Қазақстанның қазіргі заман тарихы | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Факультет истории, археологии и этнологии
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениеті, этногенез сабақтастығы мәселелеріне білім алушының назарын бағыттайды. Тыңдаушыға тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізіп, тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға үйретеді және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Онлайн курс модульдерінің проблемалық материалдары тыңдаушыларға отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Курстың құрылымы

1 апта. Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар.
2 апта. Кеңестік қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары.
3 апта. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.
4 апта. Жеке басқа табынудың шарықтауы және «жылымық».
5 апта. Қазақсандағы экономикалық, рухани тоқырау және экологиялық мәселелер.
6 апта. Кеңесік қазақсанды қайа құру әрекеттері.
7 апта. Тәуелсіздік жағдайындағы қазақсан республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.
8 апта. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
9 апта. Қазақстан республикасындағы әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер.
10 апта. Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық қатынастар.
11 апта. Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар және рухани жаңғыру. Жастар саясаты.
12 апта. Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты.
13 апта. «Халық тарих толқынында» атты елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
14 апта. Қазақ елінің ұлы дала өңіріндегі мемлекеттермен сабақтастығы.
15 апта. Қазақстан – әлем мойындаған ел.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының негізгі зерттеу бағыттарын түсіну үшін қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың тарихи саласындағы негізгі пікірталастардың мазмұнын түсіну;
2-ОН. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы саласында зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдану үшін тарихи және қазіргі заманғы ойлау стилдеріне өзіндік талдау жүргізу;
3-ОН. Тарих ғылымының зерттеу ерекшеліктерін айқындау негізінде зерттеулерді ұйымдастыруды және тарихи деректермен жұмыс жасау әдістерін қолдана білуді қалыптастыру;
4-ОН. Кеңестік билік кезеңіндегі тоталитарлық жүйенің қалыптасуы мазмұны мен негізін ашып көрсету, қуғын сүргін саясатының себептері және салдарына баға беру;
5-ОН. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қалыптасуының заңдылықтарын ашып көрсету және ішкі және сыртқы саясат мәселесіндегі негізгі бағыттарды анықтау, әлеуметтік-экономикалық, білім, ғылым, мәдениет салаларындағы өзгерістерге баға беру.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының кезеңдерін және оның сипатын түсіну үшін отандық тарихтың тарихнамалық тұжырымдарын талдау;
1.2 тарихи кезеңдері мен тарихи мәтін аясында тарихи процестің қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру;
1.3 Тәуелсіздік үшін күрес идеясының пайда болуы, оның таралау үдерісін тарихи кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау үшін тарихи деректер аясында қоғамдық ойдың қалыптасуын негіздеу.
2.1 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы саласындағы зерттеу пәнінің ерекшеліктері мен зерттеу тәсілдерін саралау;
2.2 өзіндік зерттеу қызметінде сәйкес әдістерді пайдалану;
2.3 пәнаралық тәсілдерді қолдану, әлеуметтану, саясаттану, философия және мәдениеттану.
3.1 тарихи кезеңдердегі саяси элитаның қалыптасуы және олардың қоғамдағы қызметі негізінде бағалау;
3.2 Қазақстанда саяси биліктің мән-мағынасын, негізгі бағыт-бағдарларын, даму эволюциясын көрсету.
4.1 халық пен саяси элитаның тоталитарлық жүйеге қарсылығы мен жаңашылдық үдерістерін зерттеу негізінде ұлттық ояну, ұлтық сана, ұлт-азаттық идея, мәдени мұраны жаңғырту үрдістерін байыптап, қазіргі қоғамымыздың рухани мәселелерін айқындау;
4.2 Кеңестік биліктік қуғын-сүргін бағытының перманенттілігін талдау жасау;
5.1 Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси байланыстарының дамуын интеллектуалды мұраның сақтау мәселесін, ғылыми зерттеулер және қоғамдық-саяси парадигма шеңберінде тұжырымдау;
5.2 Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи оқиғаларды сараптау, өзіңдік пікір ұсыну.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: Орта және арнайы білім беру бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих.
Постреквизиттер: Мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.

Ақпараттық ресурстар

1. Движение Алаш. /Сборник документов и материалов./Алаш қозғалысы. /Құжаттар мен материалдар жинағы 1905-1917 жж./. 1-4 тт. - Алматы, 2004, 2005, 2010.
2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011.
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.
4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2016.
5. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие. – Астана: Zhasyl Orda, 2015.
6. Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
7. Алашорда. Фотоальбом. – Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2012.
8. Омарбеков Т.О. Голодомор в Казахстане. Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
9. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.
10. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 12 сәуір 2017 жыл. Ұлы Даланың жеті қыры. 21 қараша 2018 жыл. http://www.akorda.kz
11.Сындарлы коғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2 қыркүйек 2019 жыл. http://www.akorda.kz

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Омарбеков Талас

1971 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген, мамандығы тарих пәнінің оқытушысы. Кандидаттық және докторлық диссертациялары 07.00.02-Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығынан қорғалған. Ғылыми-ұстаздық тәжірибесі – 35 жыл. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеу ҒЗО директоры.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасының авторы. Кредит жүйесі бойынша Қазақстан тарихынан жалпы курстар және элективті курстар оқиды және PhD бағдарламасымен білім алушыларға қазақ тарихының өзекті мәселелерінен элективті курстардан дәріс береді.

