Қалдықтардан энергия өндіруге арналған қондырғылар мен технологиялар | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Қалдықтардан энергия өндіруге арналған қондырғылар мен технологиялар


kaznu
Enrollment in this course is by invitation only

Курс туралы

Бұл курста білім алушыларға қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе болып отырған жаңа және жоғары технологиялар саласында қалдықтардан энергия өндіру үшін қолданылатын қондырғылар мен жаңа технологияларды жүзеге асырудың заманауи тәсілдері мен әдістерін, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы құралдарын қолдану дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру көрсетілген. Қалдықтарды өңдеудің әдістері өте көп, сондықтан қалдықтарды өңдеу үшін біз тәжірибе жасау барысында жаңа технология ретінде плазма генераторын қолдандық. Осы курстың ерекшелігі генераторларды қолдану арқылы плазманы алу әдістері болып табылады. Ары қарай қондырғыларды сәйкестендіріп, жіктеп, қалдықтардан энергия өндіретін шарттары мен жұмыстарын түсіндіріп, термодинамикалық есептер жүргізіп, плазма химиялық процестерді сипаттаймыз

Курстың құрылымы

1-апта. Қалдықтарды өңдеуге арналған плазмалық реакторлардың жалпы схемасы.
2-апта. Қалдықтарды плазмалық өңдеу бойынша қолданыстағы технологиялар.
3-апта. Қатты қалдықтарды плазмалық өңдеу.
4-апта. Медико – биологиялық қалдықтарды плазмалық өңдеу.
5-апта. Өсімдік негізіндегі ауыл шаруашылық қалдықтарды плазмалық қайта өңдеу.
6-апта. Жануарлар негізіндегі ауыл шаруашылық қалдықтарын плазмалық қайта өңдеу.
7-апта. Өндірістік қалдықтарды плазмалық өңдеу.
8-апта. Құрамында уран бар қатты қалдықтарды плазмалық өңдеу.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Мақсат – студенттерді заманауи энергетикалық технологиялармен және қалдықтарды өңдеу мен жоюға арналған қондырғылармен таныстыру, оларды қайта өңдеу мен қалдықтарды жоюдың басқа әдістерімен салыстыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Бұл проблеманың жай -күйі туралы жаһандық және жергілікті масштабтағы сенімді ақпаратқа негізделген қалдықтардың қазіргі проблемаларын түсіну.
2-ОН. Қалдықтарды тұрмыстық деңгейде азайту үшін қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың заманауи әдістерін қолдану.
3-ОН. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесінің әдіснамасын пайдалану.
4-ОН. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ең үздік қолжетімді технологиялары (әдістері) туралы ақпаратты талдау
5-ОН. Қалдықтарды қайта өңдеудің немесе кәдеге жаратудың экономикалық және экологиялық орындылығын бағалау.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1. Ұлттық және халықаралық деңгейде қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы проблемаларды білу.
2. Қалдықтарды энергетикалық өңдеу немесе кәдеге жарату әдістерін меңгеру.
3. Ластауыштардың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату әдістерін білу.
4. Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау.
5. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ұсынылып отырған әдісін пайдаланудың экологиялық-экономикалық тиімділігін есептеу.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Физика, химия, жоғары математика.

Ақпараттық ресурстар

1. И.А. Шарина. "Перспективы использования плазменной технологии для переработки/уничтожения техногенных отходов", ЭКО.-2016.-#12
2. А.Г.Каренгин. "Плазменные технологии переработка веществ",Томский политехнический университет,2008.
3. В.Д. Пархоменко. "Плазмохимическая утилизация промышленных отходов",Томский политехнический университет,2016.
4. В.Е. Мессерле. "Плазмохимическая переработка медико-биологических отходов", Инженерно - технический журнал, -2015.- #6
5. В.Е. Мессерле. "Термодинамический анализ плазменной газификации отходов сельского хозяйства", Al-Farabi Kazakh National University, -2019

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Мессерле Владимир Ефремович

Мессерле Владимир Ефремович техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
әл Фараби атындағы ҚазҰУ Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері. 540-тан астам жарияланған жұмыстары бар, оның ішінде 15 монография, 3 препринт және КСРО, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Украина, Қытай, Германия, Греция және басқа елдердің өнертабыстарына 63 патент иесі.

Course Staff Image #1

Тастанбеков Абзал Кайратович

Жылу энергетикасы мамандығының докторанты. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың заманауи технологияларын зерттеумен айналысады.

Course Staff Image #1

Бодыкбаева Мөлдір Кабденовна

Жылу энергетикасы мамандығының докторанты. әл Фараби атындағы физика - техникалық факультетінің оқытушысы. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың заманауи технологияларын зерттеумен айналысады.

  1. Course Number

    KEOaKmT
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    1,5 часа

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.