Кәсіпкерлік | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Кәсіпкерлік


kaznu

Курс туралы

Курс кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті білім және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курста кәсіпкер және кәсіпкерлік ойлау, бизнес – идеяларды табу және стартапты жүзеге асыру, кәсіпкерліктің құқықтық мәселелері, тіркеу жолдары, кәсіпкерлікке қажетті ресурстар және маркетинг стратегиясы, кәсіпкерлік тәуекелдер, тиімді бизнес-жоспар жасау қарастыралады.

Курстың құрылымы

Д.1 Кәсіпкерлік ойлау жүйесі: табысқа жетудің алғашқы қадамы
Д.2 Кәсіпкерліктің бизнес-идеясы
Д.3 Кәсіпкерліктің құқықтық мәселелері
Д.4 Кәсіпкерліктегі маңызды ресурстар
Д.5 Кәсіпкерліктегі маркетингтік мәселелер
Д.6 Бизнес-жоспарлау
Д.7 Кәсіпкерліктегі тәуекелдер
Д.8 Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Курстың мақсаты – тыңдаушылардың кәсіпкерлік бойынша базалық білімдерін және қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес іс-әрекеті үшін практикалық дағдыларын, өзінің жетістіктері, табысы және әл-ауқаты, өмірлік ұстанымдары үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Сонымен қатар, университетіміздің және оқытушылардың танымалдылығын арттыру, кәсіби білімдерімен бөлісу, осы салаға қызығушылығы бар қалың тыңдаушыларды оқыту.

Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)

  • ОН 1 жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін нарық мүмкіндіктерін пайдалануға;
  • ОН 2 бизнесті бастау туралы бастапқы шешімді қабылдауға;
  • ОН 3 қолданыстағы құқықтық нормалар шеңберінде тиімді жұмыс жасауға;
  • ОН 4 стартаптың әлеуетті нарықтық мүмкіндіктерін анықтауға және бағалауға
  • ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

    ЖИ 1.1 кәсіпкерлік ойлау және креативтілік дағдыларын меңгеру;
    ЖИ 1.2 заманауи трендтерді және нарық мүмкіндіктерін зерттеу;
    ЖИ 2.1 бизнес-идеяларды генерациялау және өзінің бизнес идеясын тиімді жылжыту;
    ЖИ 2.2 бизнес идеяны кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдыларын меңгеру;
    ЖИ 3.1 кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың және реттеудің қолданыстағы заңнамасымен жұмыс жасау;
    ЖИ 3.2 бизнесті ұйымдастыру және жүргізудің тиімді нысанын таңдау;
    ЖИ 3.3 тәуекелді төмендету әдістерін пайдалану;
    ЖИ 4.1 стартапты жүзеге асырудың ресурстық қамтамасыз етілуін бағалау;
    ЖИ 4.2 командада менеджмент жүйесін құру және дамыту;
    ЖИ 4.3 өнімді жылжытудың заманауи маркетингтік технологияларын қолдану;
    ЖИ 4.4 бизнестің нәтижелерін негіздеу және жоспарлау;

    Классификаторға(білім беру бағдарламасының атауы) сәйкес білім берудің мүмкін болатын бағыттары

    6B01 Педагогикалық ғылымдар
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
    6B04 Бизнес, басқару және құқық
    6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
    6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
    6B10 Денсаулық сақтау
    6B11 Қызмет көрсету

    Онлайн курстың авторлары туралы ақпарат

    Course Staff Image #1

    Нурманова Бикен Зейнулловна

    Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 70-тен астам жарияланымның, соның ішінде «Экономика ілімдер тарихы» (2013), «Экономика негіздері. Практикум» (2018), «Basics of Economics» (2018) оқу құралдарының авторы. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 70-тен астам жарияланымның, соның ішінде «Экономика ілімдер тарихы» (2013), «Экономика негіздері. Практикум» (2018), «Basics of Economics» (2018) оқу құралдарының авторы. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.

    Course Staff Image #1

    Даулиева Галия Рахметовна

    Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының жалпы саны 100-ге жуық. Соның ішінде 9 оқу құралдарының (5 бірлескен), 8 оқу-әдістемелік құралдардың, 4 ұжымдық монографиялардың авторы. 2020 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақтанның үздік ғылым кандидаты – 2020» төсбелгісімен, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен, «Рухани жаңғыру» МБ шеңберінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша бейнедәрістерді жасауға қатысқаны үшін «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ алғыс хатымен маратталған.

    Course Staff Image #1

    Табеев Талгат Пазильбекович

    Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары 50 шамасында жарық көрді. Студенттік үйірме жетекшісі, факультетің қоғамдық әлеуметтік жұмыстарына белсенді қатысады.

    Course Staff Image #1

    Есенгелдиева Гульмира Токтасыновна

    Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы. Экономика ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 20-дан астам жарияланымның авторы.

    Course Staff Image #1

    Андабаева Гульмира Кенжегалиевна

    Әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Экономика кафедрасының доценті. Автордың 30 жуық ғылыми және методикалық еңбектері, оның ішінде «Кәсіпорын экономикасы» атты оқу құралы жарыққа шықты. ЭБЖМ академиялық комитеттің мүшесі.

    Enroll