Курс туралы
Курс ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласына кіріспе болып табылады. Курста АКТ-ның даму тарихы, заманауи қоғамдағы рөлі, компьютердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасы, адам мен компьютердің өзара әрекеттесу қағидалары қарастырылады.
Білім алушылар ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және ұсыну тәсілдерін меңгереді. Практикалық сабақтар мәтіндік құжаттарды дайындауды, электрондық кестелермен және дерекқорлармен жұмыс істеуді, веб-беттер құруды және цифрлық коммуникация құралдарын қолдануды қамтиды.
Курс аясында жасанды интеллект, генеративті модельдер, жасыл технологиялар, ақылды үй және электрондық технологиялар сияқты АКТ-ның перспективалық бағыттары да қарастырылады.
Курстың мақсаты
Білім алушылардың компьютерлік және цифрлық сауаттылығын қалыптастыру, информатиканың негізгі ұғымдарын меңгерту және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу, ғылыми, кәсіби және күнделікті қызметте тиімді әрі қауіпсіз қолдану дағдыларын дамыту.
Курстың міндеттері
- АКТ-ның негізгі ұғымдарын, даму кезеңдерін және қолданылу салаларын меңгерту.
- Компьютердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасының жұмыс істеу қағидаларын түсіндіру.
- Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
- Негізгі қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрету.
- Желілік және цифрлық коммуникация құралдарын қолдану дағдыларын дамыту.
- Ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық этика және дербес деректерді қорғау қағидаларын меңгерту.
- Жасанды интеллект пен генеративті модельдерді жауапты қолданудың негізгі тәсілдерімен таныстыру.
Оқыту нәтижелері
- АКТ-ның негізгі ұғымдарын, даму тарихын, құрылымын және қоғамдағы рөлін түсіндіреді.
- Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарын тиімді әрі қауіпсіз қолданады.
- Құжаттарды, электрондық кестелерді, дерекқорларды және қарапайым веб-беттерді әзірлейді.
- Желілік технологияларды, интернет-сервистерді және цифрлық коммуникация құралдарын қолданады.
- Жасанды интеллект пен генеративті модельдердің жұмыс істеу қағидаларын түсіндіреді және оларды оқу және кәсіби міндеттерді шешуде жауапты қолданады.
Оқыту нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары
ОН 1 индикаторлары
- ОН 1.1 – АКТ-ның негізгі терминдері мен ұғымдарын анықтайды.
- ОН 1.2 – АКТ-ның даму кезеңдері мен негізгі бағыттарын сипаттайды.
- ОН 1.3 – АКТ-ның қоғамдағы, білім берудегі, ғылымдағы және бизнестегі рөлін түсіндіреді.
ОН 2 индикаторлары
- ОН 2.1 – Компьютердің негізгі аппараттық құрылғыларын және олардың қызметін ажыратады.
- ОН 2.2 – Операциялық жүйе мен файлдық жүйенің мүмкіндіктерін қолданады.
- ОН 2.3 – Ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарын сақтайды.
ОН 3 индикаторлары
- ОН 3.1 – Мәтіндік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес әзірлейді.
- ОН 3.2 – Электрондық кестелерде формулаларды, функцияларды, диаграммаларды және деректерді талдау құралдарын қолданады.
- ОН 3.3 – Дерекқорлармен жұмыс істейді және қарапайым веб-бет әзірлейді.
ОН 4 индикаторлары
- ОН 4.1 – Компьютерлік желілер мен интернеттің жұмыс істеу қағидаларын түсіндіреді.
- ОН 4.2 – Бұлттық сервистерді және цифрлық коммуникация құралдарын қолданады.
- ОН 4.3 – Интернеттегі қауіпсіз және әдепті қарым-қатынас қағидаларын сақтайды.
ОН 5 индикаторлары
- ОН 5.1 – Жасанды интеллект пен генеративті модельдердің негізгі ұғымдарын түсіндіреді.
- ОН 5.2 – Генеративті жасанды интеллект жүйелеріне тиімді сұраныстар құрастырады.
- ОН 5.3 – Жасанды интеллект нәтижелерін сыни бағалап, академиялық адалдық пен цифрлық этика талаптарын сақтайды.
Курстың модульдік құрылымы
1-модуль. ҚР халқын цифрлық сауаттылыққа оқыту
2-модуль. АКТ-ға кіріспе
3-модуль. Негізгі қолданбалы бағдарламалық қамтама
4-модуль. АКТ саласындағы байланыс түрлері
5-модуль. Жасанды интеллект негіздері: генеративті модельдерден пәнаралық қолдануға дейін
Пререквизиттер
- Информатика пәні бойынша мектеп бағдарламасының базалық білімі.
- Компьютер мен мобильді құрылғыларды қолданудың бастапқы дағдылары.
- Интернеттен ақпарат іздеудің қарапайым дағдылары.
