Курстың бағасы қанша?
Курс тегін, тек сайтқа тіркелу керек.
Курс туроперейтингті туристік өнімді қалыптастыру, ілгерілету және өткізу жөніндегі қызмет ретінде қарастырады. Онда туроператорлық қызметтің қалыптасуы мен құқықтық реттелуі, турөнімді жіктеу және жобалау, туроперейтинг экономикасы мен баға қалыптастыру, сондай-ақ туроператор жұмысында қолданылатын технологиялар: GDS, онлайн-платформалар, ЖИ, Big Data және блокчейн қамтылған. Практикалық сабақтарда тыңдаушылар тур идеясынан дайын пакетке дейінгі туроператордың жұмыс жолынан өтеді: технологиялық картасы бар маршрут әзірлейді, турдың өзіндік құны мен бағасын есептейді, ілгерілету арналарын таңдайды және агенттік желі құрады. Курс «Туризм» бағытындағы студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ туроператорлық және турагенттік компаниялардың қызметкерлеріне пайдалы. Алған білімді турларды қалыптастыру мен калькуляциялауда, жеткізушілермен және турагенттермен жұмыс істеуде, турөнімді ілгерілетуде және туроператордың тәуекелдерін басқаруда қолдануға болады. Курс аяқталған соң қатысушыларға сертификат беріледі. Сертификат алу үшін барлық тапсырмалар мен бағалау элементтері бойынша ең төменгі шекті мән 80 % болуы қажет.
Бәсекеге қабілетті туристік өнімді әзірлеу және ілгерілету дағдыларын игеру қабілеттілігін қалыптастыру. Тыңдаушылардың туризм, қонақжайлылық, экономика немесе менеджмент салаларында бакалавриаттан төмен емес дайындығы, туризм, экономика немесе маркетинг негіздері бойынша базалық білімі, сондай-ақ компьютермен және интернетпен жұмыс істеу дағдылары болуы қажет.
- Туроператорлық қызметтің мәнін, қалыптасу кезеңдерін және құқықтық реттелуін зерделеу.
- Туроперейтингте турөнімді жіктеу, жобалау және баға қалыптастыру қағидаттарын меңгеру.
- Туроператордың цифрлық құралдарын: GDS, онлайн-платформаларды, ЖИ, Big Data, автоматтандыру және блокчейн технологияларын игеру.
- Маршруттар мен турпакеттерді әзірлеу, турөнімнің калькуляциясын жасау және оны онлайн-арналар арқылы ілгерілету дағдыларын қалыптастыру.
- Туроператордың агенттік және серіктестік B2B желілерін құру, тәуекелдерді бағалау, тұрақты даму қағидаттары мен инновациялық форматтарды енгізу.
1. Турөнімді жобалау және баға қалыптастыру қағидаттарын негіздеу үшін туроперейтингтің мәні мен дамуын оның тарихи кезеңдері, құқықтық негіздері және турөнім жіктемесі арқылы зерделеп, түсінік қалыптастырады.
2. Туристік операцияларды оңтайландыру және клиентпен өзара әрекеттесуді жекелендіру үшін GDS жүйелері, онлайн-платформалар, ЖИ, Big Data және блокчейн құралдарының функционалдық мүмкіндіктерін талдай отырып, туроперейтингте цифрлық технологияларды қолданады.
3. Логистикалық және нарықтық параметрлерге талдау негізінде маршруттарды жобалау, калькуляция жасау және digital-ілгерілету стратегияларын құру арқылы турөнімдерді әзірлейді.
4. Өзгермелі нарық жағдайларына туроператорларды бейімдеу үшін B2B желілерін құру, тәуекелдерді бағалау және инновациялық форматтарды енгізу арқылы тұрақты даму мен серіктестік өзара іс-қимыл стратегияларын құрады.
ЖИ 1.1 – Туроперейтинг қалыптасуының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетіп, олардың заманауи индустрия үшін маңызын түсіндіреді.
ЖИ 1.2 – Туроператорлардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар мен лицензиялық талаптарды анықтайды.
ЖИ 1.3 – Турөнім түрлерін сұраныс ерекшеліктері мен мақсатты аудиторияны ескере отырып жіктейді.
ЖИ 1.4 – Баға қалыптастырудың логикалық негіздерін түсіндіріп, оларды турларды жобалауда қолдану мүмкіндігін көрсетеді.
ЖИ 2.1 – GDS және онлайн-платформалардың функционалдық мүмкіндіктерін талдайды.
ЖИ 2.2 – ЖИ пайдалана отырып, туроперейтинг саласында цифрлық шешімдерді модельдейді.
ЖИ 2.3 – Big Data деректерін интерпретациялап, оңтайлы маршруттар мен пайдаланушы қалауларын анықтайды.
