Курс туралы
Бұл курс Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын, сондай-ақ оны қолданудың теориялық және практикалық мәселелерін зерделеуге бағытталған.
Курстың артықшылықтары мен ерекшеліктері
– Курстың негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық процесі туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Курс аясында қылмыстық процестің жалпы теориясы, қолданыстағы заңнама және құқық қолдану практикасы, сондай-ақ құқық нормаларын ресми түсіндіру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар азаматтарды, қоғам мен мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғауға бағытталған құқықтық тетіктерді қолдану дағдыларын, сот, анықтау, алдын ала тергеу және прокуратура органдарының қызметіне қатысты практикалық құзыреттерді қалыптастыру көзделеді.
– Курсты әзірлеудің кәсіби және институционалдық маңызы – пәндік саладағы ғылыми және практикалық білімді таратуға, жоғары оқу орнының академиялық беделін нығайтуға және оның білім беру брендін ілгерілетуге ықпал ету. Курс білім алушылардың қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды бейтарап, уақтылы әрі толық ашу және тергеп-тексеру, кінәлі адамдарды әшкерелеу мен қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауын қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану бағыттарындағы білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қылмыстық процесті жүзеге асыратын органдармен тиімді өзара іс-қимыл орнату мәселелеріне ерекше назар аударылады.
– Білім алушылардың бастамашылдығы мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту – курс оқу қоғамдастығында белсенді қарым-қатынас орнатуға, білім алушылардың өз идеяларын ұсынуына, бастамаларын іске асыруына және көшбасшылық дағдыларын көрсетуіне жағдай жасайды. Бұл ретте курс білім алушылардың кәсіби қызығушылықтарын, шығармашылық әлеуетін және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
– Оқу мазмұнын үздіксіз жетілдіру және инновациялық тәсілдерді енгізу – курс мазмұны білім беру саласындағы заманауи талаптар мен инновациялық педагогика қағидаттарын ескере отырып, жүйелі түрде жаңартылып отырады. Оқыту материалдарын ұсынудың әртүрлі тәсілдері зерделеніп, олардың ішінен білім беру нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді әдістер іріктеледі. Бұдан бөлек, курс басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары мен құқық қорғау органдарының жас қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқу құралы ретінде де пайдаланылуы мүмкін.
Курстың академиялық презентациясы
Курстың мақсаты
Курстың мақсаты – тыңдаушылардың Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасы, оны қолданудың теориялық және практикалық мәселелері туралы жүйелі білімін қалыптастыру, құқық қолдану практикасын талдау және қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар сот, прокуратура, тергеу және анықтау органдарының, сондай-ақ адвокат-қорғаушының кәсіби қызметінде кездесетін стандартты және күрделі, стандартты емес жағдайларды құқықтық тұрғыдан талдау, заңды әрі негізделген процестік шешімдер қабылдау құзыреттерін қалыптастыру көзделеді.
Күтілетін оқу нәтижелері
1-ОН. Кәсіби қызметте материалдық және қылмыстық-процестік құқықтың негізгі ұғымдарын түсіндіреді, қылмыстық-процестік қызметті реттейтін құқық нормаларын талдайды және оларды нақты құқықтық жағдайларда дұрыс қолданады.
2-ОН. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, прокуратура органдарының жоғары қадағалауын, адвокаттың білікті заң көмегін көрсетуін және сот төрелігін жүзеге асыруды реттейтін құқық нормаларын қолданады, осы салаларда кәсіби міндеттерді орындауға қажетті практикалық дағдыларды көрсетеді.
3-ОН. Қылмыстық процесте туындайтын құқықтық қатынастарды талдайды; процеске қатысуға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтайды; қарсылық білдіру, қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәлелдеу және мүліктік мәселелерді шешу жөніндегі процестік әрекеттердің құқықтық негіздерін айқындайды әрі оларды заң талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
4-ОН. Қылмыстық іске қатысты фактілер мен мән-жайларға құқықтық баға береді, оларды дұрыс саралайды және қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес процестік құжаттарды әзірлейді. Атап айтқанда, айыптау актісін, прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін, сот отырысының хаттамасын, қаулыларды, жеке қаулыларды, өтінішхаттар мен өзге де процестік құжаттарды ресімдейді. Конституциялық құқықтарды шектеуге байланысты процестік шешімдер қабылдау кезінде заңдылық талаптарын сақтайды.
