Операциялық жүйелер | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Операциялық жүйелер


FIT

Курс жайында

        Операциялық жүйелер бағдарламалық жасақтаманың ең күрделі түрлерінің қатарына жатады. Бұл олардың әзірлеушілерінің жүйелерді ыңғайлылық пен тиімділік талаптарын қанағаттандыратын және әлі де даму қабілетін жоғалтпайтын етіп жасауға деген ұмтылысын көрсетеді. Операциялық жүйелерді дамыту процесінде төрт негізгі бағытта зерттеулер жүргізілді: процестер; жадыны басқару; ақпаратты қорғау және қауіпсіздік; ресурстарды жоспарлау және басқару. Осы бағыттардың әрқайсысын күрделі практикалық мәселелерді шешуге арналған абстракт принциптер жиынтығымен сипаттауға болады.

       "Операциялық жүйелер" курсында операциялық жүйелерді жобалау мен іске асырудың негізгі принциптері сипатталған. Курс "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыты бойынша білім алатын студенттерге арналған "Операциялық жүйелер"семестрлік курсына негізделген. Курсқа кең иллюстрациялық материалдармен дәрістер және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, интерактивті элементтері бар практикалық сабақтар, әр бөлімнің соңында тест тапсырмалары және қорытынды аттестаттау кіреді. Теориялық бөлім 15 дәрістен және келесі бөлімдерден тұрады: компьютер архитектурасына кіріспе, процестерді басқару, процестердің өзара әрекеттесуі, бұғатталу мәселелері, жадыны басқару, жадыны ұйымдастыру, файлдық жүйені басқару, енгізу-шығару жүйесінің сипаттамасы, таратылған жүйелердегі процестерді басқару, операциялық жүйелердің қауіпсіздігі. Әрбір теориялық тараудың соңында ең маңызды ұғымдар мен идеялар келтірілген, өзін-өзі бақылау үшін қолдануға болатын тесттер жиынтығы келтірілген. Практикалық сабақтардың материалдары дәріс курсын толықтырады және теориялық білімді бекіту және операциялық жүйені басқарудың негізгі алгоритмдерін жүзеге асыру дағдыларын игеру үшін қолданылады. Іс жүзінде процестерді ұйымдастыру, олардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі тәсілдері, файлдық жүйенің құрылғысы, енгізу-шығару жүйесі, желілік бағдарламалаудың басталуы қарастырылады.

Курс құрылымы

I Модуль. Процестерді басқару.

II Модуль. Жадыны басқару.

III Модуль. Файлдар, кіріктірілген жүйелер және қауіпсіздік.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Операциялық жүйелерді жобалау мен енгізудің негізгі принциптерімен таныстыру, операциялық жүйелер тұжырымдамасы бойынша негізгі теориялық білімдер жүйесін және заманауи операциялық жүйелерді жобалау мен дамытудың негізгі принциптері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Оқытудан күтілетін нәтижелер (ОН)

ОН1 Операциялық жүйелердің мақсатын, функцияларын, жіктелуін, операциялық жүйелерді жобалаудың негізгі принциптерін сипаттауды түсіну

ОН2 Компьютерлік ресурстарды басқару принциптері, заманауи операциялық жүйелерді дамыту технологияларын білу

ОН3 Процестер мен ағындардың мәнін, мультипрограммалау және көп ағынды принциптерді қолдану

ОН4 Процестерді, жадыны, дискілерді басқарудың негізгі алгоритмдерінің жұмысын талдау

ОН5 Процестерді жоспарлау мен синхрондаудың, жадыны басқарудың, дискіні жоспарлаудың негізгі алгоритмдері негізінде операциялық жүйелер модульдерінің прототиптерін құру

Қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

ЖИ1.1 процесстер мен ағындар мәнін, мультипрограммалау мен көпағындылықты сипаттау

ЖИ1.2 аппараттық құрылғыларды қосу және конфигурациялауды ұйымдастыру

ЖИ2.1 құрылғыларды, аппараттық драйверлерді, желілік операциялық жүйелерді қолдауды ұйымдастыру тәсілдерін түсіну

ЖИ2.2 операциялық жүйелерді құру принциптерін қалыптастыру

ЖИ3.1 операциялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу.

ЖИ3.2 өз қызметін сыни бағалау

ЖИ4.1 кәсіби мәселелерді қою және шешу үшін қажетті ақпаратты талдау және бағалау

ЖИ4.2 ақпараттық жүйе деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді салыстыру

ЖИ5.1 топта жұмыс жасау, топтық жобаларды жүзеге асыру

ЖИ5.2 операциялық жүйелердің мақсаты, құрамы және жұмыс істеуі туралы теориялық білім алу

Пререквизиттер

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Бағдарламалау»

Постреквизиттер

«Компьютерлік желілер», «Алгоритмдер және деректор құрылымы», «Мәліметтер қоры», «Деректерді интеллектуалды талдау»

Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары

6В071 – Инженерия және инженерлік іс

6В061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Тюлепбердинова Гульнур Алпыскызы

Курс жетекшісі

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ассоциированный профессор. Ақпараттық технологиялар факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының доценті. Гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі. Ғылыми мақалалардың авторы

Course Staff Image #1

Мансурова Мадина Есимхановна

Курстың құрылымы мен мазмұнына жауапты

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ақпараттық технологиялар факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының меңгерушісі. Erasmus+ CBHE, Erasmus+ ACM халықаралық гранттарының жауапты орындаушысы. Ғылыми мақалалардың авторы

Course Staff Image #2

Абдиахметова Зухра Муратовна

Курста видеодәріс, тәжірибелік жұмыстар құрылымына жауапты

PhD, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға-оқытушысы. Ғылыми мақалалардың авторы

Course Staff Image #2

Газиз Гульнур Газизқызы

Курс бойынша методист, курсқа қажет теориялық материалдарды дайындауға жауапты

Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, Магистр. 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Көптеген ғылыми жобалардың қатысушысы.

Course Staff Image #2

Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы

Курс бойынша методист, тақырыптарды бекітуге және қорытынды бағалауға арналған тексеру тапсырмаларын құруға жауапты

Ақпараттық технологиялар факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. «Операциялық жүйелер» пәнінен семинар және практикалық сабақтар жүргізу тәжірибесі бар.

Course Staff Image #2

Нұрғазы Нұрбол Нұрматұлы

Курста тәжірибелік жұмыстарға жауапты

Ақпараттық технологиялар факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы, «Операциялық жүйелер» пәнінен семинар және практикалық сабақтар жүргізу тәжірибесі бар.

  1. Course Number

    OS
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    03:15

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.
Enroll