ЖИ 2.4 – Туроператор процестерін оңтайландыруда автоматтандыру және блокчейн құралдарының мүмкіндіктерін көрсетеді.
ЖИ 3.1 – Мақсатты сегменттерге бейімделген маршруттар мен турпакеттерді жобалайды.
ЖИ 3.2 – Турөнімнің өзіндік құны мен соңғы бағасын есептейді.
ЖИ 3.3 – Онлайн құралдарды пайдалана отырып, турөнімді ілгерілетудің digital-стратегияларын қалыптастырады.
ЖИ 3.4 – Тұтынушылардың мінез-құлқын ескере отырып, ілгерілету арналары мен құралдарын таңдауды негіздейді.
ЖИ 4.1 – Туроператордың агенттік және серіктестік желісімен өзара әрекеттесу моделін құрастырады.
ЖИ 4.2 – Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени факторларды ескере отырып, тұрақты даму шараларын ұсынады.
ЖИ 4.3 – Туроператорлық қызметтегі ықтимал тәуекелдерді бағалап, оларға жауап беру механизмдерін әзірлейді.
ЖИ 4.4 – Туроперейтинг дамуының бағыттарын болжап, инновациялық өнім шешімдерін ұсынады.
1-модуль. Туроперейтинг негіздері және турөнімді жобалау.
1-дәріс. Туроперейтингтің мәні мен даму тарихы.
2-дәріс. Туроператорлық қызметті құқықтық реттеу.
3-дәріс. Турөнімді туроперейтинг жүйесінде классификациялау.
4-дәріс. Туристік өнімді жобалау және қалыптастыру.
5-дәріс. Туроперейтинг экономикасы және баға қалыптастыру принциптері.
2-модуль. Туроперейтингтегі цифрлық технологиялар және автоматтандыру.
6-дәріс. Туроперейтингтегі GDS және онлайн-платформалар.
7-дәріс. Туроперейтинг тәжірибесінде жасанды интеллектті қолдану.
8-дәріс. Туристік операцияларды басқарудағы Big Data.
9-дәріс. Туроперейтингтегі цифрлық автоматтандыру және блокчейн.
3-модуль. Туристік өнімді әзірлеу мен ілгерілетудің қолданбалы аспектілері.
10-дәріс. Онлайн-арналар арқылы туристік өнімді ілгерілету.
11-дәріс. Туристік маршруттар мен туристік пакеттерді әзірлеу тәжірибесі.
12-дәріс. Туристік өнімнің калькуляциясы.
4-модуль. Серіктестік, тұрақты даму және туроперейтинг болашағы.
13-дәріс. Туроператордың B2B желілерін құру.
14-дәріс. Туроперейтингтегі тұрақты даму және тәуекелдерді басқару.
15-дәріс. Инновациялық форматтар және туроперейтингтің болашағы.
Халықаралық туризм географиясы.
Туристік қызметтердің сапасын басқару.
География ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, рекреациялық география және туризм кафедрасының профессоры. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Геоэкология» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2002 ж. магистратураны бітірген. 2008 ж. география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды, ал 2025 ж. профессор ғылыми атағы берілді. 2024 ж. «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры дәрежесін алды. 2002–2007 жж. геоэкология және табиғатты пайдалану кафедрасының аға оқытушысы, 2007–2020 жж. рекреациялық география және туризм кафедрасының доцент м.а., 2020–2023 жж. осы кафедраның меңгерушісі болды. 2023 ж. бастап факультет деканы. 2015–2020 жж. қоса атқару тәртібімен ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2015–2022 жж. 35 ғылыми жобаның жетекшісі, жауапты орындаушысы және орындаушысы болды, соның ішінде «Туризмнің цифрлық контентін жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар және QR кодтар» (2020–2022), AP08855888 «Экологиялық туризмді аумақтық ұйымдастыру арқылы Қазақстанның ұлттық парктерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету» (2020–2022) және AP23490620 «Smart-технологияларды қолдануға негізделген Имантау-Шалқар курорттық аймағында туризмнің тұрақты дамуын басқаруды іске асыру» жобаларына жетекшілік етті. «Туроперейтинг» оқу құралының (2014) және Ж.М. Асиповамен бірлесіп жазылған «Туроперейтинг: тұжырымдамалық механизмдері» монографиясының (2020) авторы. 150-ден астам ғылыми жарияланымның және 50-ден астам авторлық куәліктердің авторы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2024) және «Туристік салаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2022) марапатталған, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері (2011, 2022).
