Курстың қысқаша сипаттамасы
Курс тыңдаушылары:
- Заманауи білім беру Smart технологияларымен танысады.
- Smart Boards интерактивті жабдықтарын пайдаланудың әртүрлі нысандары туралы біледі.
- Оларды білім беру процесіне енгізуді үйренеді.
- Білім беру технологияларының ландшафтын өзгертетін білім беру трендтерін меңгереді.
Курстың мақсаты
SMART технологияларды білім берудің жаңа әдістері мен болашақ кәсіби қызметте қолданылуын меңгеру.
Курс міндеттері
- инновациялық білім беру Smart технологиялары мен білім беру трендтерінің негізгі идеялары туралы алған білімдерін көрсетуін қамтамасыз ету;
- өз пәнінің мазмұнын қалыптастыру мақсатында ойлауды визуализациялау техникасын (менталдық карталар) қолдануын қалыптастыру;
- Activinspire және Smart Notebook 15 көмегімен дидактикалық ойындар құру және оларды болашақ немесе қазіргі кәсіби қызметте білім беру процесіне енгізуін ұйымдастыру;
- ақпаратты алу, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну және алмасу мақсатында Smart технологияларын пайдаланудың базалық дағдыларын, сондай-ақ Интернет арқылы қызметтің кәсіби саласында қарым-қатынас жасау және бірлесіп қатысу дағдыларын меңгеруін дамыту;
- оқу процесінде интерактивті құрылғыларды пайдалана отырып, оқушылардың біліміне мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Курс бойынша оқу нәтижелері
1. Инновациялық білім беру Smart технологиялары мен білім беру трендтерінің негізгі идеялары туралы алған білімдерін көрсету.
2. Өз пәнінің мазмұнын қалыптастыру мақсатында ойлауды визуализациялау техникасын (менталдық карталар) қолдану.
3. Activinspire және Smart Notebook 15 көмегімен дидактикалық ойындар құру және оларды болашақ немесе қазіргі кәсіби қызметте білім беру процесіне енгізу.
4. Ақпаратты алу, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну және алмасу мақсатында Smart технологияларын пайдаланудың базалық дағдыларын, сондай-ақ Интернет арқылы қызметтің кәсіби саласында қарым-қатынас жасау және бірлесіп қатысу дағдыларын меңгеру.
5. Оқу процесінде интерактивті құрылғыларды пайдалана отырып, оқушылардың біліміне мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру.
Нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
ЖИ 1.1 Ақылды білім берудің заманауи моделі мен ақылды технологияның сипаттамаларын анықтау;
ЖИ 1.2 оқытуда конструктивті тәсілді қолдану.
ЖИ 2.1. Өзі оқитын пәннің мазмұнын қалыптастыруда менталды карталарды, уақыт сызықтарын, скриншоттарды пайдалану;
ЖИ 2.2. менталды карталарға салыстырмалы талдау жасау.
ЖИ 3.1 Оқу процесіне Аctiveinspire, Smart Notebook 15 ойын технологияларын енгізу;
ЖИ 3.2 - ActivInspire, Smart Notebook 15 көмегімен бейресми оқыту негіздерін анықтау.
ЖИ 4.1 – ActivInspire, Smart Notebook 15 орталарында әдістемелік құралдарды дайындау;
ЖИ 4.2 - SMART Lab кластарын құру.
ЖИ 5.1 - ActivInspire, SMART Notebook 15 тесттер мен сауалнамалар құру;
ЖИ 5.2 – SMART Notebook 15 емтихандарды ұйымдастыру.
Курс құрылымы
Курс төрт модульден тұрады:
1-модуль. Заманауи білім беру технологиялары.
2-модуль. Оқыту процесінде интеллектуалды карталарды пайдалану.
3-модуль. Activinspire көмегімен Smart Boards үшін оқу материалын әзірлеу.
4-модуль. Smart Notebook 15 көмегімен Smart Boards үшін оқу материалын әзірлеу
Курс соңында қорытынды бақылау тесті қарастырылған. Тыңдаушылар қорытынды тесттен 60% жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда курсты сәтті аяқтап, сертификат алады.
Пререквизиттер
ICT; Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері; Информатиканы оқытудың қазіргі заманғы мәселелері.
