Ежелгі Шығыс өркениеттері | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Ежелгі Шығыс өркениеттері


kaznu

Курс туралы

Курс Ежелгі Шығыс елдеріндегі тарихи үдерістерге талдау жасау; Ежелгі Шығыс қоғамдарының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау; Ежелгі Шығыстың жекелеген мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына салыстырмалы талдау жасау; Ежелгі Шығыс тарихының деректеріне сыни талдау жасау және оларды зерттеу жұмыстарында пайдалану; Ежелгі Шығыс өркениеттері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамаларды талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған және базалық циклына жатады.
Адамзат тарихының ең ежелгі дәуіріндегі тарихи құбылыстар мен оқиғаларды, жекелеген ежелгі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерін түсіну, әсіресе ең алғашқы өркениеттердің ошағы болып табылатын Ежелгі Шығыс өркениеттерінің қалыптасып, даму ерекшеліктерін түсіну және игеру бакалавриаттың төменгі курсының студенттері үшін қиынға соғады. Кампус ішінде қолдануға арнап түсірілген онлайн-курс осы мәселені шешуге бағытталған. Курстың мақсатына - курсты жарнамалау, болашақ тыңдаушыларды курсты оқуға ынталандыру да жатады.

Курстың құрылымы

1 апта.Ежелгі Египет өркениеті.
2 апта.Ежелгі Месопотамия өркениеті.
3 апта.Ежелгі Иран.
4 апта.Ежелгі дәуірдегі Оңтүстік Азия өркениеті.
5 апта.Ежелгі Қиыр Шығыс өркениеті.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Ежелгі дүние тарихының негізгі оқиғалары мен құбылыстарын жүйелі түрде игеру және оны әлемдік тарихи процестерді түсінуде пайдалану.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Ежелгі Шығыс елдеріндегі тарихи үдерістерге талдау жасау.
2-ОН. Ежелгі Шығыс қоғамдарының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін анықтау.
3-ОН. Ежелгі Шығыстың жекелеген мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына салыстырмалы талдау жасау.
4-ОН. Ежелгі Шығыс тарихының деректеріне сыни талдау жасау және оларды зерттеу жұмыстарында пайдалану.
5-ОН. Ежелгі Шығыс өркениеттері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамаларды талдау.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 Тарихи процестердің себеп-салдарлы байланыстарын анықтау.
1.2 Ежелгі өркениеттердің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтау.
2.1 Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің қалыптасу жағдайларына талдау жасау.
2.2 Ежелгі Шығыс елдерінің саяси дамуына талдау жасау.
2.3 Ежелгі Шығыс елдерінің мәдени дамуына талдау жасау.
3.1 Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін анықтау.
3.2 Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің экономикалық дамуының ерекшеліктерін анықтау.
4.1 Ежелгі Шығыс елдері бойынша деректерге сыни талдау жасау.
4.2 Деректерді семинарлар мен СӨЖ тапсырмаларын орындауда пайдалану.
5.1 Ежелгі өркениеттердің қалыптасуы туралы Батыс Еуропа зерттеушілерінің еңбектерімен танысу және оларға сыни баға беру.
5.2 Кеңестік шумерологтар мен египтологтардың еңбектерімен танысып, оларға сыни баға беру.
5.3 Ежелгі Шығыс және антикалық өркениеттерді өзара салыстыру негізінде аталмыш өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін және ортақ тұстарын анықтау.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер:Қазақстанның ежелгі дүние тарихы; Философия; Әлемдік өркениеттер тарихы.
Постреквизиттер:Орта ғасырлар тарихы; Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы.

Ақпараттық ресурстар

1. История Востока. Т. 1. Восток в древности. –М., 1995.
2.Қартабаева Е.Т., Мырзабекова Р.С. Ежелгі дүние тарихы - Алматы, 2019.
3. Қартабаева Е.Т. Шығыс елдерінің ежелгі және орта ғасырлар тарихы. – Алматы, 2015.
4. История Древней Греции. Под ред. В.И.Кузищина. – М., 2003.
5. История древнего Рима.// Под ред Кузищина. – М., 2001.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

Курс авторы

Course Staff Image #1

Қартабаева Ерке Тамабекқызы

Қартабаева Ерке Тамабекқызы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті. Жалпы педагогикалық өтілі 31 жыл. Әлемдік тарих саласының белгілі маманы, жалпы саны 150-ге жуық ғылыми және оқу-методикалық еңбектердің, 1 монографияның авторы.

  1. Course Number

    EShO_kz
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2-3 часа

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.
Enroll