Skip to main content

Python бағдарламалау тілі

  1. Факультет информационных технологий

  2. Classes Start

    Jun 22, 2020
  3. Конец курса

    Sep 30, 2020
  4. Нагрузка на неделю

    2 часа
  5. Длительность курса

    5 недель
  6. Цена за сертификат

    Free
  7. Статус

    Сейчас идет

Курс туралы

«Python бағдарламалау тілі» курсы жоғары оқу орындарының информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер және т.б. мамандықтардың студенттеріне және 9-11 сынып оқушыларына арналған. Python бағдарламалау тілі ең қарапайым және танымал тілдердің бірі. Python - өндірушінің өнімділігін артыратын, қуатты және кодты оқу қабілеттілігін жақсартуға арналған жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі. Студенттер мен оқушылар бағдарламалау парадигмаларының негіздерімен: процедуралық, функционалдық және объектілі-бағдарланған бағдарламамен танысады. Курстың барысында студенттер мен оқушылар Python бағдарламалау тілі меңгереді, тероиялық білімді практикада қолдана алатын деңгейге жетеді.

Мақсаты

Деректерді талдаудан жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге дейінгі кең ауқымды міндеттерді шешуге пайдалы болатын Python тілінің негізгі құрылымдарын зерттеу. Нәтижесінде курстың тыңдаушылары сандар, мәтіндер мен олардың жинақтарын өңдеу және сақтау әдістерін үйренеді, стандартты Python кітапханаларын меңгереді және деректерді жинауға және өңдеуге арналған тапсырмаларды автоматтандыруға қабілетті болады. Курстан Python бағдарламалау тілін машина оқыту, статистикалық деректерді өңдеуді, деректерді визуализациялауды және тағы басқа мамандандырылған бағыттарды меңгеру үшін қажетті базаны ұсынады.

Құрылымы

1-апта. PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ
2-апта. PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3-апта. ФУНКЦИЯ
4-апта. ТІЗІМДЕР ЖӘНЕ КОРТЕЖДЕР
5-апта. СӨЗДІКТЕР ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚҰРЫЛЫМДАУ

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Балакаева Гульнар Тултаевна

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
М.И.Калинин атындағы политехникалық физика-механика факультетін (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университетін) бітірген.
1977 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де біліктілікті арттыру институтының оқу және ғылыми жұмыстары бойынша директор орынбасары, информатика кафедраның меңгерушісі, доцент, департамент директоры, оқу ісі жөніндегі проректоры және ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған, қазіргі уақытта информатика кафедрасында оқытушы-профессор болып қызмет атқаруда.
ҚазҰУ-де кандидаттық (1985 ж.) және докторлық (1999ж.) диссертацияларын қорғаған.
Ақпараттық технологиялардың дамуына қосқан белсенді жұмыстары –Өңірлік/Жергілікті "Cisco" Академиясын, "Қазақстан – Үнді ақпараттық технологиялар орталығын, Microsoft Академиясын басқарып және Қазақстан-Британ техникалық университеті ақпараттық технологиялар факультетінде декан қызметін атқарды.
Tempus бойынша 4 республикалық және халықаралық ғылыми жобалардың басшысы. Халықаралық бағдарлама бойынша 3 ғылым кандидатын және 3 PhD докторанттарын дайындап шықты, қазіргі уақытта докторанттар (PhD) мен магистранттарға жетекшілік жасауда.
ҚР БҒМ "ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2006" грант иегері атанды. Балақаева Г.Т. халықаралық журналдарда редакция алқасы және докторлық диссертация кеңесінің мүшесі. Қазіргі таңда 80-ге жуық ғылыми жұмыстары мен 6 оқу пособиялары жарияланған.
Ғылыми-педагогикалық жұмысының стажы 40 жыл.
e-mail: gulnardtsa@gmail.com

Course Staff Image #2

Омарова Перизат Танирбердиевна

Жаратылыстану ғылымдараның магистрі, оқытушы, Информатика кафедрасының PhD докторанты.
Қазіргі таңда 2015 жылдан бастан әль-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультеті, информатика кафедрасында оқытушы қызметін атқаруда.
Бакалаврда «Мұнай айдаушы насостық құрылғылардың электр қуатын үнемдеу жағдайын есептейтін компьютерлік бағдарлама», магистратурада «Ақмола облысы аймағының шөлге айналуын болжайтын компьютерлік бағдарлама құру» атты тақырыптарда дипломдық жұмыстарын қорғаған. «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» және «Қазақстан Республикасы аумағында шөлейттену үдерістері өзгерістерін бақылау, талдау мен болжаудың әдістерін, үлгілерін және геоақпараттық технологияларын дайындау» ғылыми жобаларда кіші ғылыми қызметкер болып жасаған. Қазіргі таңда 17-ге жуық ғылыми жұмыстары жарияланған.

e-mail: omarova.peryzat2@gmail.com

Course Staff Image #2

Спашев Нуркен

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті информатика кафедрасының магистранты.
Магистратурада «Python бағдарламалау тіліне электронды оқулық» атты тақырыбына дипломдық жұмысын қорғаған. Қазіргі таңда 3 ғылыми жұмыстары жарияланған.

e-mail: s.nurken92@gmail.com

Enroll