Перейти к основному содержимому

KazNU

Кәсіпкерлік


Курс туралы

«Психология» курсы тұлғаның психологиялық табиғаты, ұлттық сананың психологиялық негіздері, мотивация, эмоция, құндылықтар жүйесі және тұлғааралық қарым-қатынас туралы теориялық әрі практикалық білім қалыптастыруға бағытталған.

Теориялық материалдар, практикалық психологиялық жаттығулар және психодиагностикалық әдістер білім алушыға өзін тануға, жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалауға және өзінің психологиялық портретін құрастыруға мүмкіндік береді. Курс аясында қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас орнату психотехнологиялары, психологиялық денсаулықты сақтау және өзін-өзі реттеу тәсілдері меңгеріледі.

Курста стресс-менеджмент, эмоциялық және әлеуметтік интеллект, кәсіби өзін-өзі анықтау, имидж қалыптастыру, конфликт кезіндегі мінез-құлық модельдері мен тиімді коммуникация мәселелері қарастырылады. Алынған білім мен дағдылар күнделікті және кәсіби жағдайларды талдауға, психологиялық ресурстарды бағалауға және өзіне психологиялық көмек көрсету тәсілдерін қолдануға бағытталады.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың бағыты Ұлттық сана, тұлғалық даму, психологиялық денсаулық, қарым-қатынас және әлеуметтік интеллект
Құрылымы 5 тақырыптық блок
Оқыту тәсілдері Теориялық талдау, психодиагностикалық әдістер, психологиялық жаттығулар, семинар-тренингтер, жағдаяттық тапсырмалар және рефлексия
Бағалау жүйесі Test — 20%; Essay — 40%; Final test — 40%
Қалыптастырылатын дағдылар Өзін-өзі тану, психодиагностика, эмоциялық өзін-өзі реттеу, стресс-менеджмент, тұлғааралық коммуникация, конфликтіні басқару және психологиялық бағдарлама құрастыру

Курстың мақсаты

Мінез-құлық модельдерін талдау барысында эмоциялық және әлеуметтік интеллект, имидж және стресс-менеджмент ұғымдарын негіздеуге бағытталған бағдарлама құрастыру үшін психодиагностикалық әдістер мен психотехнологияларды қолдану арқылы ұлттық сананы дамыту контексіндегі тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі мен құндылықтар жүйесі туралы теориялық білім негіздерін қалыптастыру.

Курстың міндеттері

  • Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемінің психологиялық негіздерін түсіндіру.
  • Ұлттық сана, құндылықтар жүйесі және тұлғаның өзіндік анықталуы арасындағы байланысты ашу.
  • Тұлғаның жеке-дара және типологиялық ерекшеліктерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
  • Психологиялық денсаулық пен әлеуметтену үдерісін зерттейтін психодиагностикалық әдістерді меңгерту.
  • Тұлғааралық қарым-қатынас пен коммуникацияны талдауда психотехнологияларды қолдануға үйрету.
  • Конфликт жағдайларындағы мінез-құлық модельдерін анықтау және тиімді қарым-қатынас тәсілдерін таңдау дағдыларын дамыту.
  • Әлеуметтік интеллект пен жағымды имиджді қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастыруға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері (ОН)

Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы:

  1. ОН 1. Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ұлттық сана туралы теориялық білімін қалыптастырады.
  2. ОН 2. Құндылықтар жүйесі мен өзіндік анықталу негізінде тұлғаның психологиялық портретін түсіндіреді.
  3. ОН 3. Психологиялық денсаулық пен әлеуметтену үдерісін зерттеу үшін психодиагностикалық әдістерді қолданады.
  4. ОН 4. Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясын талдау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда психотехнологияларды пайдаланады.
  5. ОН 5. Тұлғаның мінез-құлық модельдерін талдау арқылы әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастырады.

Оқу нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары

ОН 1 индикаторлары

  • ОН 1.1 — тұлғаның мотивациялық саласын теориялық тұрғыдан түсіндіреді, қажеттіліктер пирамидасы мен мотивацияның әртүрлі құрылымдық сызбаларын құрады.
  • ОН 1.2 — тұлғаның эмоциялық күйлері арасындағы өзара байланысты анықтайды.

