Перейти к основному содержимому

KazNU

Қазақстан музейлері


Курс туралы

Тыңдаушыларды Қазақтанда тіркелген 275 музей, олардың атқаратын қызметі мен ерекшеліктері жайлы айтылады, пәнаралық (тарих, археология, мәдениеттану) байланыстарды ескере отырып, оны этнографиялық экспедицияда пайдалана білу. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қажетті әдебиеттерді саралауға, салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып оқиғаны бағалауға, зерделеуге, музей мен ескерткіштерге қатытысты терминдер мен негізгі ұғымдармен танысып, курс барысында қолдана біледі. Тыңдаущыларға еліміздергі музейлердің шығы тарихын үйрету.
Қазақстандағы музейлерге байланысты заманауи жаңа тәсілдерін меңгеруге қажет теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру. Жаңа технологиялады пайдалана отырып әлеуметтік желілер арқылы музеографиялық зерттеудерді жан-жақты жүргізуге. Қазақстан музейлері курсы тыңдаушыларға танымдық, мәдени, ақпараттық білімдерін жетілдіруге бағыт-бағдар береді. Музей қызметкерілерінің кәсіби біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы мәліметі бойынша Қазақстанда 275 музей тіркелген. Қазақстан республикасы музейлер қорында төрт миллионнан астам музей жәдігерлері. Үш жүз алпыс мыңнан астам ұлттық мәдени игілік нысандары және еліміздегі музейге келушілердің саны бір миллионнан асады. Осы статистикалық мәліметтерге сүйенсек еліміздегі музейлерге сұраныс артуда.

Курстың құрылымы

Модуль 1. Қазақстан музейлерінің тарихы мен даму ерекшеліктері
Модуль 2. Қазақстандағы ірі мемлекеттік музейлер
Модуль 3. Музей бағыттарының ерекшеліктері

Курстың мақсаты

Бұл пәнді оқытудың мақсаты тыңдаушылардың Қазақстандағы музейлерінің тарихы, атқаратын қызметі жайлы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Оқушылар оның негізгі кезеңдері, республика аумағында алғашқы мәдени ошақтардың пайда болуы, заманауи музей желісі және ірі музей мекемелерінің қызметі туралы біледі. Отандық музей ісінің ерекшеліктері мен оның спецификасы осы пән аясында қарастырылатын болады.

Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)

ОН 1 – Қазақстандағы музейлерінің дамуы, негізгі ерекшеліктерін және кезеңдерін сипаттау.
ОН 2 – Қазақстан музейлерін классификациялық жіктей алуы.
ОН 3 – Отандық музей желісінде ағымдағы жағдайды талдау, баға беру.
ОН 4 – Әртүрлі республикалық музейлердің қызметтерін табыстылық көзқарасы тұрғысынан салыстыру.
ОН 5 – ҚР қорық-музейлерінің ерекшеліктерін салыстырмалы түрде бағалау.

ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

1.1 – Қазақстан музейлерін даму тарихын білу.
1.2 – Қазақстан музейлерінің негізгі даму кезеңдерін сипаттай алу.
2.1 – Қазақстан музейлерінің түрлерін білу.
2.2 – Мемлекеттік маңызы бар музейлер коллекцияларын сипаттай алу.
3.1 – Отандық музейлерді сараптау алу.
3.2 – Отандық музейлердің қазіргі жағдайын сипаттай алу.
4.1 – Қазақстан музейлерінің қызметіне сипаттама беру.
5.1 – Музей қоры түсінігіне сипаттама бере алу.
5.2 – ҚР музейлерінің ерекшеліктерін сипаттай алу.

Курс нәтижесінде

Тыңдаушылар Қазақстан музейлері курсын тыңдау барысында:
Кәсіби музей маманы ретінде қалыптаса алады.
Музейге келушілерге сұрақнама құрастыру.
Әр музейді талдау әдістерін игереді.
Заманауи құрылғыларды жаңа музейлерде пайдалана алады.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтерді жүйеуді, талдауды үйренеді.
Дәстүрлі мәдени жәдігердерді сақтау және жаһандану процесіні салыстыра алады.
Ұлттық, республикалық, аймақтық музеййлерге сараптама жүргізуді үйренеді.