PhD Candidate, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы. 2015 ж. ҚазҰУ-да «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2017 ж. магистратураны бітірді. 2019–2022 жж. ҚазҰУ Жоғары экономика және бизнес мектебінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ бойынша докторантурада оқыды. 2015–2020 жж. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» жобалар және коммерцияландыру жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді, 2016 ж. бастап университеттің ғылыми бөлімшелерінде зертханашыдан аға ғылыми қызметкерге дейінгі жолдан өтті. 2019 ж. бастап рекреациялық география және туризм кафедрасында сабақ береді, 2024 ж. – аға оқытушы. 2025 ж. бері Гонконг политехникалық университеті (PolyU) мен ҚазҰУ-дың Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы басқару комитетінің мүшесі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде туроперейтинг, жаһандық дистрибуциялық жүйелер (GDS), брондау жүйелері және туризм мен қонақжайлылықтағы цифрлық технологиялар бойынша пәндер жүргізеді. Ғылыми қызығушылықтары: смарт-туризм, туризм мен қонақжайлылықтағы ЖИ пен блокчейн, тұрақты туризм және дестинацияларды басқару, рекреациялық сыйымдылық. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы 19 ғылыми жобаға қатысты, соның ішінде AP23490620 «Smart-технологияларды қолдануға негізделген Имантау-Шалқар курорттық аймағында туризмнің тұрақты дамуын басқаруды іске асыру» жобасының жауапты орындаушысы, PolyU–ҚазҰУ орталығының P0059202 “Invisible (Shadow) Overload: Detecting Tourism Pressure through Digital Trace Analysis in Under-Instrumented Natural Landscapes of Central Asia” халықаралық жобасының тең жетекшісі (2025–2027). 120-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде Scopus және Web of Science базаларындағы 15-тен астам жарияланымның, 9 ұжымдық монографияның, 4 патенттің және 60-тан астам авторлық куәліктің авторы. Jurnal Geografi (Индонезия) журналының қауымдастырылған редакторы, International Journal of Hospitality & Tourism Management (АҚШ) журналы редакциялық алқасының мүшесі, Tourism Recreation Research (Q1), International Journal of Tourism Research (SSCI, Q1) және басқа да халықаралық журналдардың рецензенті. Kodolányi János University of Applied Sciences (Венгрия, 2016), Akdeniz University (Түркия, 2022), University of Shizuoka (Жапония, 2022), Universiti Putra Malaysia (2024) және University of Tsukuba (Жапония, 2025) университеттерінде тағылымдамадан, PolyU SHTM қысқы мектебінде (2025) оқудан өтті. «Алтын кітап» республикалық байқауының жеңімпазы, «Қазақстан жастарының алтын белгісінің» (2020) және «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2021» медалінің иегері, талантты жастарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты (2021), «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» (2024).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушы, докторанты. 2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2022 ж. магистратураны бітірді. 2020 ж. бастап «AZIM TOUR» туристік компаниясында менеджер болып жұмыс істейді. 2019 ж. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» жоба менеджері болды, 2022 жылдан бастап кафедрада сабақ береді. 2024 жылдан бастап «8D11102 – Туризм және қонақжайлық» БББ бойынша докторантурада оқиды. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы ғылыми жобаларға қатысты. Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми дерекқорларында индекстелетін журналдарда жарияланған ғылыми еңбектің авторы және бірлескен авторы. Ғылыми қызметкер ретінде экотуризм және ұлттық парктердің тұрақты дамуы, туризмнің цифрлық контентін жаңғырту бағыттарындағы ғылыми жобаларға қатысады. Педагогикалық қызметі барысында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ берген. Оның ішінде 2026–2027 оқу жылында «Туроперейтинг» пәнінен семинар сабақтарын жүргізеді. Erasmus+ бағдарламасы бойынша Будапешттегі Kodolányi János University of Applied Sciences-те (2018) академиялық ұтқырлықтан, магистратура бағдарламасы бойынша Антальядағы Antalya Bilim University-де (2022) тағылымдамадан өтті. 2024 жылы Малайзияның Universiti Putra Malaysia университетінде, 2025 жылы Жапонияның Цукуба университетінде, 2026 ж. Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Kadir Has University университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамалардан өтті. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында тұрақты туризм, экологиялық менеджмент және туристік аумақтардың дамуы бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы. 2015 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2017 ж. магистратураны бітірді. 2025 жылы «6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша «Туризмді тұрақты дамыту мақсатында Қазақстанның ұлттық парктеріндегі туристік-рекреациялық қызметтің мультипликативтік әсерін бағалау» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. Еңбек жолын 2014 жылы «Ark MS» қонақ үй кешенінде бастады. 2016–2017 жж. Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жоба зертханашысы, 2017–2018 жж. ҚазҰУ Инновациялар және зияткерлік меншік департаментінде жетекші маман болды, 2018 ж. бастап ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. Будапешттегі Kodolányi János University of Applied Sciences-те (2016), «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясында (2021), Малайзияның Universiti Putra Malaysia университетінде (2024), Жапонияның Цукуба университетінде (2025) ғылыми тағылымдамалардан өтті. Педагогикалық қызметі барысында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ берген. Оның ішінде 2021–2027 оқу жылдары «Туроперейтинг» пәнінен дәріс және семинар сабақтарын жүргізеді. Ғылыми қызығушылықтары: экотуризм және ұлттық парктердің тұрақты дамуы, әлеуметтік туризм, табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану, туризмнің цифрлық контентін жаңғырту. ТМД жастары арасындағы «Алтын кітап» байқауында «Үздік жас ғалым – 2021» номинациясының бірінші дәрежелі жеңімпазы, «Қазақстан жастарының алтын белгісінің» иегері.
