х.ғ.к., доцент
KazNU
Аналитикалық химия.Сапалық талдау
Курс туралы (About This Course)
«Аналитикалық химия. Сапалық талдау» курсы – аналитикалық химияның негізгі және іргелі салаларының бірі болып табылады. Ол заттардың құрамындағы компоненттерді анықтауға арналған қағидалар мен әдістер жүйесін қамтиды. Курс мазмұны 12 модульден тұрады және келесі маңызды тақырыптарды қамтиды: иондық тепе-теңдіктер, тұнба түзілу реакциялары, ерігіштік заңдылықтары, сондай-ақ катиондар мен аниондарды жүйелі түрде анықтау тәсілдері.
Курс барысында тыңдаушылар сапалық талдаудың теориялық негіздерін меңгерумен қатар, зертханалық жұмыстар арқылы практикалық тәжірибесін жетілдіреді. Зертханалық тәжірибелер бейорганикалық иондарды анықтаудың классикалық әдістерін қолдануға, бақылау дәлдігін арттыруға және реакция нәтижелерін ғылыми тұрғыда талдай білуге бағытталған.
Оқу үдерісінің нәтижесінде студенттер сапалық талдаудың логикалық жүйесін терең түсініп, реагенттерді дұрыс таңдау мен түрлі аналитикалық топтар үшін тиімді талдау сызбасын құрастыру дағдыларын қалыптастырады. Бұл курс аналитикалық химияның келесі сатылары – сандық талдау және аспаптық талдау әдістерін меңгеруге берік іргетас қалайды.
Талаптар (Requirements)
Курсты сәтті меңгеру үшін тыңдаушылардан келесі бастапқы білім мен дағдылар талап етіледі:
- Жалпы және бейорганикалық химия негіздері бойынша білім (химиялық байланыс түрлері, тотығу-тотықсыздану реакциялары, ерігіштік заңдылықтары);
- Қарапайым химиялық есептерді шығара алу және реакция теңдеулерін талдай білу қабілеті;
- Аналитикалық ойлау, дәлдікке ұқыптылық және зертханалық қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдылары.
Курс авторлары
х.ғ.к., доцент
х.ғ.к., доцент
Кудреева Лейла Кадирсизовна
х.ғ.к., доцент