Фотожурналист шеберлігі | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Фотожурналист шеберлігі


kaznu

Курс туралы

Фотожурналист шеберлігі бойынша жаппай ашық онлайн курсы, журналист мамандығында күндізгі бөлімде білім алып жүрген бакалавриат және жалпы БАҚ саласында қызмет етіп жүрген фототілшілерге бағытталған. Автордың тыңдаушыларға республикалық газет-журналдарда фототілші, фотожурналист ретінде 25 жылдық тәжірибелік және ҚазҰУ-дің журналистика факультетіндегі «Фотожурналистика» пәнінен 10 жылдық теория-практикалық білімдерімен бөлісу. Шығарған әдістемелік оқу-құрал, фотоэнциклопедия, альбомдарымды, сонымен бірге әлемдік деңгейдегі фоторепортерлардың жұмыстарын талқылау, сараптаулар арқылы сонымен қатар ұсынылып отырған лекцияларды игеру үшін, тапсырмалар мен тесттерді орындау арқылы емтиханды сәтті тапсыруыларына көмек беру.

Курстың құрылымы

І модуль. ФОТОГРАФИЯ ТАРИХЫ
ІІ модуль. ФОТОКАМЕРА ТҮРЛЕРІ
ІІІ модуль. ЭКСПОЗИЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
ІV модуль. КОМПОЗИЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
V модуль. ФОТОЖУРНАЛИСТИКА
VI модуль. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫ

Курстың академиялық презентациясы

Курс мақсаты

Күтілетін оқу нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студент қабілетті болады:
ОН 1 – Алғашқы фотографияның пайда болу тарихы мен Қазақстандағы даму жолдары арқылы құнды суреттердің негізін меңгереді.
ОН 2 – Фотокамераның құрылысын, басқару режимдерін меңгеру арқылы, фотоаксессуарларды, объективтерді орынды пайдалануды біледі.
ОН 3 – Экспозиция негіздерін дұрыс қолдану мен ақтық балансты табу арқылы, фотосуретке жарықты қажетті мөлшерде түсіруді үйренеді.
ОН 4 – Композиция негіздерін меңгеру арқылы, ойды, тақырыпты мағыналы жеткізу тәсілдерін шеше алады және Алтын қима ережесін,Фибоначчи сандарының түсірілімге әсер ету маңыздылығын біледі.
ОН 5 – Фотожурналистика тарихы мен жанрлары ерекшеліктерін талдау арқылы фотоақпарат,фоторепортаж жасау қабілетін қалыптастырады.
ОН 6 – Авторлық құқықтың сақталуы туралы теориялық білім негізінде фоторепорттердің кәсіби-әдеп қасиеттерін жоғары бағалайды және оны орынды ұстанады.

ОН жетудің индикаторлары (ЖИ)

ЖИ 1.1 Бейнелеу өнерінің негізінде фотография тарихының пайда болуын және фотокамера құрылысының жұмыс істеу процесін меңгереді.
ЖИ 1.2 Ресей жерінен тұңғыш келген фотографтың суреттері мен алғашқы бейнеге түскен қазақ тұлғаларының фотосуреттерін біледі.
ЖИ 2.1 Фотокамераның басқару режимдеріндегі «P», «TV», «AV», «M» кәсіби режимдерін меңгеру арқылы, шығармашылық түсірілімдер жасайды.
ЖИ 2.2 Керек-жарақтар, мен объективтерді жанрлар бойынша түсірілім қажеттілігімен пайдалана біледі.
ЖИ 3.1 Жарық мөлшеріне байланысты сезімталдықты мейлінше төмендетіп, диафрагма мен ұсталымды анықтық тереңдігі не жылдамдыққа байланысты қалыпқа келтіреді.
ЖИ 3.2 Ақтық балансты дұрыс таңдау арқылы, түстердің қанықтығын реттейді.
ЖИ 4.2 Суреттегі негізгі нысанды сәтті орналастыра отырып түстер мен көлемдер үйлесімділігінің шешу жолдарын меңгереді.
ЖИ 4.2 Фибоначчи санының табиғатта,адам дене-құрылыстарында жиі кездесетінін біледі.
ЖИ 5.1 Фотожурналистика саласындағы алғашқы пионерлердің еңбектерін саралай келе, бүгінгі фоторепортаждарды жасау жолдарын үйренеді.
ЖИ 5.2 Деректі фотоның өміршеңдігі мен болашақ тарих алдындағы өзектілігін ұғынады.
ЖИ 6.1 Өзгенің және өз туындыларының орынды падалану жолдары мен авторлық құқықтардың сақталу жолдарын меңгереді.
ЖИ 6.2 Фоторепортердің кәсіби әдебі мен ережелерін дұрыс сақтауды үйренеді.

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Операторлық шеберлік, Фотожурналистика, Мультимедиалық журналистика, Композиция негіздері

Ақпараттық ресурстар

1. Фомин А.В. Общий курс фотографии. М.- Лёгкая индустрия, 1977. - 336
2. Поллак П. Из истории фотографии. – М., 1983.- 295
3. Панфилова Н.Д. и Фомина А.А., «Искусство фотографии» М:, 1985г. 365с
4. Әбдірайымұлы А. «Фотожурналистика» оқу-әдістемелік құралы.Алматы.- Қазақ университеті баспасы,2016.-112
5. Бояров П.И., Лобко В.Д. Фотография (Энциклопедический словарь), М. 1992, - 397
6. Джон Хеджкоу. Фотографии Hi класса. М., Омега, 2004, - 160.
7. Брайан Дилг.Фотография за 30 секунд.Москва. Рипол классик 2015,-120
8. Лапин А.И. Фотография как. М., Издательство Московского университет, 2003.
9. Литвинов Н.Н. «Я люблю цифровую фотографию» уч.пособ. М:, 2002 г, 448 с.
10. Исақов Ә.. Көркемдеу құралынан күрделі салаға. Алматы 2003.
11. Килпатрик Д. «Свет и Освещение» Москва. «Мир» 1998.
12. Фельдман Я.Д., Курский Л.Д.. «Техника и технология фотосъемки» уч.пособ.М;.1981 г,240 с.
13. Әбдірайымұлы А. «Қазақ фотошежірешілері. Тарих,дерек,өнер. Алматы. Қазақ университеті баспасы.2018.
14. www.boniga.ru
15. www.worldpressphoto.org.
16. .https://prophotos.ru.
17. http://www.photomanual.ru.
18. www.negativ.kz
19. www.photooner.kz

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

MZh2301 Мультимедиалық журналистика
OM3303 Операторлық шеберлік

Курс авторы

Course Staff Image #1

Абдраим Асылхан Әбдірайымұлы

1960 жылы Түркістан қаласында дүниеге келдім. 1988 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ(қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) инженер-гидролог мамандығы бойынша бітірдім. 1990 жылға дейін университетте жас маман ретінде кандидаттық диссертациям бойынша, ғылыми жұмыстармен айналыстым. 1990-2015 жылдар аралығында республикалық БАҚ-да фототілші қызметін атқардым. 2012 жылдан ҚазҰУ-да ұстаздық етудемін, педагогикалық стаж 9 жыл. 2010 жылдан бастап бүгінгі күндері «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Электронды пошта – fotooner@mail.ru.

Enroll