5-ОН. Қылмыстық-процестік құқық нормаларын қолдану практикасын талдайды, құқық қолдану барысында туындайтын проблемаларды анықтайды және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлейді.
ОН-ге қол жеткізу индикаторлары
1.1 Қойылған міндетті шешу үшін материалдық және қылмыстық-процестік құқықтың негізгі түсініктерін айқындау.
1.2 Құқықтық норманың мағынасын түсіндіру.
1.3 Құқықтық нормаларды нақты жағдаймен салыстыра білу.
1.4 Құқықтық олқылықтарды анықтау, шешу.
2.1 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жоғары қадағалау, білікті заң көмегін көрсету, сот төрелігін жүргізу барысында қолдануға жататын құқық нормаларын айқындау.
2.2 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жоғары қадағалау, білікті заң көмегін көрсету, сот төрелігін жүргізу барысында қолдануға жататын құқық нормаларының олқылықтарын анықтау, шешу.
2.3 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жоғары қадағалау, білікті заң көмегін көрсету, сот төрелігін жүргізу барысын реттеуші құқық нормаларын дұрыс қолдану.
3.1 Заңдық маңызы бар нақты деректер мен мән-жайларды анықтау.
3.2 Анықталған фактілер мен мән-жайларды жіктеу.
3.3 Анықталған фактілер мен мән-жайларға құқықтық баға беру.
3.4 Құқықтық баға негізінде кеңестер беру, процестік әрекеттер жасау.
4.1 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жоғары қадағалау, білікті заң көмегін көрсету, сот төрелігін жүргізу барысында қолдануға жататын құқық нормаларын анықтау.
4.2 Процестік актілерді жасауға байланысты заң нормаларымен, әдістемелік нұсқаулықтармен танысып, құрастыру.
4.3 Айыптау, қорғау сөздерін жасауда сот шешендік өнерінің тәсілдерімен танысып, оларды қолдану.
5.1 Отандық және шетелдік қылмыстық-процестік құқық нормаларына сын көзбен баға беру.
5.2 Сот прецедентін жинастыру.
5.3 Қылмыстық-процестік құқық нормаларының практикада тиімді жүзеге асырылуының кепілдіктерін көрсету.
Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: Мемлекет жəне құқық теориясы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім).
Постреквизиттер: Адвокатура және адвокаттық қызмет, Криминалистика; Сот сараптамасы; Сот дәлелдемелер теориясы.
Ақпараттық ресурстар
Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған)
2. «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» 25.12.00 ж. ҚР конституциялық заңы // https://online.zakon.kz/
3. «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 05.11.2022 ж. Конституциялық заңы //http://adilet.zan.kz
4. ҚР-ның қылмыстық-процестік кодексі 04.07.2014 //http://adilet.zan.kz
5. Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 5.07.2018 ж. Заңы //http://adilet.zan.kz
Негізгі әдебиет:
1. Қылмыстық процесс: оқулық. 3-бас. қайта өңд. толық. / Ү. Нұрмашев. - Алматы: N-PRESS, 2022. - 468 б.
2. Когамов М.Ч. Комментарий к УПК РК. – Алматы: «Жеті Жарғы, 2015. – 352 с.
3. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік құқығы: дәрістер курсы / жалпы ред. Б.Х.Төлеубекова. – Алматы: Жеті жарғы, 2022. – 384.
4. Мухамадиева Г.Н. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жалпы бөлім): оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 162 б.
5. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік құқығы бойынша практикум: оқу-практикалық құралы / Б. Б. Арстанбаева, С. Н. Кадацкий, Ж. К. Нұрмағанбетова. - Алматы: ЖШС "Лантар Трейд", 2022. - 160 б.
Қосымша әдебиет:
1. Левченко О.В. Прокурорский надзор в досудебном производстве уголовного процесса Республики Казахстан, 2022 // https://cyberleninka.ru/article/n/prokurorskiy-nadzor-v-dosudebnom-proizvodstve-ugolovnogo-protsessa-respubliki-kazahstan
2. Төлеубекова Б.Х. Функции прокуратуры и их дифференциация по законодательству Республики Казахстан. Журнал зарубежного законодательства и сравнительного правоведения, 2021 // https://cyberleninka.ru/article/n/funktsii-prokuratury-i-ih-differentsiatsiya-po-zakonodatelstvu-respubliki-kazahstan