Course Staff Image #2

Смағұлов Сабырхан Смағұлұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Тарих, археология және этнология факультетінде «Қазақстан ұлттық экономикасының тарихы», «Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта» курстарын оқиды. Университеттің тарих емес факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін жүргізеді.

Course Staff Image #2

Сайлан Болат Санабайұлы

1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы шектеулі контингенті қатарында Ауғанстан территориясындағы соғысқа қатысты. Ауған соғысының ардагері. 2012 жылдан бастап әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. 1998 жылы «Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010 жылы 1 шілдеде «Кеңес өкіметі тұсындағы жастар саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы: тарихы мен тағылымы (1917-1991жж.)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанды. Ғылым жолында 3 монография, 8 оқу құралы, 6 оқу әдістемелік құралы, 133 ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарық көрген. Оның 130-дан аса ғылыми мақалалары ҚР-ның қоғамдық-саяси журналдарында және алыс-жақын шетелдік басылымдарда (Москва, Берлин, София, Ташкент, Бишкек) жарияланды. Бірнеше үкіметтік және ведомстволық наградалармен марапатталған, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері.

Course Staff Image #2

Хасанаева Лейла Мараловна

2002 жылы 07.00.02 Отан тарихы бойынша «Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылым жолында 5 оқу құралы мен 100 астам ғылыми мақалалар авторы. 2000 жылдан бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінде аға оқытушылықтан бастап доцент болып қызмет жасайды. Ғылыми зерттеу нысаны саяси элита тарихы, ХХ ғасырдың асындағы мемлекеттілік мәселелері. Сонымен қатар «Тарихи эпистемология», «Қазақстандағы ұлттық саяси элита және ұлт мәселесі», «Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта», «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты элективті курстардың авторы және осы курстардан дәріс оқиды.

Course Staff Image #2

Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы

әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. 1999 ж. ҚР ж БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Моңғолиядағы қазақ диспорасының тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, 07.00.02- Отан тарихы (ҚР тарихы) мамандығы бойынша т. ғ.к. ғылыми дәрежесін алды. Ғылым жолында 1 монография, 10 оқу құралы, 6 оқу әдістемелік құрал, 3 электронды оқулық, 115 ғылыми мақалалар авторы. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Діндер тарихы», «Тарихи демография» «Қазақ диаспорасының тарихы»курстарынан дәріс оқып семинар жүргізеді.

Course Staff Image #2

Ноянов Еділ Ноянұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, 1996 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Е.Н.Ноянов 1993 жылдан бері универстиеттің гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінде «Қазақстан тарихы» және 2016 жылдан бері «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы курстарынан дәрістер жүргізіп келеді. 3 монографияның, ЖОО-на арналған 3 оқулықтың, 3 типтік бағдарламаның, 3 қосымша оқу құралдары мен мектеп оқушыларына арналған 3 электронды оқу құралдары авторлары құрамында, сондай-ақ 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Course Staff Image #2

Жұмаділ Арман Қабдешұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. 2010 жылы 07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері бойынша «Евразия көшпелілерінің әскери ісі тарихнамасы» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. 50 ден астам ғылыми еңбектердің авторы. «Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы» және көшпелілердің әскери тарихы бойынша дәрістер оқиды.

Course Staff Image #2

Уразбаева Ақжамал Машрупқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. 2010 жылы 07.00.09 – тарихнама, деректану және зерттеу әдістері мамандығы бойынша «Қыробком құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының дерек көзі (1920-1925 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасының алғашқы нұсқасының авторларының бірі. «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «Қазақ халқының рухани мәдениеті», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Қазақстан халқының әлеуметтік даму мәселелері», «Кеңестік Қазақстан» атты курстар бойынша дәрістер оқып, семинар сабақтарын жүргізеді.

Course Staff Image #2

Абикенова Гүлжазира Естаевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегі, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша маманданған. 2007 жылы «Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық және ғылыми қызметі (1894-1938 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алса, 2018 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды. Бүгінде Қытайдағы қазақ диаспорасына және Қазақстанның жаңа заман тарихы мәселесіне қатысты ғылыми жұмыстармен айналысады. Сондай-ақ «Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестер тарихы (ХІХ ғ. екінші жартысы -ХХғ 90-шы жылдары)», «Қазақстандағы саяси репрессиялар тарихы (ХІХ ғ. соңы -ХХғ 90-шы жылдары)» атты элективті курстардан дәріс оқиды.

Course Staff Image #2

Джолдыбаева Улжалғас Мухамеджановна

2007 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар тарихы бойынша Дисссертациялық Кеңесте «Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен экология саласындағы ынтымақтастығы – аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы» тақырыбында диссертациясын қорғап, 07.00.15- Халықаралық қатынастар тарихы мамандығы бойынша т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алды. 2018-2019 оқу жылынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. Ғылыми–педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл. Ғылым жолында, 5 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 100-ге жуық ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарық көрген.

  1. Course Number

    SIK_kz01
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2-3 часа