ОН 2 индикаторлары

  • ОН 2.1 — құндылықтар жүйесін зерттеген негізгі психологиялық теорияларды сипаттайды.
  • ОН 2.2 — өзіндік анықталу ұғымын тұлға психологиясы тұрғысынан түсіндіреді.
  • ОН 2.3 — құндылықтар жүйесі мен өзіндік анықталу негізінде тұлғаның психологиялық портретін құрастырады.

ОН 3 индикаторлары

  • ОН 3.1 — психологиялық денсаулықтың тұлғалық дамудағы рөлін анықтайды.
  • ОН 3.2 — психологиялық денсаулық пен әлеуметтенудің өзара байланысын талдайды.
  • ОН 3.3 — психологиялық денсаулық пен әлеуметтенуді зерттейтін психодиагностикалық әдістердің тиімділігін салыстырады.

ОН 4 индикаторлары

  • ОН 4.1 — тұлғааралық қарым-қатынас психологиясына негізделген психотехнологияларды қолданады.
  • ОН 4.2 — тұлғалық дамудағы қарым-қатынас пен коммуникацияның айырмашылығын түсіндіреді.
  • ОН 4.3 — тұлғаның коммуникативтік дағдылары мен коммуникация модельдеріне мысалдар келтіреді.

ОН 5 индикаторлары

  • ОН 5.1 — конфликт психологиясы негізінде тұлғаның мінез-құлық модельдерін құрады.
  • ОН 5.2 — әлеуметтік интеллект пен әлеуметтік табыстылықтың деңгейлері мен түрлерін сызба түрінде жүйелейді.
  • ОН 5.3 — әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру бағдарламаларын әзірлейді және жетілдіреді.

Силлабус

Силлабус 5 тақырыптық блоктан тұрады.

Блок Модуль атауы
I Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі ұлттық сананы қалыптастыру негізі ретінде
II Тұлғаның жеке-дара типологиялық ерекшеліктері және құндылықтар жүйесі
III Психологиялық денсаулық тұлғаның әлеуметтену үдерісінің негізі ретінде
IV Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясының теориялық негіздері
V Тұлғаның мінез-құлық модельдері әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру негізі ретінде

Пререквизиттер және постреквизиттер

Бөлім Мазмұны
Пререквизиттер «Мамандыққа кіріспе», «Философия», «Әлеуметтану», «Әлеуметтік психология».
Постреквизиттер «Тұлға психологиясы» және психологияның кәсіби бағыттағы басқа да базалық курстары.

Білімді бақылау жүйесінің спецификациясы

Бақылау түрі Форматы мен мазмұны Өткізу кезеңі Тексерілетін ОН Үлесі
Test Тұлға психологиясының негізгі ұғымдарын, теорияларын, психодиагностикалық әдістерін, қарым-қатынас пен конфликт заңдылықтарын білуге және түсінуге арналған тест тапсырмалары. Тақырыптық блоктар аяқталғаннан кейін ОН 1–ОН 4 20%
Essay Тұлғаның мотивациясы, эмоциялық әлемі, құндылықтары, психологиялық денсаулығы, әлеуметтік интеллекті немесе имиджі мәселелерінің біріне арналған аналитикалық-рефлексиялық эссе. Курс барысында ОН 1–ОН 5 40%
Final test Курстың барлық блоктары бойынша теориялық сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмаларды қамтитын кешенді қорытынды тест. Курс соңында 1 рет ОН 1–ОН 5 40%
Барлығы 100%

Бағалау құрылымы

Тапсырма түрі Үлесі Бағасы Өлшенген бағасы
Test 20% 0% 0%
Essay 40% 0% 0%
Final test 40% 0% 0%
Барлығы 100% — 0%
Қорытынды бағаны есептеу формуласы: Test × 0,20 + Essay × 0,40 + Final test × 0,40.

