Курстың бағасы қанша?
Курс тегін, тек сайтқа тіркелу керек.
Заманауи көлік үдерістерінің құрылымын қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Курста әртүрлі көлік түрлерінің өзара байланысы, логистика мен инфрақұрылым негіздері және тасымал тиімділігін бағалау жолдары қарастырылады. Көрнекі схемалар, интерактивті тапсырмалар мен нақты мысалдар арқылы тыңдаушылар көлік жүйелерін талдауды үйренеді. Бұл курс техникалық және логистикалық бағыттағы студенттерге де, сала мамандарына да пайдалы. Білімді көлік жүйелерін жобалауда, жоспарлауда және басқаруда қолдануға болады. Курс аяқталған соң қатысушыларға сертификат беріледі. Сертификат алу үшін барлық тапсырмалар мен бағалау элементтері бойынша ең төменгі шекті мән 70 пайыз болуы қажет.
Көлік жүйесін біртұтас кешен ретінде қарастырып, оның құрылымын, түрлерін, өзара байланысын және тиімді жұмыс істеу тетіктерін зерттеу және жүйелі талдау. Тыңдаушылар негізгі математикалық және аналитикалық дағдылары, көлік және логистика негіздері туралы базалық түсініктері бар болуы, оған қоса ақпараттық технологияларды қолдану алуы қажет.
- Көлік жүйесінің негізгі ұғымдарын, құрылымын және көлік түрлерінің өзара байланысын меңгеру.
- Көлік жұмысының көрсеткіштерін және өткізу қабілетін талдау дағдыларын қалыптастыру.
- Әртүрлі жүк түрлері мен жолаушылар тасымалының ерекшеліктерін зерттеу.
- Көлік жүйелерін пайдалану, тасымалды ұйымдастыру және логистиканы оңтайландыру.
- Көлік жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау, жоспарлау және даму бағыттарын анықтау.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
1. Көлік жүйесінің негізгі көрсеткіштерін талдайды, соның ішінде жүк айналымы, жолаушы айналымы және өткізу қабілеті.
2. Жүк және жолаушы тасымалдарын оңтайландыру үшін заманауи логистика мен көлік жоспарлау әдістерін қолданады.
3. Көлік инфрақұрылымының тиімділігін бағалайды және оны жаңғырту мен дамыту стратегияларын әзірлейді.
Оқытудың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)
ЖИ 1.1 – Көлік жүйесінің негізгі терминдері мен ұғымдарын түсіндіре алады.
ЖИ 1.2 – Жүк айналымы, жолаушы айналымы және өткізу қабілетін есептеу әдістерін қолданады.
ЖИ 2.1 – Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуін сипаттайды және мультимодальды тасымалдау схемаларын әзірлейді.
ЖИ 2.2 – Логистикалық жүйелерді, маршрутты оңтайландыру және тасымалдау тиімділігін арттыру әдістерін қолданады.
ЖИ 3.1 – Көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін, өткізу қабілетін және жүк ағындарының қозғалысын талдайды.
ЖИ 3.2 – Көлік жүйелерін дамытудың инновациялық шешімдері мен перспективалық жоспарларын ұсынады.
Курстың құрылымы
1-модуль. Көлік жүйесіне кіріспе.
2-модуль. Көліктің негізгі жұмыс көрсеткіштері.
3-модуль. Жүктердің түрлері мен физика-механикалық қасиеттері.
4-модуль. Көлік жүйелерін пайдалану.
5-модуль. Жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру.
6-модуль. Көлік тораптары және логистика.
7-модуль. Көлік жүйелерінің экономикасы мен тиімділігі.
8-модуль. Көлік жүйелерін жоспарлау және дамыту.
Пререквизиттер
Экономика мен инфрақұрылым туралы базалық түсінікте; География және көлік желісінің құрылысы туралы негізгі білім; Логикалық ойлау және талдау дағдылары; Карталармен, сызбалармен және кестелермен жұмыс істеу икемі.
Постреквизиттер
Логистика; Көлік логистикасы; Көліктік жоспарлау (қалалық); Инфрақұрылымды орнықты дамыту; Интеллектуалды көлік жүйелері.
Авторлар туралы ақпарат
2008-2012 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, «бакалавр» академиялық дәрежесін алды. 2013-2015 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқып, магистр академиялық дәрежесін алды. 2016-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Машина жасау» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. 2021-2022 жылдар аралығында «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, «бакалавр» академиялық дәрежесін алды. 2024 ж. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде» 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғады. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның «Көлік техникасы және логистика» кафедрасында алдымен оқытушы (ассистент), аға оқытушы, ал 2024 жылдан қауымдастырылған профессор лауазымын атқарып келеді. Оған қоса 2023 жылдан бастап Инженерия факультетінің ғылыми жұмыс жөніндегі деканның орынбасары лауазымын, 2024 жылдан бастап «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы 8D07101 – «Машина жасау», 8D07102 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы және «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналының жауапты хатшысы қызметтерін қоса атқарып келеді.
1996 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент (салалар бойынша)» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылдан бастап жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет атқарып, оқытушы-ассистенттен профессорға дейінгі кәсіби жолдан өткен. 2010 жылы 08.00.05 - «Халық шаруашылығы экономикасы және басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2013–2022 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Менеджмент», «Қаржы және есеп» кафедраларын басқарды. 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бизнес-технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) қызметін атқарып, «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы аясындағы оқу пәндерін жүргізді. 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі болып табылады. Автордың ғылыми-педагогикалық қызметі басқару, қаржы және есеп теориясы мен практикасын дамытуға, сондай-ақ қазіргі экономиканың және жоғары білім берудің талаптарына сәйкес білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Курс авторы - экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, экономика, басқару, қаржы және есеп салалары бойынша жоғары білім беру жүйесінде көпжылдық ғылыми-педагогикалық және әкімшілік тәжірибесі бар маман.
Жиі қойылатын сұрақтар
Курстың бағасы қанша?
Курс тегін, тек сайтқа тіркелу керек.