PhD Candidate, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы. 2009 ж. ҚазҰУ-да «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2010 ж. магистратураны бітірді. ҚазҰУ-да «Туризм» мамандығы бойынша докторантурада оқиды, диссертация тақырыбы – «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында туризмнің тұрақты даму индикаторларын қалыптастыру». 2011–2015 жж. Narxoz университетінде аға оқытушы, 2015 ж. «Туризм» бағдарламасының директоры болып жұмыс істеді. 2013 ж. бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сабақ береді. Сарапшы-талдаушы ретінде Алматы қаласының «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығымен (2017) және «Open Travel Advisory» ЖШС-мен (2018, 2023, 2024), Алматы және Жетісу облысы туризм басқармасының жобаларында жұмыс істеді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде халықаралық туризм географиясы, туризм мен қонақжайлылықтағы жаһандық дистрибуциялық жүйелер (GDS), туроперейтинг, экологиялық туризм және басқа да пәндерді жүргізеді. Ғылыми қызығушылықтары: тұрақты туризм және экотуризм, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (ЕҚТА) рекреациялық жүктемені басқару, рекреациялық сыйымдылық, туризмнің тұрақты даму индикаторлары, дестинацияларды басқару, турист-резидент қарым-қатынасы. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы 4 ғылыми жобаның орындаушысы, соның ішінде «Экологиялық туризмді аумақтық ұйымдастыру арқылы Қазақстанның ұлттық парктерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету» (2020–2022) және «Рекреациялық сыйымдылықты бағалау және антропогендік әсерді азайту негізінде Қазақстан Республикасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдалану» (2021–2023) жобалары. 30-ға жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде Scopus базасындағы 4 мақаланың (Хирш индексі – 3), 3 оқу құралының (бірлескен авторлықта) және 5 авторлық куәліктің авторы. Суррей университетінде (Ұлыбритания, 2016) PhD бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті, Erasmus+ бағдарламасы аясында Я. Кодолани университетінде (Венгрия, 2019) дәріс оқыды. «Kazakh Tourism» АҚ ішкі туризм онлайн-академиясының Қазақстандағы экотуризмге арналған подкастының модераторы.
PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының доцент м.а. 2011 ж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген, 2020 ж. туризм саласы бойынша PhD дәрежесін алды. «7M11104 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» магистратура БББ әзірлеушілер тобының, география және табиғатты пайдалану факультетінің № 14 академиялық кеңесінің, Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) білім беру департаменті жұмыс тобының мүшесі. 50-ден астам ғылыми мақаланың, бірнеше оқу құралының және 10-нан астам авторлық куәліктің авторы. 2021 жылы Сеул ұлттық университеті жанындағы Chey Institute for Advanced Studies-те туризм саласында алты айлық ғылыми зерттеу жүргізуге арналған халықаралық грантты жеңіп алды. ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» және ҚР ЖОО қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қытай тілін HSK 3 деңгейінде біледі.
PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының профессор м.а., 2010 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Туризм» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ғылыми қызығушылықтары: тұрақты туризм, туристік аумақтарды басқару, рекреациялық сыйымдылық және әлеуметтік туризм. А.С. Актымбаевамен бірлесіп жазылған «Туроперейтинг: тұжырымдамалық механизмдері» монографиясының (2020) авторы. AP09260144 «Рекреациялық сыйымдылықты бағалау және антропогендік әсерді азайту негізінде Қазақстан Республикасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдалану» ғылыми жобасының жетекшісі. Халықаралық ғылыми жобалар мен гранттарға қатысады, шетелдік тағылымдамалардан өткен, халықаралық конференцияларда баяндама жасаған. Туризм бағыты бойынша PhD докторанттардың ғылыми жетекшісі.
Курстың бағасы қанша?
Курс тегін, тек сайтқа тіркелу керек.