Перейти к основному содержимому

KazNU

Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері


Курс туралы

Осы курс адамзат алдында тұрған келелі мәселелерді, интернационалды жобалар мен олардың шешімдерін айта отырып, дипломатиялық, академиялық және сараптамалық орта өкілдерінің де Сіздермен қазіргі әлем тынысы жөніндегі пікірлерімен бөлісуін қамтиды. Халықаралық көшбасшылыққа қол жеткізу және оны ұстап түру үшін елдер қандай механизмдерді қолданатынын білесіздер, көптеген халықаралық оқиғалардың ішкі мазмұнына ден қоясыздар. Қазіргі жаһандық мәселелерді, ХХІ ғасырдағы басты халықаралық ұстанымдарды, әлемдік дамудың келешегін түсіну халықаралық қатынастар танушының маңызды жетістігінің бірі, сондықтан да курс арқылы сол түсінікті тыңдаушылардың игеруіне қолдау білдіруді жөн санаймыз.

Курстың мақсаты

Қазіргі халықаралық қатынастар мәселелері мен үдерістерін, сондай-ақ оларды сараптау дағдыларын тыңдаушыларда қалыптастыру.

Курстың құрылымы

Модуль 1. Халықаралық қатынастардағы тұрақты даму.
Модуль 2. Халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік мәселелері.
Модуль 3. Халықаралық қатынастардағы қақтығыс мәселелері.
Модуль 4. Халықаралық қатынастардағы мегатрендті үдерістер.
Модуль 5. ХХІ ғасырдың әлемдік саясатындағы көшбасшылық.

Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)

ОН 1 – Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың қазіргі мәселелерінің шынайы мазмұнын анықтайтын ресми, ғылыми және танымды деректік ақпараттар мен құжаттар мазмұнын ажырата білу саралай білу мен түсінуді жасауға бейімделген.
ОН 2 – Жетекші мемлекеттердің сыртқы саясатының бағдарындағы, халықаралық ұйымдар және әлемдік қоғамдастық қызметтеріндегі хқ қазіргі ортақ мәселелеріне қатысты шешімдер мен әрекеттерді негіздей алады.
ОН 3 – Қазақстандық хқ және геосаясат саласындағы сараптамалардың зерттелу объектілеріндегі хқ қазіргі мәселелерінің өзектілігін бағамдауға үйренген.
ОН 4 – ХҚ және әлемдік саясаттың детерминаттары мен аймақтық, локальды өлшемдерін тиянақтайтын SWOT- анализ, жобалар жасай біледі.
ОН 5 – ХҚ қазіргі мәселелері маңыздығын тұжырымдай алудағы жаңалыққа бағдар жасай алу мүдделерін эссе, шығарма, баяндама, реферат, презентация жасауда қолдануға бейімделген.

ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

1.1 – Қазіргі халықаралық оқиғалар мазмұны мен бағыттарын түсіндіре алады.
1.2 – Әлемдік саясатқа ықпал етуші саяси үдерістерді талқылауды меңгерген.
2.1 – Қазіргі әлемдік саясаттағы жаһандану, аймақтану үдерістері және локальдылық жағдайындағы хқ сараптамасын біледі.
2.2 – Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты міндеттерінің халықаралық хаттамаларда айқындалуын меңгерген.
3.1 – БҰҰ аясындағы Жаһандық келісімдерінің негізгі мақсаттары секілді шаралармен жұмыс істей алады.
3.2 – Қазіргі саяси әлемдегі қауіпсіздіктің жаңа белгілерін бағалай алады.
4.1 – Халықаралық бас қосуларды әсіресе, ЕҚЫҰ реформалау секілді үдерістер мысалында синтездеуді меңгерген.
4.2 – Қазіргі саясаттың «Жаңа саяси кеңістіктерді» игерудің жаһандық салдарын бағалауды жүзеге асыра алады.
5.1 – Ресурстық саясат және ресурстарды бөлудің меркантилисттік және либералды концепциялар мысалында ортақ мәселелерге шығарма құруға үйренген.
5.2 – Халықаралық мәселелерді, мысалы палестин мәселесі секілді реттеулерді жетекші мемлекеттер қатысуын дәлелдей алады.

Авторлар жөніндегі мәлімет

Course Staff Image #1

Исова Л.Т.

Исова Л.Т.- осы курстың негізгі авторы, халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы бағыты бойынша тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедарсының доценті. Жалпы педагогикалық өтілі -29 жыл. Халықаралық қатынастар саласының белгілі маманы, жалпы саны 130 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, 3 оқу құралы мен 1 монография авторы. Болашақ халықаралық стипендиясы бойынша Лейден университетінде (Нидерланды корольдігі, 2014-2015 жж) ғылыми тағылымдамадан өткен.

Course Staff Image #2

Байкушикова Г.С.

Байкушикова Г.С.- осы курстың әдіскер авторы, шет тіліндегі «халықаралық қатынастар» бағыты бойынша PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедарсының меңгерушісі. Жалпы педагогикалық өтілі -17 жыл. Халықаралық қатынастар саласының белгілі маманы, жалпы саны 40 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, 1 монография авторы. ERASMUS + бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі.

Course Staff Image #2

Кульбаева А.Т.

Кульбаева А.Т.- осы курстың көмекші авторы, бағыты бойынша тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедарсының аға оықтушысы. Жалпы педагогикалық өтілі -25 жыл. Халықаралық қатынастар саласының белгілі маманы, жалпы саны 70 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, 1 монография авторы. Курс оқылатын «6B03104- Халықаралық қатынастар» ббб үйлестірушісі.

Внести в список