Бағалау критерийлері

Жалпы бағалау шкаласы

Деңгей Нәтиженің сипаттамасы Қорытынды балл
Өте жақсы Психологиялық ұғымдар мен теорияларды терең меңгерген; әдістерді орынды таңдайды; жағдаяттарды дербес талдайды; дәлелді қорытынды жасап, жоғары деңгейде рефлексия жүргізеді. 90–100
Жақсы Негізгі материалды сенімді меңгерген және оны практикалық жағдаяттарда қолданады; жекелеген дәлсіздіктер немесе толық ашылмаған тұжырымдар кездеседі. 75–89
Қанағаттанарлық Негізгі ұғымдарды түсінеді, бірақ талдауы фрагментті; психологиялық білімді қолдану, дәлелдеу және рефлексия жасау дағдылары жеткіліксіз. 50–74
Қанағаттанарлықсыз Негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгермеген; дербес талдау жоқ немесе жұмыс тапсырма мен академиялық адалдық талаптарына сәйкес келмейді. 0–49

Бақылау түрлері бойынша критерийлер

Бақылау түрі Критерий Компонент ішіндегі үлесі
Test Психологиялық ұғымдарды, теорияларды, әдістер мен заңдылықтарды білу 60%
Өзара байланыстарды түсіну және білімді қысқа жағдаяттық тапсырмаларда қолдану 40%
Essay Мәселенің қойылуы, тақырыптың және авторлық ұстанымның анықтығы 20%
Психологиялық ұғымдар мен теориялық ережелерді дұрыс қолдану 25%
Талдаудың тереңдігі, дәлелдердің негізділігі және қорытындылардың қисындылығы 30%
Практикалық мысалдарды, өзіндік талдау мен рефлексияны қолдану 15%
Құрылымы, академиялық стилі, дереккөздері және академиялық адалдығы 10%
Final test Курстың негізгі ұғымдарын, әдістерін және психологиялық заңдылықтарын білу 40%
Психологиялық құбылыстар арасындағы айырмашылықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсіну 30%
Жағдаяттық тапсырмаларды талдау және негізделген әрекет тәсілін таңдау 30%

Бағалау түрлерінің оқу нәтижелеріне сәйкестігі

Оқу нәтижесі Test Essay Final test
ОН 1. Мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктер ✓ ✓ ✓
ОН 2. Құндылықтар жүйесі және психологиялық портрет ✓ ✓ ✓
ОН 3. Психодиагностикалық әдістер ✓ ✓ ✓
ОН 4. Қарым-қатынас психотехнологиялары ✓ ✓ ✓
ОН 5. Әлеуметтік интеллект пен имидж бағдарламасы — ✓ ✓

Онлайн курстың авторлары туралы ақпарат

Course Staff Image #1

Нурманова Бикен Зейнулловна

Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 70-тен астам жарияланымның, соның ішінде «Экономика ілімдер тарихы» (2013), «Экономика негіздері. Практикум» (2018), «Basics of Economics» (2018) оқу құралдарының авторы. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 70-тен астам жарияланымның, соның ішінде «Экономика ілімдер тарихы» (2013), «Экономика негіздері. Практикум» (2018), «Basics of Economics» (2018) оқу құралдарының авторы. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.

Course Staff Image #1

Даулиева Галия Рахметовна

Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының жалпы саны 100-ге жуық. Соның ішінде 9 оқу құралдарының (5 бірлескен), 8 оқу-әдістемелік құралдардың, 4 ұжымдық монографиялардың авторы. 2020 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақтанның үздік ғылым кандидаты – 2020» төсбелгісімен, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен, «Рухани жаңғыру» МБ шеңберінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша бейнедәрістерді жасауға қатысқаны үшін «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ алғыс хатымен маратталған.

Course Staff Image #1

Табеев Талгат Пазильбекович

Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары 50 шамасында жарық көрді. Студенттік үйірме жетекшісі, факультетің қоғамдық әлеуметтік жұмыстарына белсенді қатысады.

Course Staff Image #1

Есенгелдиева Гульмира Токтасыновна

Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 20-дан астам жарияланымның авторы.

Course Staff Image #1

Андабаева Гульмира Кенжегалиевна

Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының доценті. Автордың 30 жуық ғылыми және методикалық еңбектері, оның ішінде «Кәсіпорын экономикасы» атты оқу құралы жарыққа шықты. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі.

Внести в список