Қазақстанның қазіргі заман тарихы | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Факультет истории, археологии и этнологии
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне тыңдаушы назарын бағыттайды. Тыңдаушыға тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізіп, тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға тыңдаушыны үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырады.

Онлайн курс модульдерінің проблемалық материалдары тыңдаушыларға отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты

Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

Авторлар туралы

Course Staff Image #1

Талас Омарбеков

1971 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген, мамандығы тарих пәнінің оқытушысы. Кандидаттық және докторлық диссертациялары 07.00.02-Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығынан қорғалған. Ғылыми-ұстаздық тәжірибесі – 35 жыл. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеу ҒЗО директоры.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасының авторы. Кредит жүйесі бойынша Қазақстан тарихынан жалпы курстар және элективті курстар оқиды және PhD бағдарламасымен білім алушыларға қазақ тарихының өзекті мәселелерінен элективті курстардан дәріс береді.
e-mail: omarbekov.1948@gmail.com

Course Staff Image #2

Смағұлов Сабырхан Смағұлұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Тарих, археология және этнология факультетінде «Қазақстан ұлттық экономикасының тарихы», «Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта» курстарын оқиды. Университеттің тарих емес факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін жүргізеді.
e-mail: sabyrhan52@mail.ru

Course Staff Image #2

Хасанаева Лейла Мараловна

2002 жылы 07.00.02 Отан тарихы бойынша «Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылым жолында 5 оқу құралы мен 100 астам ғылыми мақалалар авторы. 2000 жылдан бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінде аға оқытушылықтан бастап доцент болып қызмет жасайды. Ғылыми зерттеу нысаны саяси элита тарихы, ХХ ғасырдың асындағы мемлекеттілік мәселелері. Сонымен қатар «Тарихи эпистемология», «Қазақстандағы ұлттық саяси элита және ұлт мәселесі», «Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта», «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты элективті курстардың авторы және осы курстардан дәріс оқиды.
e-mail: Leila.maralovna@gmail.com

Course Staff Image #2

Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. 1999 ж. ҚР ж БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Моңғолиядағы қазақ диспорасының тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, 07.00.02- Отан тарихы (ҚР тарихы) мамандығы бойынша т. ғ.к. ғылыми дәрежесін алды. Ғылым жолында 1 монография, 10 оқу құралы, 6 оқу әдістемелік құрал, 3 электронды оқулық, 115 ғылыми мақалалар авторы. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Діндер тарихы», «Тарихи демография» «Қазақ диаспорасының тарихы»курстарынан дәріс оқып семинар жүргізеді.
e-mail: gulnar.kozgambaeva@mail.ru

Course Staff Image #2

Абикенова Гүлжазира Естаевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегі, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша маманданған. 2007 жылы «Т. Шонанұлының қоғамдық-ағартушылық және ғылыми қызметі (1894-1938 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алса, 2018 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды. Бүгінде Қытайдағы қазақ диаспорасына және Қазақстанның жаңа заман тарихы мәселесіне қатысты ғылыми жұмыстармен айналысады. Сондай-ақ «Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестер тарихы (ХІХ ғ. екінші жартысы -ХХғ 90-шы жылдары)», «Қазақстандағы саяси репрессиялар тарихы (ХІХ ғ. соңы -ХХғ 90-шы жылдары)» атты элективті курстардан дәріс оқиды.
e-mail: abigulzhaz@gmail.com

Course Staff Image #2

Уразбаева Ақжамал Машрупқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. 2010 жылы 07.00.09 – тарихнама, деректану және зерттеу әдістері мамандығы бойынша «Қыробком құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының дерек көзі (1920-1925 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасының алғашқы нұсқасының авторларының бірі. «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «Қазақ халқының рухани мәдениеті», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Қазақстан халқының әлеуметтік даму мәселелері», «Кеңестік Қазақстан» атты курстар бойынша дәрістер оқып, семинар сабақтарын жүргізеді.
e-mail: akzhamal.m@gmail.com

Course Staff Image #2

Сайлан Болат Санабайұлы

1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы шектеулі контингенті қатарында Ауғанстан территориясындағы соғысқа қатысты. Ауған соғысының ардагері. 2012 жылдан бастап әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. 1998 жылы «Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010 жылы 1 шілдеде «Кеңес өкіметі тұсындағы жастар саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы: тарихы мен тағылымы (1917-1991жж.)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанды. Ғылым жолында 3 монография, 8 оқу құралы, 6 оқу әдістемелік құралы, 133 ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарық көрген. Оның 130-дан аса ғылыми мақалалары ҚР-ның қоғамдық-саяси журналдарында және алыс-жақын шетелдік басылымдарда (Москва, Берлин, София, Ташкент, Бишкек) жарияланды. Бірнеше үкіметтік және ведомстволық наградалармен марапатталған, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері.
e-mail: b_sailan1967@mail.ru

Course Staff Image #2

Ноянов Еділ Ноянұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, 1996 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Е.Н.Ноянов 1993 жылдан бері универстиеттің гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінде «Қазақстан тарихы» және 2016 жылдан бері «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы курстарынан дәрістер жүргізіп келеді. 3 монографияның, ЖОО-на арналған 3 оқулықтың, 3 типтік бағдарламаның, 3 қосымша оқу құралдары мен мектеп оқушыларына арналған 3 электронды оқу құралдары авторлары құрамында, сондай-ақ 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.
e-mail: edl.noyanov@mail.ru

Course Staff Image #2

Жұмаділ Арман Қабдешұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. 2010 жылы 07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері бойынша «Евразия көшпелілерінің әскери ісі тарихнамасы» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. 50 ден астам ғылыми еңбектердің авторы. «Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы» және көшпелілердің әскери тарихы бойынша дәрістер оқиды. e – mail: arman66@mail.ru

Course Staff Image #2

Джолдыбаева Улжалғас Мухамеджановна

2007 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар тарихы бойынша Дисссертациялық Кеңесте «Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен экология саласындағы ынтымақтастығы – аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы» тақырыбында диссертациясын қорғап, 07.00.15- Халықаралық қатынастар тарихы мамандығы бойынша т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алды. 2018-2019 оқу жылынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. Ғылыми–педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл.Ғылым жолында, 5 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 100-ге жуық ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарық көрген.
e-mail: alatau1968@mail.ru

  1. Course Number

    SIK_kz01
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2-3 часа