Бейорганикалық химияның таңдамалы мәселелері | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Бейорганикалық химияның таңдамалы мәселелері


Факультет химии и химической технологии
Enrollment is Closed

Курс туралы қысқаша мәлімет

«Бейорганикалық химия» курсы химияның дәстүрлі курстарының бірі. Ол әдетте екі бөлімнен тұрады. Шарты түрде оның бірінші бөлімін «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері», ал екінші бөлімін қысқаша «Элементтер химиясы» деп атайды. «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» курсында химиялық элементтер түзетін жай және күрделі заттардың (химиялық қосылыстардың) құрамы, құрылысы мен олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің байланыстарын түсінуге қажетті теориялық минимум беріледі.

Курс тыңдаушыларына қойылатын талаптар

Бұл курс тыңдаушылардың бірнеше категорияларына арналған

Курс авторы

Course Staff Image #1

Бекішев Құрманғали Батырбекұлы

Бекішев Құрманғали, педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры. 1949 жылы 1 октябрьде Алматы облысында туылған. 1972 жылы А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің (қазір СПбМУ) химия факультетін, ал 1976 жылы оның аспирантурасын физикалық химия кафедрасы бойынша бітірген. Сол уақыттан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еңбек етіп келеді. Германия, Чехия, Словакия және Ресей Федерациясы жоғарғы оқу орындарында ғылыми тәжірибе шыңдау іссапарларында болып қайтқан. Бекішев Қ. орта мектепке арналған химия оқулығының авторларының бірі. Ол 250 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 50-ден астам оқу құралдарының авторы. Ол 1997 жылдан бері химия пәні бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысатын еліміздің құрама командасының ғылыми жетекшісі қызметін атқарып келеді. «Химик анықтамалығы», «Дарын» және «Химия мектепте» сияқты республикалық ғылыми-әдістемелік журналдардың ақылдастар алқасының мүшесі. Білім саласына қосқан үлесі үшін ол «Білім ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин және «Білім ісінің құрметті қызметкері» медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және екі рет (2008 және 2014 жылдары) ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» грантымен марапатталған.

Жиі қойылатын сұрақтар

Курстың бағасы қанша?

Курс тегін. Тек тіркелу керек.

  1. Course Number

    Chem02
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    3 часа