C# тілінде программалау | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

C# тілінде программалау


kaznu
Enrollment is Closed

Курс туралы

Бұл курс C# программалау тілінің негіздерін үйренуге арналған. Ол бакалавриатта оқылатын «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» және «Программалау тілдері» пәндері мазмұнын толық қамтиды. Бұл курс жалпы С# программалау тілін үйренгісі келетін кез келген жастағы білім алушыларға арналған. Курс презентация түріндегі – бейнедәрістерден, есептер түріндегі – тапсырмалардан (есептер зертханалық жұмыстардан алынады) және жауап нұсқалары көрсетілген тесттерден тұрады.

Структура курса

Курстың құрылымы
Курс 4 модуль, 15 дәрістен тұрады.
I модуль. С# тілінің операторлары мен операциялары
1-апта. С# тіліне кіріспе
2-апта.С# тілінің негізгі операторлары мен операциялары, Math класы
3-апта. С# тілінде циклдерді қолдану
II модуль. C# тіліндегі жиымдар, функциялар, символдар және тіркестер
4-апта. С# тілінде бір өлшемді жиымдарды өңдеу және foreach циклі
5-апта. Екі өлшемді және көп өлшемді жиымдарды өңдеу
6-апта. С# тілінде класс әдістерін қолдану
III модуль. Құрылымдар мен файлдар
7-апта. Символдар мен тіркестерді өңдеу
8-апта. C# тілінде тізбелер мен құрылымдарды өңдеу
9-апта. С# тілінде файлдарды пайдалану
IV Модуль. Объектіге бағытталған программалау
10-апта. Объектіге бағытталған программа¬лау ұғымы, кластарды сипаттау
11-апта. Қасиеттер, әдіс параметрлерінің ref және out модификаторлары
12-апта. Әдістер мен операторларды асыра жүктеу
13-апта. С# тілінде мұралауды жүзеге асыру
14-апта. С# тілінде интерфейстерді қолдану
15-апта. Делегаттар мен анонимді функциялар

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін құруға арналған алгоритмдерді, мәліметтер құрылымдарын және операторларды пайдалану арқылы программаларды құру қағидаларын және оларды компьютерде жүзеге асыруға арналған әдістер мен тәсілдерді тұжырымдау қабілетін қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері(ОН)

ОН 1 (когнитивтік) – C# программалау тілінің құрылымын түсіну және материалдарын интерпретциялауға арналған программаларды құру үшін теориялық білім мен практикалық дағдылар негіздерін қалыптастыру.
ОН 2 (когнитивтік) – C# тілі кітапханаларының модульдері негізінде программалық қосымшаларды құру мақсатында C# тілінің синтаксисі мен негізгі қағидалары туралы білімді қалыптастыру.
ОН 3 (функционалдық) – құрылған операторларға талдау жасауға байланысты арқылы алгоритмдік мәліметтерді (деректерді) пайдалану, соларды программалау тіліндегі енгізу-шығару және өңдеу заңдылықтарының тәжірибелік әдістемесін жүйелей отырып қолдану.
ОН 4 (функционалдық) – алгоритмдер, операторлар және функциялардың жазылу және қолданылу заңдылықтарын программалауда пайдалану.
ОН 5 (жүйелік) – объектіге бағытталған программалауға байланысты қосымшаларды құру жолдарын көрсететін программалар жүйесін құрастыру.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

1.1 – Программалау тіліндегі Net платформасымен танысып, оның негізгі артықшылықтарын анықтау.
1.2 – C# тілінің құрамы, идентификаторлары мен тұрақтыларын, айнымалылары туралы түсініктерді сипаттау.
1.3 – Логикалық, салыстыру, шартты операторларды қолдану тәсілдерін түсіндіру.
1.4 – C# тілінде мәліметтер типтерін, операциялық таңбаларды және Math класын қолдану заңдылықтарын талқылау.
2.1 – С# тілінде айнымалыларды сипаттау ерекшеліктерін сипаттау.
2.2 – Объектіге бағытталған программалау стилінде енгізу- шығару, меншіктеу операторларын қолданып, қосымшалар құру тәсілдерін анықтау.
2.3 – Есептер шығаруда циклдік алгоритмдерді қолдану ерекшеліктерін түсіндіру.
3.1 – Жиымдарды енгізу мен сипаттауды үйрену барысында нәтижелер алу мақсатындағы өңдеу әдістерін түсіндіріп беру.
3.2 – Алгоритмдерде символдар мен тіркестер, файлдарды өңдейтін кластардың негізгі әдістеріне талдау жасау.
3.3 - Тізбелер мен құрылымдарды өңдеу әрекеттерін түсіндіру.
4.1 – Әдістер мен функцияларды қолдану жолдарын түсіндіріп беру.
4.2 – Кластарды сипаттауды және класс мүшелеріне қол жеткізу әдістерін пайдалана отырып, қолданбалы сипаттағы алгоритмдік және программалық шешімдерді қолдану.
5.1 – Объектіге бағытталған программалау (ООП) қасиеттерін салыстыру.
5.2 – ООП ортасындағы полиморфизм ерекшеліктерін пайдалана отырып, әртүрлі программалар құруды негіздеу.
5.3 – Мұралау заңдылықтарын сүйене отырып, әртүрлі типті прог¬рамма¬лар құру.

