Қашықтан зондылау және ГАЖ | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Қашықтан зондылау және ГАЖ


kaznu

Курс туралы

«Қашықтан зондылау және ГАЖ» курсы қазірге кезде табиғи ресурстарды зерттеу және картографиялау үшін замануи қашықтан зондылау әдістерін және олардың мәліметтерін ГАЖ бағдарламалары арқылы өңдеу және талдау меңгеру туралы. Қашықтықтан зондылау көмегімен Жердің табиғи ресурстарын және табиғи компонентерді зерттеуге және картографиялауға болады. Қазіргі замануи компьютерлік бағдарламалар қашықтан зондылау мәліметерін жинауға, сақтауға және талдауға мүмкіндік береді. Оны ГАЖ деп атайды. ГАЖ – жер бетінің қасиеттері туралы мәліметтерді ғарыштық суреттер негізінде кодтауға, сақтауға және алуға арналған құрал ғана емес. ГАЖ тенденцияларды талдауға және интерактивті режимде қабылданған шешімдердің нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Курс қолданбалы есептерді шешу үшін спутниктік түсірілімдерді жедел пайдалану дағдыларын меңгеруге және ғарыштан Жер туралы ақпарат негізінде шешім қабылдауға көмектеседі.

Авторлар туралы

Course Staff Image #1

Көшім Әсима Ғалымжанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, картография және геоинформатика кафедрасының профессоры., география ғылымдарының докторы. География, геоморфология, Жерді қашықтан зондылау геоақпараттық картография, геоэкология салалары бойынша 6 монографиясы, 18 әдістемелік құралдары бар. 200-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды, оның ішінде Scopus базасында – 12, Web of Science-2, индекс хиршасы h=5. ҚР ҒЖБМ қаржыландыру бойынша бірнеше ғылыми жобаны атқарған. Үш деңгейлі (бакалавр, магистратура, докторантура) үш білім беру бағдарламалардың координаторы («Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер»). Екі докторанттың ғылыми жетекшісі. ҚазҰУ-ң үздік оқытушысы» (2010 ж);

Course Staff Image #2

Кудайбергенов Муратбек Касимбекович

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы. «Геодезия» мамандығы бойынша PhD докторантурасын бітірген. МООС-қа қатысты «Жерді қашықтан зондылау», Геоинформатика», «Геодезия мен картографиядағы ГАЖ» пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді. Ионосфера Институты директорының орынбасары болып қызмет атқарады және кафедрада практикалық сабақтар жүргізеді.

Course Staff Image #1

Бекжанова Ақтоты Утеповна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы, география магистрі. «ҚазҰУ хабаршысы», журналдарында мақаласы бар. 2018 жылы геоморфология мамандығы бойынша аспирантураны бітірді. Жыл сайынғы өтетін Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына 10 мақаласы шықты. Ғылыми мақалалар саны - 4. БАҚ бойынша бірнеше республикалық газеттерінде мақалалары жарияланды.

Course Staff Image #1

Аугамбаев Кайрат Канатович

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы, «Аэроғарыштық зерттеу әдістері» пәні бойынша практикалық сабақтар жүргізеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Курс аяқталғаннан кейін сертификаттар берілеме?

Шекті баллдан төмен емес тапсырмаларды орындау кезінде сіз сертификат ала аласыз.

Оқуды бастау үшін не қажет?

Оқуды бастау үшін Сіз платформада тіркеліп, open.kaznu.kz. сайтқа кіріп, "Қашықтан зондылау және ГАЖ" курсын таңдайсыз.

  1. Course Number

    GjKZ
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Estimated Effort

    3 сағат
Enroll