Постреквизиттер
- Кәсіби қызметтегі цифрлық технологиялар.
- Деректерді өңдеу және талдау.
- Ақпараттық жүйелер.
- Жасанды интеллект негіздері.
- Кәсіби бағыттағы қолданбалы бағдарламалар.
Білімді бақылау жүйесінің спецификациясы
| Бақылау түрі |
Мазмұны мен форматы |
Саны |
Тексерілетін ОН |
Максималды балл |
Үлесі |
| Модульдік тест |
Жабық, бірнеше жауапты, сәйкестендіру және реттілікті анықтау тапсырмалары |
5 |
ОН 1–ОН 5 |
30 |
30% |
| Зертханалық жұмыстар |
Бағдарламалық құралдарды қолданып орындалатын практикалық тапсырмалар |
7 |
ОН 2–ОН 5 |
70 |
70% |
| Барлығы |
|
12 |
ОН 1–ОН 5 |
100 |
100% |
Ескерту: бақылау тапсырмалары әр модульде орналастырылады және курс мазмұнының кемінде 10%-ын қамтиды.
Бағалау құрылымы
Тест тапсырмалары — 30%
Әр модуль бойынша бір тест өткізіледі:
| Модуль |
Балл |
| 1-модуль бойынша тест |
6 |
| 2-модуль бойынша тест |
6 |
| 3-модуль бойынша тест |
6 |
| 4-модуль бойынша тест |
6 |
| 5-модуль бойынша тест |
6 |
| Барлығы |
30 |
Зертханалық жұмыстар — 70%
| Зертханалық жұмыс |
Балл |
| Цифрлық мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қауіпсіздік |
10 |
| Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс |
10 |
| Мәтіндік құжат әзірлеу |
10 |
| Microsoft Excel бағдарламасында деректерді өңдеу |
10 |
| Microsoft Access бағдарламасында дерекқор құру |
10 |
| Қарапайым веб-бет әзірлеу және желілік сервистерді қолдану |
10 |
| Генеративті жасанды интеллект құралымен практикалық жұмыс |
10 |
| Барлығы |
70 |
Бағалау критерийлері
Тест тапсырмаларын бағалау
| Деңгей |
Көрсеткіш |
Балл |
| Өте жақсы |
Дұрыс жауаптар үлесі 90–100% |
27–30 |
| Жақсы |
Дұрыс жауаптар үлесі 75–89% |
22,5–26,9 |
| Қанағаттанарлық |
Дұрыс жауаптар үлесі 50–74% |
15–22,4 |
| Қанағаттанарлықсыз |
Дұрыс жауаптар үлесі 50%-дан төмен |
0–14,9 |
Зертханалық жұмыстарды бағалау
| Критерий |
Максималды үлесі |
Өте жақсы |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
Қанағаттанарлықсыз |
| Тапсырманың толық орындалуы |
25% |
Барлық талап толық орындалған |
Негізгі талаптар орындалған, ұсақ кемшіліктер бар |
Тапсырма жартылай орындалған |
Тапсырманың басым бөлігі орындалмаған |
| Нәтиженің дұрыстығы |
20% |
Нәтиже толық дұрыс |
Елеусіз қателер бар |
Бірнеше маңызды қате бар |
Нәтиже қате немесе алынбаған |
| Бағдарламалық құралдарды қолдану |
10% |
Құралдар дұрыс және тиімді қолданылған |
Қолдануда ұсақ кемшіліктер бар |
Оқытушының көмегімен қолданылған |
Құралдарды қолдану дағдысы көрсетілмеген |
| Нәтижені түсіндіру және талдау |
10% |
Нәтиже негізделіп, дұрыс талданған |
Талдау дұрыс, бірақ толық емес |
Үстірт талдау жасалған |
Талдау берілмеген |
| Рәсімдеу және мерзімді сақтау |
5% |
Талаптарға толық сәйкес және уақытында тапсырылған |
Ұсақ рәсімдеу кемшіліктері бар |
Рәсімдеу талаптары жартылай сақталған |
Талаптар сақталмаған немесе жұмыс кеш тапсырылған |
| Барлығы |
70% |
|
Оқыту нәтижелері мен бағалау құралдарының сәйкестігі
| Оқыту нәтижесі |
Бағалау құралдары |
| ОН 1 |
1 және 2-модуль тесттері |
| ОН 2 |
2-модуль тесті, аппараттық және бағдарламалық құралдар бойынша зертханалық жұмыс |
| ОН 3 |
3-модуль тесті, Word, Excel, Access және веб-бет бойынша зертханалық жұмыстар |
| ОН 4 |
1 және 4-модуль тесттері, желілік сервистер бойынша зертханалық жұмыс |
| ОН 5 |
5-модуль тесті, генеративті жасанды интеллект бойынша зертханалық жұмыс |