Ағылшын тілі | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Ағылшын тілі


Факультет филологии и мировых языков

Курс туралы

Аталған курс ағылшын тілін жете меңгергісі келетін 1 курс студенттеріне, бәсекеге қабілетті болам дейтін тыңдаушыларға, экзаменге дайындалатын студенттерге арналған. Ағылшын тілі курсын оқытудың негізгі міндеті тыңдаушыларға шетел тілі ақпарат алу көзі, қарым-қатынас жасау құралы ретінде өз ой-пікірін жеткізе білу, өзгені түсіну мақсатында пайдалана білуге қажетті ең негізгі грамматикалық, лексикалық материалдар, оқуға арналған мәтіндер сөдіктерімен, тапсырмаларымен берілді.

Курстың құрылымы

1-апта. Articles.
2-апта. Prepositions
3-апта. Types of Pronouns
4-апта. Simple Tenses
5-апта. Continuous Tenses
6-апта. Perfect Tenses
7-апта. Active and Passive voice. Word formation and word meaning
8-апта. Infinitive. Gerund. Participle
9-апта. Modal verbs and equivalents
10-апта. Adjectives
11-апта. Conditionals
12-апта. Reported speech
13-апта. Types of questions
14-апта. Nouns
15-апта. Relative clauses and Word order. Story reading.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Шетел тіліндегі оқытылған лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды күнделікті өмірде және кәсіби қарым-қатынаста белсенді қолдана білуді үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Өтілген тақырыптар аясында айтылған сөздерді тыңдап түсіну.
Өзі оқыған, таныс тақырып аясында айтылған сөздер мен жекелеген тіркестерді тыңдап түсіну.
2-ОН.
Өтілген тақырыптарға қатысты диалогтарға қатысу.
Күнделікті тақырыптарға байланысты қарапайым жүйелі сөйлемдерді құрастыру.
Дербес және дерексіз сипатта ақпаратты беру.
Оқылған мәтіннің негізгі идеяларын тұжырымдау.
Игерілген лексиканы қолданып, оқиғаларды айта алу.
3-ОН. Жиі қолданылатын оқу материалы негізінде құралған мәтіндердің негізгі мазмұнын жеткізу.
Деңгей күрделілігіне сәйкес ғылыми-танымдық сипаттағы мәтіндерді түсіну.
4-ОН. Ағылшын тіліндегі жиі кездесетін грамматикалық құбылыстардың мағынасын білетін болады.
Оқылған мәтіндегі сөйлемдерге грамматикалық талдау жүргізе алады.
5-ОН. Мәтінге грамматикалық және лексикалық талдау жасау.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1 ЖИ – тыңдалған мәтіннің мазмұнын анықтау.
1.2 ЖИ – тыңдалған мәтіннен ақпарат алу.
2.1 ЖИ – кунделікті өмірге қатысты сөздер мен сөзтіркестерді қолдана отырып, диалогтар құру.
2.2 ЖИ – күнделікті тақырыптарға байланысты ситуацияларда өз ойын жеткізу.
3.1 ЖИ – оқылған мәтіннің негізгі идеяларын тұжырымдау.
3.2 ЖИ – күнделікті мәтіннің негізгі мазмұнын беру.
4.1 ЖИ – дәрістің әр тақырыбынан кейін алған білімдерін бекітуге арналған тест тапсырмаларына жауап бере алу.
4.2 ЖИ – берілген мәтіндерді оқып жазбаша аударма жасау.
5.1 ЖИ – жаңа ақпаратты алу және алынған ақпаратқа баға беру.
5.2 ЖИ – тілдің грамматикалық және лексикалық құрылымын білу.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Орта мектеп бағдарламасы бойынша шет тілі. Intermediate, Upper-intermediate, Advanced деңгейіндегі шет тілі.

Ақпараттық ресурстар

1.English grammar in use. Raymond Murphy. Cambridge University Press, 2011
2.Basic grammar in use. Raymond Murphy with William R. Smalzer. Cambridge University Press, third edition.
3. New English File, pre-intermediate level, Clive Oxenden,Christina Latham-Koenig, Paul Seligson
4.Grammar Spectrum 2Mark Harrison.. Pre-intermediate. Oxford University Press, 2009.
5. Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы: оқу құралы. Баймұратов И. А. Алматы: Қазақ университеті, 2012. — 332 бет.
5. Reader’s Digest. October 19

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Әділбаева Ұлжалғас Бікенқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, шет тілі кафедрасының доцент міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты. 1993 жылдан бастап жоғары оқу орындарында шет тілідерінен сабақ береді. 60 астам ғылыми мақалалар, 8 әдістемелік оқу құралдары, 3 оқу құралы авторы. 1984-1990 Алматы шет тілдері педагогикалық интстутын аяқтаған. 2002 жылы ҚазҰУ филология факультетінде ғылыми диссертация қорғап ғылыми дәрежеге ие болған.
Біліктікті арттыру курстары: 2015: Великобритания (Лондон). 2002: Франция (Руаян). Жыл сайынғы курстар: Oxford Professional seminars, British Council, Macmillan seminars. TEMPUS (TuCAHEA) жалпы компетенциялар, «Тілдер» бағыты бойынша ғылми жобаға қатысқан. 2013 ж. Цифрлық оқыту ресурстарының (ЦОР) эксперті.
e-mail: adilbayeva11@gmail.com.

Course Staff Image #2

Гайипова Гулипа Абдырайимовна

Гайипова Гулипа Абдырайимовна «Шет тілдері» факультетінің аға оқытушысы, Гайипова Г. А. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетинің ағылшын тілі факультетін бітіріп, ағылшын және орыс тілдері мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған. Университет бітіргеннен кейін жолдамамен кәзіргі Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академясына барып, 1994-2016 жылдар аралығында аталған академяда 23 жыл қызмет жасаған. Кәсібі-бағдарлы және жалпы практикалық ағылшын тіліне арналған 7 оқу әдістемелік құралдардың, 1 мектеп оқушыларына арналған «Knowlege is power» атты оқулықтың, 25 ғылыми, 17 методикалық мақалалардың авторы. Басқа авторлармен 3 оқу әдістемелік құралдардың авторы.
e-mail:gaiipova.gulipa@gmail.com.

Course Staff Image #2

Уразгалиева Светлана Аманжоловна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің, шет тілі кафдрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. 1999 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында шет тілі және кәсіби бағытталған шет тілі пәндерінен сабақ береді. 20 астам ғылыми мақалалар, 7 әдістемелік оқу құралдары, 1 оқу құралының авторы. 1991-1997 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2014-2016 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің педагогика ғылымдары факультетінде магистратураны аяқтаған.
Біліктілікті арттыру курстары: 2015ж. Малазия (Куала-Лумпур) Asia Pacific University of Technology and Innovation. Стажировка. Сертификат. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars.
e-mail:sv.urazgaliyeva@gmail.com

Course Staff Image #2

Режеп Ақниет Сералықызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, шет тілі кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. 2018 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. 2011-2015 жылы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиетін шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесін үздік дипломмен бітірді. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars.
e-mail:akniyet.r@mail.ru.

Course Staff Image #2

Джанузакова Аян Алмухановна

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет, филолгия және әлем тілдері факултеті, шет тілі кафедрасының оқытушысы. 2013-2015 жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдар бакалавр дәрежесі берілді. 2006-2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биотехнология мамандығы бойынша биология ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. 2002-2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биотехнология мамандығы бойынша биология ғылымдар бакалавр дәрежесі берілді. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars.
e-mail:januzakovaaa@gmail.com.

Enroll