Перейти к основному содержимому

Факультет информационных технологий

Hi AI! Студенттерге арналған ЖИ негіздері


Курс туралы

«Жасанды интеллект негіздері» курсы ақпараттық технологиялардың ең заманауи бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) саласына кіріспе болып табылады. Курста ЖИ-дің пайда болу тарихы, негізгі ұғымдары мен даму кезеңдері, оның қоғамдағы рөлі мен қолдану салалары қарастырылады.

Бұл курс теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, қарапайым ЖИ құралдарын пайдалануға, нақты мысалдарда қолдануға үйретеді. Тәжірибелік сабақтар барысында студенттер ЖИ құралдарымен жұмыс істеп, мәтін, кескін және бейне генерациялауды үйренеді.

Курс білім алушыларға ғылым, бизнес, медицина, білім беру, өндіріс және басқа салаларда жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін көрсетіп, ЖИ құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, курс аясында ЖИ-ді қолданудың құқықтық және этикалық мәселелері де қарастырылады.

Сондай-ақ, «Ақылды қалалар», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі ЖИ», «Қаржы секторындағы ЖИ», «Болашақтағы автономды көліктер» сияқты жасанды интеллекттің перспективті бағыттары таныстырылады.

Курстың құрылымы

«Жасанды интеллектке кіріспе» курсы 3 модульден тұрады:

1-модуль. Жасанды интеллект негіздері. Жасанды интеллект дамуының тарихы. Генеративті жасанды интеллект.

2-модуль. Жасанды интеллекттің қоғамға әсері. Жасанды интеллектті қолданудың құқықтық негіздері, этикасы, және кәсіби қызметте қолданылуы.

3-модуль. Жасанды интеллектті қолданудың негізгі мәселелері, қиындықтары, деректердің құпиялылығы.

Әр модульде теориялық видео дәрістер, қосымша оқу материалдары, практикалық жұмыстар, білімді бекітуге арналған тест тапсырмалары және талқылауға арналған форум қарастырылған.

Курстың мақсаты

«Жасанды интеллект негіздері» курсының мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллекттің даму тарихы мен негізгі ұғымдарын түсіндіру, оның қоғамдағы рөлін және қолдану салаларын көрсету, сондай-ақ ЖИ құралдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгерту.

Курстың оқу нәтижелері

ОН1: Жасанды интеллекттің негіздері мен дамуын (генеративті ЖИ-ді қоса) түсіну.

ОН2: Жасанды интеллекттің қоғамға және кәсіби салаға әсерін талдау.

ОН3: Жасанды интеллект қолданудағы негізгі мәселелер мен тәуекелдерді айқындау.

Курстың жетістік индикаторлары

ЖИ 1.1: Жасанды интеллект дамуының негізгі кезеңдерін атайды.

ЖИ 1.2: Жасанды интеллект түрлерін, соның ішінде генеративті ЖИ-ді ажыратады.

ЖИ 1.3: Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс принциптерін сипаттайды.

ЖИ 2.1: ЖИ-дің қоғамға және кәсіпке әсер ету мысалдарын келтіреді.

ЖИ 2.2: ЖИ қолданудың құқықтық және этикалық қырларын түсіндіреді.

ЖИ 2.3: ЖИ-ді әртүрлі салада қолданудың оң және теріс жақтарын негіздейді.

ЖИ 3.1: ЖИ енгізудің негізгі мәселелері мен тәуекелдерін тізбектейді.

ЖИ 3.2: Жеке деректерді қорғау мәселелерін талдайды.

ЖИ 3.3: Тәуекелдерді азайтуға арналған ықтимал тәсілдерді ұсынады.

Автор туралы

Course Staff Image #1

Черикбаева Ляйля Шариповна – 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD докторы, 21100 – Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профеесор. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доценті. 2007 жылдан бастап осы кафедрада қызмет атқарып келеді. 2008 жылдан бастап информатика кафедрасы жанынан ашылған «KazNU Informatics Department Networking Academy» желілік академиясының инструкторы болып табылады. Ғылыми еңбектері: автордың 35-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған 1 оқулық, жоғары оқу орындарына арналған 4 оқу құралы, монография, сондай-ақ Scopus базасында индекстелетін басылымдарда жарияланған 10-нан астам мақалалары бар (H-index – 4).

Құрметті білім алушылар, егер курсқа қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса, келесі адрес арқылы хабарласуларыңызға болады: cherikbayeva.lyailya@gmail.com

Внести в список