Адам анатомиясына кіріспе. Сүйектер жүйесі, құрылысы және қызметі | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Адам анатомиясына кіріспе. Сүйектер жүйесі, құрылысы және қызметі


kaznu
Enrollment is Closed

Курс туралы

Бұл курстың негізгі мақсаты – медициналық жоғары оқу орындарының 1 курс студенттеріне адам анатомиясы пәнін меңгеруге көмектесетін электронды платформа құру. Пәнмен алғашқы кездесу оның есте сақтақтайтын латынша терминдердің көптігіне байланысты студенттер арасында белгілі бір қиындықтар мен қорқыныш тудырады. Автоматты есте сақтау әрқашан сәттілік әкелмейді, ақпаратты ұзақ уақыт жақсы есте сақтау үшін арнайы әдіс қажет.

«Остеология» бөлімінен басталатын бұл курс кіріспе болып табылады, онда біз студенттерге сүйектерге бағытталған бейне демонстрациялар арқылы негізгі ойларға назар аудара отырып, қарапайым есте сақтаудың «кілттерін» береміз, сонымен қатар практикалық медицинадағы білімнің маңыздылығын көрсетеміз.

Курстың құрылымы

1-апта. Адам анатомиясы курсына кіріспе.
1- Дәріс. Анатомияның міңдеттері және зерттеу әдістері
2- Дәріс. Біліктермен жазықтықтар. Медициналық терминология
2-апта. Остеология. Сүйектердің жіктелісі. Адам қаңқасы туралы жалпы түсінік.
3- Дәріс. Сүйектің құрылысы. Сүйектердің жіктелуі. Омыртқа жотасы. Омыртқалардың жалпы құрылысы. Мойын, кеуде омырқаларының құрылысы.
4- Дәріс. ел омыртқалардың, сегізкөз және құйымшақтың құрылыс ерекшеліктері. Қабырғалар.
3-апта. Иық белдеуі және қол сүйектерінің құрылысы.
5- Дәріс. Иық белдеуі сүйектерінің құрылысы: бұғана, жауырын.
6- Дәріс. Қол сүйектерінің құрылысы: тоқпан жілік, шынтақ сүйегі және қол басы сүйектері.
4-апта. Жамбас белдеуі және аяқ сүйектерінің құрылысы.
7- Дәріс. Жамбас белдеуі сүйектерінің құрылысы.
8- Дәріс. Аяқ сүйектерінің құрылысы.
5-апта. Бас сүйектерінің құрылысы.
9- Дәріс. Ми бөлімі сүйектерінің құрылысы
10- Дәріс. Самай сүйегінің құрылысы және өзектері.
6-апта. Бас сүmйектің топографиялық ерекшеліктері.
11-Дәріс. Бет бөлімі сүйектерінің құрылысы

Курстың академиялық презентациясы

Академиялық тәртіп ережелері
барлық білім алушылар ЖООК-қа тіркелу қажет. Онлайн курс модульдерін өту мерзімі пәнді оқыту кестесіне сәйкес мүлтіксіз сақталуы тиіс.
форум арқылы оқу үдерісінде туындайтын сұрақтар мен проблемалар туралы курс авторларына дер кезінде хабарлау.
оқытушылармен және басқа студенттермен желілік қарым-қатынаста этикет ережелерін сақтау.
курс авторлары рұқсат берген материалдарды ғана пайдаланыңыз және тапсырмаларды орындау немесе ақпарат алу үшін рұқсат етілмеген ресурстарды пайдаланбаңыз.
қауіпсіз құпия сөздерді пайдалану және құрылғыларыңызды зиянды бағдарламалардан қорғау сияқты онлайн қауіпсіздік тәжірибесін ұстаныңыз.
мүмкіндігі шектеулі студенттер gzhurabekova@gmail.com почта мекен-жайы арқыл кеңес ала алады.
Академиялық құндылықтар
қорытынды/зертханалық жұмыстардың жауабы өзіндік және шығармашылық сипатта болуы керек;
курстың қорытынды жұмысын рәсімдеу және тапсыру ережелерін сақтау;
бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады

Курстың мақсаты

Адам анатомиясы пәнін табысты меңгеру үшін негізгі құралдарды беру, сүйек жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы теориялық білімдерін клиникалық пәндерде дағдыларды дамыту және қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