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Мейрманова Гулжан Асанқызы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің 1996-2000 жылдары тарих бакалаврын, 2000-2002 жылдары тарих мамандығының магистратурасын бітірген. 2004-2008 жылдары Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Ресей ғылым академиясынның Этнология және антропология институты аралығында күндізгі аспирантурада білім алған. 2009 жылы 24 ақпанда Ресей Федерациясы Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Ресей ғылым академиясынның Этнология және антропология институтының диссертациялық кеңесінде т.ғ.к., доцент О.Б. Наумованың жетекшілігімен «Культура общения у казахов: трасформация традиционного этикета» тақырыбында диссертациясын қорғап, 07.00.07 – этнология, этнография және антропология мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2008-2015 жж. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2015 жылдан қыркүйектен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті, Археология, этнология және музеология кафедрасында доцент міндетін атқарушы ретінде жұмыс жасайды. Оқу процесінде 2024 жылы 6В02211 мамандығына «Этнологиялық зерттеу әдістері» оқу құралын жазған, 2020 жылы 5В04100 мамандығына «Өнер тарихына кіріспе» оқу құралын студенттерге арнап шығарды. 50 ден астам ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарық көрген. Доцент . ретінде «Этнологиялық зерттеу әдістері», «Өнер тарихының методологиясы», «Галерея және көрме ісі», «Өнер тарихына кіріспе», «Қазіргі замаңғы өнер» т.б. пәндер бойынша дәрістер жүргізеді. Мейрманова Гулжан Асанқызы этнология, музеология салаларының білікті маманы болып табылады. Онлайн курстарды жасауда тәжірибесі бар, “Этнологиялық зерттеу әдістері” онлайн курсы студенттерге қосымша тапсырма ретінде онлайн оқылады.

Course Staff Image #2

Байгунаков Досбол Сүлейменұлы

Байгунаков Досбол Сүлейменұлы 1969 жылы 1-қаңтарда туылған. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінде оқып, оны үздік бітіріп шыққан. 1998-1999 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология және этнология кафедрасында стажер-зерттеуші болған, 1999-2002 жылдары осында аспирантурада оқыған, ал 2002-2004 жылдары оқытушы болып қызмет еткен. 2003 жылы «Қазақстан тас ғасыры дәуірі: зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан. 2003-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінде оқытушылық қызмет атқарған. 2010 жылы «Ежелгі Қазақстан тарихының тарихнамасы (палеолиттен ерте орта ғасырларға дейін)» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. 2010-2011 жылдары Халықарлық «Болашақ» бағдарламасы стипендиаты аталып, Италия Республикасы Сиена университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. 2011-2013 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде доцент болып қызмет етті. Ол 2013-2016 жылдары Талдықорған қаласындағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының ректоры болған. 2016-2017 жылдары Орталық Азия университетінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2017-2019 жылдары археология, этнология және музеология кафедрасында доцент болды. 2020-2021 жылдары ҚР МСМ «Қазақстан мәдениеті ғылыми-зерттеу» институты директоры м.а., 2021-2022 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ джоценті, 2022 жылдан Археология, этнология және музеология кафедрасында қауымдастырылған профессор және факультет деканы. Археология, этнология, музей ісі, тарихнама, деректану, өнертану мен мәдениеттану ғылым салаларына арналған 200-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 20 монография, фотоальбомдар мен оқу құралдарының авторы және телавторы. Энциклопедиялық басылымдарда 500-ден астам ғылыми-көпшілік мақалалар жариялаған. 10 шақты мақаласы СКОПУС базасына енген. 2013 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атанған. 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Ондаған археологиялық экспедициялардың далалық жұмыстарына қатысқан, бірқатар археологиялық отрядтарды, экспедицияларды басқарған. Далалық зерттеу жұмыстарымен Қазақстанның барлық өңірлерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Внести в список