Skip to main content

Философия

  1. Факультет философии и политологии

  2. Classes Start

    Dec 18, 2019
  3. Конец курса

    May 31, 2020
  4. Нагрузка на неделю

    2 часа
  5. Цена за сертификат

    Free
  6. Статус

    Сейчас идет
  7. Язык курса

    Казахский
  8. Направление курса

    Гуманитарные науки Социальные науки

Курс туралы

«Философия» пәні болашақ мамандардың бойында тәуелсіз сыни ойлау түсінігін қалыптастыру мен маңызды дүниетанымдық ұғымдарды түсінуге бағытталған. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: Философияның пайда болуы мен дамуы. Философияның пәні мен әдістері. Философияның тарихи типтері. Әлемді философиялық түсінудің негізі. Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика. Сана мен тіл. Таным мен шығармашылық. Ғылыми және ғылыми емес білім. Ғылым мен техника. Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Өмір мен өлім. Өмірдің мәні. Этика. Құндылықтар философиясы. Еркіндік. Эстетика. Қабылдау және әсемдікті жасау. Қоғам мен мәдениет. Тарих философиясы. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – Қазақстанның жаңа философиясы.

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Ежелгі Үндістан, Қытай, Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер мынадай қабілеттерге ие болады: философияның тарихи даму шеңберінде метафизика мен онтологияның негізгі мазмұнын сипаттау; философиялық ойлау тұрғысындағы шындықтың ерекшеліктерін түсіндіру; дүниені танудың философиялық және ғылыми әдістерін жүйелеу; қазіргі дүниедегі адамның әлеуметтік және жеке басының құндылықтары ретінде негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу; кəсіби саладағы мəселелердің философиялық мазмұнын анықтауға жəне талқылауға арналған нəтижелерді ұсынуға байланысты зерттеулер жүргізу және т.б.

Курс мақсаты

Cтуденттердің бойында дүниеге көзқарастың ерекше формасы ретіндегі философия туралы тұтас жүйелі түсінік, оның негізгі бөлімдері, болашақ кәсіби әрекет шеңберінде оларды оқытудың әдістері мен мәселелері туралы түсінік қалыптастыру.

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Әлиев Шаттық Шалабайұлы

Философия докторы (PhD). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің «философия» мамандығын 2007 жылы үздік дипломмен бітірген. 2007-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де философия кафедрасының магистратурасында оқыды. 2010-2013 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің PhD докторантурасында «Философия» мамандығы бойынша оқыды.

2013 жылы 6D020100-Философия мамандығы бойынша «Ақпараттық қоғамдағы басқару: әлеуметтік-философиялық талдау» атты докторлық диссертация жұмысын қорғады. Докторантурада оқу барысында АҚШ-тың Техас Технологиялық Университетінің Философия департаментінде (Texas Tech University, Department of Philosophy, USA) ғылыми іс-тәжірибеден өткен. 4 ұжымдық монографияның, 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Scopus мәліметтер базасына кіретін журналдарда 2 мақаласы жарыққа шыққан. 2008 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет атқарады.
shattyk.aliyev@gmail.com

Course Staff Image #2

Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы

Философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасының аға оқытушысы. 2006-2010 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Шығыстану факультетінің, қытайтану бөлімінде білім алған. 2010-2012 жылдар аралығында Қазақ ұлттық университетінің, Шығыстану факультетінің магистратура бөлімінде оқыған.

2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Философия» мамандығы бойынша докторантура бөлімінде білім алып, «Конфуций мен И. Кант философиясының рухани-адамгершілік құндылықтарына салыстырмалы талдау» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Докторантурада оқу барысында Лос-Анджелес қаласының Оңтүстік Калифорния универитетінде ғылыми іс-тәжірибеден өткен. Ғылыми зерттеу тақырыптары: этика, Шығыс философиясы, Конфуцийшілдік, компаративистика. Халықаралық Scopus базасына кіретін журналдарда мақалалары жарық көрген.
nazgul.zhanysovna@gmail.com

Enroll