ОН-1.Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер сүйектің анатомиялық препараттарын оңай бағдарлай алады. Сүйктердің ажырату белгілерін атап оларды рельефтік және ориентирлік анатомияда қолдану.
ОН-2.Бейімделу кедергісін» жеңіп, анатомияның келесі бөлімдерін тереңірек түсініп, жалғастырады.
ОН-3.Рентген сүретіңде студет өз бетімен сүйектерді аңықтайалады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер рентген сүреттерді талқылай алады.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 ЖИ Студенттер өз бетінше сүйек препараттарындағы анатомиялық құрылымдарды айтып, оларды көрсете алады.
1.2 ЖИ Студенттер қаңқаның оң және сол жақ жартысының сүйектерін өз бетінше ажырата алады, жеке омыртқаларды ажыратады.
2.1 ЖИ Студенттер негізгі анатомиялық терминологияны, анатомияда қолданылатын негізгі ұғымдарды меңгереді.
2.2 ЖИ Анатомияның негізгі зерттеу әдістерін және олардың практикалық маңызын меңгереді.
2.3 ЖИ Студенттер алған білімдерін клиникалық жағдайларды түсінуде, логикалық жауапты құрастыруда қолдана алады.
3.1 ЖИ Студент өз бетімен рентген сүретте негізгі сүйек бөлімдерің аңықтай алады.
3.2 ЖИ Студент рентген сүретті оқып сүйектің патологиялық жағдайын атап көрсетеалады.

Постреквизиттер

Морфология және физиология негіздері. Адам физиологиясы және морфологиясы.

Ақпараттық ресурстар

Морфология және физиология негіздері. Адам физиологиясы және морфологиясы.

Авторлар туралы

Course Staff Image #1

Журабекова Гульмира Атагуловна

Медицина ғылымдарының кандидаты,Қауымдастырылған профессор.2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша және 2002 жылы «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. 2002 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ қалыпты анатомия кафедрасында стажер – оқытушы болып жұмыс істей бастады. 2008 жылы D14.00.15-патологиялық анатомия мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Адам анатомиясы пәнін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуда 22 жылдық тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап кафедраның доцент қызметін атқарып, жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, тест емтихан сұрақтарын әзірлеуге қатысты. Тәжірибе алмасу аясында Лакуила университетінің (Италия) студенттері үшін «Кадавер курсын» ұйымдастырды. «Хиазмальды-селлярлы аймақтың клиникалық анатомиясы және оның қолданбалы маңызы» (2022), «Әйелдердің аналық бездер резервін зерттеу ерекшеліктері және аналық без кистасының қатерлі ісігінің ерте болжау» (2022) оқулықтарын жарыққа шығарды.

Course Staff Image #2

Сарсенова Ляззат Кадиргалиевна

Биология ғылымдарының кандидаты.Израильде, Англияда, Данияда, Сингапурда, Финляндияда медициналық білім беру әдістемесі саласында білім алған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық білім беруді жаңғырту, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік білім беру стандартын және ТУП әзірлеу, медициналық білім беру басқармасының жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын аккредитациялау туралы НААР сарапшысы болды. Ол медициналық білім беру әдістемесі бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы медициналық жоғары оқу орындарының, колледждердің, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының 3000-нан астам оқытушыларын оқытты. 60-тан астам жарияланымның, соның ішінде, 14 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы.

Course Staff Image #2

Бердалинова Акженис Кримгереевна

магистр оқытушы. 2000 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін аяқтады. 2001 жылы интернатураны тәмәдаған соң, Ақтөбе қаласындағы №1 диагностикалық кеңес беру емханасында балалар аллергологы ретінде жұмыс жасады. 2003 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің гистология кафедрасына оқытушы ретінде қабылдандым. 2012 жылы 6М110100 «Медицина» мамандығы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру – магистратура бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады. Қазіргі таңда 20 жылдық еңбек өтілділігі бар, гистология кафедрасының аға оқытушысы. Университет мамандықтарының пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету үшін ішкі нормативтік құжаттың авторы. 80 нен аса ғылыми туындылардың, 7 оқу процесіне ендіру актісі, 12 авторлық куәлігі жарық көрді.

Course Staff Image #2

Оралхан Жібек

Магистр оқытушы.2011 жылы Қытайдағы Сиань Цзяо Тонг университетін тіс емдеу дәрігері мамандығын тәмамдаған. 2014 жылы стоматология мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2018 жылы тарихи отанына, Қазақстанға оралып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина және денсаулық факультетінің іргелі медицина кафедрасында анатомия және физиология пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді, қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ береді. Кафедраның оқу процесіне, оқу жоспарын әзірлеуге, оқу жоспарын дайындауға, емтихан сұрақтарын дайындауға және оқыту әдістемесіне қатысты. 2020 жылдан бастап сол университеттің PhD докторантурасына қатысып, докторант ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын атқаруда.

Frequently Asked Questions

What web browser should I use?

The Open edX platform works best with current versions of Chrome, Edge, Firefox, Internet Explorer, or Safari.

See our list of supported browsers for the most up-to-date information.

Question #2

Your answer would be displayed here.

  1. Course Number

    AAK
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.