Торманов Нұртай
Биология ғылымының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биофизика және биомедицина кафедрасында қызмет атқарады. Ғылыми зерттеу еңбектері қоршаған орта факторларының адам мен жануарлар ағзасына әсері мәселелеріне, ағзаға жоғары ыстық температураның және гипоксияның тигізетін әсерлеріне, оған бейімделудің физиологиялық, биохимиялық механизмдеріне арналған. Сонымен қатар стресс факторлардың әсерінен ағзаның функционалдық жүйесіндегі құбылыстармен де айналысып келеді. Профессор Н.Тормановтың 200-ден астам ғылыми мақалалары мен 12-ден астам оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары баспадан шығып оқырмандарға ұсынылды. «Адам физиологиясы», «Биологияны оқытудың инновациялық технологиясы», «Экология және табиғатты қорғау», «Валеология», «Жас кезеңдер физиологиясы» т.б. Биология пәнінен өткізілетін конкурстар мен Олимпиадаларға қатысумен қатар, Алматы қаласы және Алматы, Қызылорда облыстарының мектеп мұғалімдеріне де оқу әдістемелік көмек көрсетуде. 2017 жылы «Адам физиологиясы» пәнінен жалпылама онлайн курсын дайындап тыңдармандарға ұсынды.