KazNU
Қазақ әдебиетін оқыту әдестемесі
1.ҚР Білім «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Кәулік №0012. Осы кәулік білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды. Астана, 2024. 2.«Жаңа Қазақстан» Республикалық орталығы І дәрежелі диплом. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам- Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында өткен «Ы.Алтынсарин атындағы педагогтнрдің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқау жеңімпазы. Астана, 2024.3. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Тіл жанашыры» Құрмет дипломы. Осы диплом тіл саясаты саласын дамытуға, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге елеулі үлес қосқаны үшін марапатталды. Астана, 2025.
Бірнеше шетелдік озық жоғары оқу орындарда ғылыми тағылымдамалардан өткен.
Курс туралы: Курс ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, инновациялық технологиялар, ғылым мен практиканың негізінде заманауи мамандар даярлайды.
Теория мен практиканы ұштастыра отырып, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Курс мақсаты: Жалпы орта білім беру мектептерінде қазақ әдебиетін оқытуға қажетті әдістемелік, педагогикалық білімді қалыптастыру. Пән мазмұны әдістемелік, теориялық, тәжірибелік ұғым-түсініктерді, заманауи технологияларды, оқыту әдіс-тәсілдерін, алдыңғы педагогикалық тәжірибелерді, дәстүрлі және жаңа әдістерді, оқу үдерісінде бағдарлама мазмұнын жасауға қажетті материалдарды қамтиды.
Курс құрылымы:
I модуль. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу және ғылыми негіздері.
2 модуль. Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері.
3 модуль. Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер жүйесі.
4 модуль. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай талдаудың иәдіс-тәсілдері.
5 модуль. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері.
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
1.Қазіргі жаңа сұраныстарға лайықты әдеби жоғары ғылыми-инновациялық танымдық біліктілікті арттырады.
2.Қазақ әдебиеті оқу құралдарындағы әдеби мәтіндердің топтастырылу ретін аңғарып, әрбір көркем шығармалардың жазылу мәнер стилін, тілін, идеясын меңгереді.
3.Қазақ әдебиеті пәндері бойынша жаңартылған күнтізбелік жоспарларға сағаттар бөлу инновациясын үйренеді.
4.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде жасалатын сабақтық жоспарларын меңгереді.
5.Эссе жазудағы біршама еркіндік пен жаздырту әдістерін меңгереді.
ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
1.1.Жаңартылған қазақ әдебиеті оқу бағдарламалары материалдарының орналастырылу инновациясын түсіндіреді;
1.2.Бағдарлама міндеті білім алушыларды жаңаша ойлануға бағыттау екенін анықтайды.
1.3.жаңартылған қазақ әдебиеті оқу бағдарламаларының әдіснамасын түсіндіреді.
2.1.Оқу құралдарына жаңадан енгізілген көркем әдебиет
жанрларын анықтап бағалайды.
2.2.Орта сыныптардағы әдеби мәтін жанрын, мәнін сараптайды.
2.3.Жоғары сыныптардағы көркем әдеби жанрларға талдау жасайды.
3.1.Күнтізбелік жоспар жасаудың қазіргі инновациясын баяндайды.
3.2.Жоспар жасаудағы жаңашыл іс-тәжірибелерді байыптайды.
3.3.Жаңаша үлгіде жасалатын күнтізбелік жоспарлардың құрылыс-тұрқын игерту.
4.1.Сабақтық жоспарлар жасаудағы бүгінгі күнгі инновациялық үлгілер ұсынылады.
4.2.Бірнеше сабақтық жаңаша жоспар үлгісі жасалынады.
4.3.Сабақтық жоспар бөліктері және сабақ табиғаты, жүргізілуіндегі жаңашылдық үрдісі түзіледі.
5.1.Мазмұндама, шығарма жаздырту тәсілдері баяндалады.
5.2.Эссе жазудың өзіндік инновациясы түсіндіріледі.
5.3.Қазақ әдебиеті пәндерінен жазылатын шығармалар мен мазмұндамалар инновациясынан түсінік беріледі.
Пререквизиттер
Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-XVIIІ ғасырлар әдебиеті, XIX-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХІ ғасыр басындағы әдебиет.
Постреквизиттер
Жаңартылған оқу бағдарламалары инновациясына орай, «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы және өзге де ғылым салаларымен байланыстырыла оқытылады.
Негізгі әдебиеттер:
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы. 2-басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. -286 бет.
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы. 2-басылым. –Алматы: Қазақ университеті, 2019. -286 бет.
3.Жоламанова Т.М. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. – Қарағанды: Ақнұр, 2018. – 208 бет.
4.Керімбекова Б.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2017. -160бет.
5.Жұмақаева Б.Д.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – Алматы: Қыздар университеті, 2015. – 242 бет.
Қосымша әдебиеттер:
1.Әбілқасымова К. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша семинар сабақтары (оқу-әдістемелік құрал). – Алматы: Баянжүрек, 2013. – 144 бет.
2.Педагогикалық ғылыми мұра (Дәстүрлі әдіс және жаңа технология).
–Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. -120 бет.
3.Жұмажанова Т.Қ.. Әдебиетті оқыту әдістемесі (Мектеп ұстаздары мен болашақ әдебиетші студенттерге арналған). –Алматы: Білім, 2009. -288 бет.
4.Байтанасова Қ.М., Айтуғанова С.Ш.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Астана: Фолтант, 2008. – 160 бет.
Ғаламтор ресустары:
- http://www.openj-gate.org
- http:/www.rubricon.com
- www.45minut.org
- www.mektep.kz
- www.sabak.kz