Постреквизиттер
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білімді бағалаудың заманауи әдістері; магистранттың ғылыми- зерттеу жұмысы.
Авторлар туралы
Рахимжанова Ляззат Болтабаевна
Педагогика ғылымдарының кандидаты (Ph.D), доцент (associate professor), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессор міндетін атқарушы.
2002 жылы «Информатика сабақтарында математикалық модельдеу мен есептік эксперимент әдіснамасы туралы түсініктерді қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 2009 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағын алды.
Информатиканы оқыту әдістемесі мен білім беруді ақпараттандыру саласында 120-дан астам ғылыми еңбек жариялаған, соның ішінде 1 монографияның, 6 оқұлық, 5 оқу құралының авторы, цифрлық сауаттылық курсын бағдарламалық қолдауға арналған 3 авторлық куәліктің иегері. Екі тілде дәріс оқиды. Қазақ, орыс тілінде информатикамен байланысты оқу пәні және ғылым ретінде дамуына елеулі үлес қосуда.
Білім беру, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады, ҚР жоғары және орта білімін ақпараттандырудың теориясы мен практикасы, информатиканы оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, интернет-порталдарды әзірлеу салаларында жұмыс істейді, информатика пәні бойынша оқулықтардың авторы болып табылады. Еңбек тәжірибесі – 30 жыл. ҚР БжҒМ грантының жетекшісі: ИРН AP19678207 “Инклюзивті білім беру жағдайындағы бастауыш мектепке арналған «Цифрлық сауаттылық» курсына қосымша шындық технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық-әдістемелік қолдауын зерттеу және әзірлеу” (2023-2025 жж.). 2024 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен аль-Фараби ат. ҚазҰУда марапатталған.
Мадьярова Гульнар Атыхановна
Педагогика ғылымдарының кандидаты (Ph.D), , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің компьютерлік ғылымдар кафедрасының ассистент-профессоры.
2009 жылы «Информатиканы оқытуда ақпараттық комминикациялық технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Информатиканы оқыту әдістемесі мен білім беруді ақпараттандыру саласында 100-дан астам ғылыми еңбек жариялаған, соның ішінде 4 оқулық, 6 оқу құралының авторы, 2 цифрлық білім беру ресурсының және біілм беруге арналған деректерді өңдеуді бағдарламалық қолдауға арналған 1 авторлық куәліктің иегері. Екі тілде дәріс оқиды. Қазақ, орыс тілінде білім беру саласын ақпараттандыру және цифрландыруға, білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдануға байланысты оқу пәні және ғылым ретінде дамуына елеулі үлес қосып еңбек етуде.
Білім беруді ақпараттандыру, цифрландыру, оқу сапасын арттыру мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады, ҚР жоғары және орта білімін ақпараттандырудың теориясы мен практикасы, информатиканы оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, интернет-порталдарды әзірлеу салаларында еңбек етеді, информатика пәні бойынша оқулықтардың авторы болып табылады. Еңбек тәжірибесі – 35 жыл. Қазақстан республикасының жоғару оқу орнынынң үздік оқытушысы -2010ж., Болашақ президент стипендиясының иегері -2013ж.
Курс бойынша жиі қойылатын сұрақтар
1. Курс қалай ұйымдастырылған?
Курс төрт модульден тұрады және әр модульде бейне дәрістер, презентациялар, конспектілер, қосымша материалдар және бекіту тесттері ұсынылады.
2. Курс материалдарына қалай қол жеткізуге болады?
Барлық оқу материалдары онлайн платформада қолжетімді және әр модульге сәйкес бөлімдерде орналасқан.
3. Форум не үшін қажет?
Форум әр модуль бойынша пікір алмасу, сұрақ қою және оқытушымен/қатысушылармен кері байланыс орнату үшін қолданылады.
4. Бекіту тесттері қалай өткізіледі?
Әр дәріс соңында тақырыптарды бекітуге арналған тесттер онлайн түрде орындалады.
5. Қорытынды бақылау қалай өтеді?
Курс соңында тест түрінде қорытынды бақылау өткізіледі.
6. Сертификат алу үшін қандай талап бар?
Қорытынды тесттен 60% жоғары нәтиже көрсеткен тыңдаушыларға сертификат беріледі.