарлықсыз |
Дұрыс жауаптар үлесі 50%-дан төмен; оқу материалы жеткілікті деңгейде меңгерілмеген |
0–29,9 |
Практикалық жаттығуларды бағалау
| Критерий |
Максималды үлесі |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
Қанағаттанарлықсыз |
| Грамматикалық дұрыстық |
15% |
Құрылымдар дұрыс әрі орынды қолданылған |
Елеусіз грамматикалық қателер бар |
Мағынаны қиындатпайтын бірнеше қате бар |
Көптеген қате мағынаны түсінуге кедергі келтіреді |
| Лексиканы қолдану |
10% |
Сөздік қоры бай және тақырыпқа толық сәйкес |
Лексика жеткілікті, қайталаулар аз |
Сөздік қоры шектеулі, бірақ негізгі ой түсінікті |
Лексика тапсырманы орындауға жеткіліксіз |
| Мазмұнның толықтығы |
8% |
Барлық талап толық әрі мазмұнды орындалған |
Негізгі талаптар орындалған |
Тапсырма жартылай орындалған |
Талаптардың басым бөлігі орындалмаған |
| Ойдың жүйелілігі және тілдік байланыс |
5% |
Ой жүйелі, сөйлемдер өзара дұрыс байланысқан |
Жалпы құрылымы дұрыс, ұсақ байланыс кемшіліктері бар |
Ойдың берілуі үзік және байланысы әлсіз |
Мәтін немесе сөйлеу жүйесіз әрі түсініксіз |
| Рәсімдеу және мерзімді сақтау |
2% |
Талаптарға сәйкес және уақытында тапсырылған |
Ұсақ рәсімдеу кемшіліктері бар |
Рәсімдеу талаптары жартылай сақталған немесе кеш тапсырылған |
Талаптар сақталмаған немесе жұмыс тапсырылмаған |
| Барлығы |
40% |
|
Оқу нәтижелері мен бағалау құралдарының сәйкестігі
| Оқу нәтижесі |
Бағалау құралдары |
| ОН 1 |
Тыңдалым бойынша практикалық тапсырма және ақпаратты анықтау жаттығулары |
| ОН 2 |
Диалог, жағдаяттық сөйлесім, оқиғаны сипаттау және ауызша практикалық жаттығулар |
| ОН 3 |
Мәтінді оқу, негізгі идеяны анықтау, мазмұндау және апталық тесттер |
| ОН 4 |
Апталық грамматикалық тесттер, сөйлемді түрлендіру, аударма және грамматикалық талдау тапсырмалары |
| ОН 5 |
Лексикалық-грамматикалық талдау, мәтінді бағалау және қорытынды практикалық тапсырма |