Постреквизиттер

Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау;

Программалау тілдері.

Информатика мен физика пәндерінің орта мектепке арналған бағдарламалары.

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Бөрібаев Бақыт Бөрібайұлы

Бөрібаев Бақыт Бөрібайұлы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті болып жұмыс істейді.
Марапаттары:
13.02.1999: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісі;
15.10.2013: жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық еңбегі үшін А.Байтұрсынов ат. медаль;
4.09.2015: Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-фараби ат.Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалі;
16.01.2016: Қазақстан ұстаздары қоғамының «Ғалым-ұстаз» төсбелгісі;
16.05.2019: жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісі.
Сабақ беретін пәндері: «Программалау тілдері», «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау», «Web-технологиялар», т.б.Ғылыми еңбектері 200-ден асады, құрамында ғылыми мақалалар, баяндамалар, оқулықтар, оқу құралдары және сөздіктер бар.
2020/2021 оқу жылында «Программалауға кіріспе» атты ЖАОК құрастыру командасында жұмыс жасады. ЖАОК құрастыру бойынша ғылыми мақалалары жарияланды.

Course Staff Image #1

Мусиралиева Шынар Жеңісбекқызы

Мусиралиева Шынар Жеңісбекқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды.
«Экстремистік бағытты анықтау және киберкриминалистикалық құралдарды құру үшін веб-контенттің семантикалық талдауының модельдерін, алгоритмдерін әзірлеу» (2019-2022 жж.). 017 «Қорғаныс және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» атты жоба жетекшісі.
Марапаттары:
«2021 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы.
2022 жылы «Ерең еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
100-ден астам ғылыми еңбегі, 3 оқулығы бар, Хирш индексі – 4
Оқулықтары: 1. Мусиралиева Ш.Ж. Прикладная криптография(учебное пособие) Издательство “Print S” , Алматы 2004, 72с
2. Мусиралиева Ш.Ж. Қолданбалы криптография(оқу құралы) “Print S” баспасы, Алматы 2004, 68с
3. Мусиралиева Ш.Ж.Қолданбалы криптография. Оқу құралы. Қазақ Университеті. 2012ж. 80б.

Course Staff Image #1

Құрметқан Тұрдыбек

Техника ғылымдарының магистрі, ақпаратық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы.
Ақпараттық жүйелер және Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер мамандығының студенттеріне Алгоритмдеу, деректер құрлымы және программалау, программалау тілдері, Ақпараттық жүйелердегі деректер қоры, Ақпараттық жүйелердің қосымшасын құру, Обьектіге бағытталған Python тілі қатарлы бірнеше пән бойынша дәріс, зертханалық және семинар сабақтар жүргізді.
2022 жылы Физика-математика ғылымының кандидаты, профессор Алшынбаева Есентай Кайыпбайқызының 80 жас мерей тойына арналған «Математика, компьютерлік ғылымдар және IT» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «С# тілінде программалау» атты онлайн курсты құру мәселелері, «Программалауға кіріспе» пәнінен онлайн курс жасау әдістемеcі атты мақалалар жариялады.

Course Staff Image #1

Жумаханова Айгерім Нурланқызы

Техника ғылымдарының магистрі, ақпаратық жүйелер кафедрасының оқытушысы.
2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологиялар факультетінде «ЖАОК құру кезінде оқытудың мультимедиялық жүйелеріндегі ақпаратты визуалдауды автоматтандыру» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологилар факультетінің ақпаратық жүйелер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
Мақалалар тізімі:
2019 жылы желтоқсанда Алматы экономика және статистика академиясының «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы экономика және білім дамуының мәселелері және келешегі» конференциясында «Жаппай ашық онлайн білім беру процестерін дамытудың қазіргі мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020 жылы сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Ашық онлайн білім беру жүйесін қолданудың маңызы» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020/2021 оқу жылында «Программалауға кіріспе» атты ЖАОК құрастыру командасында жұмыс жасады. ЖАОК құрастыру бойынша ғылыми мақалалары жарияланды.

Course Staff Image #1

Сағынай Мөлдір

Техника ғылымдарының магистрі, ақпаратық жүйелер кафедрасының оқытушысы.
2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологиялар факультетінде «ЖАОК құру кезінде оқытудың мультимедиялық ресурстарды сүйемелдеу технологиясын жасау» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологилар факультетінің ақпаратық жүйелер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
Мақалалар тізімі:
2019 жылы наурызда Алматы экономика және статистика академиясының «ЖАСТАР ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ» XVIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Ашық online курстары арқылы білім беруді дамытудың заманауи мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020 жылы сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Ашық онлайн білім беру жүйесін қолданудың маңызы» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020/2021 оқу жылында «Программалауға кіріспе» атты ЖАОК құрастыру командасында жұмыс жасады. ЖАОК құрастыру бойынша ғылыми мақалалары жарияланды.

Тапсырмаларды орындау мерзімі бар ма?

Әр тапсырманың орындалу мерзімі оқу курсының күнтізбесінде (кестесінде) көрсетілген.
Мерзімдерді сақтамау ұпай жоғалтуға әкеледі.