Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы  | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлер химиясы 


kaznu

Курс туралы

Бұл курста тыңдаушылар медика - биологиялық полимерлер химиясының негізгі ұғымдарымен және анықтамаларымен, олардың жіктелуі мен ерекше қасиеттерімен танысады... (оставшаяся часть текста)

Курстың құрылымы

1 модуль. Полимерлер химиясының негізгі ұғымдары мен жіктелуі.
2 модуль. Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлердің синтездеу әдістері.
3 модуль. Заттың полимерлік күйінің ерекшеліктері.
4 модуль. Полимерлердің ерітінділері.
5 модуль. Физиологиялық белсенді полимерлер.
6 модуль. Полимерлердің дәрілік формалары.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты:

Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлерді алудың негізгі әдістерін жүйелеу, оларды алу әдістеріне байланысты полимерлердің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтау... (оставшаяся часть текста)

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Биомедициналық полимерлердің ұғымдары мен терминдерін, жіктелуін және номенклатурасын сипаттауды... (оставшаяся часть текста)

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

ЖИ 1.1 Биомедициналық мақсаттағы полимерлерді жүйелі, рационалды және тривиалды номенклатураларды қолдана отырып жіктеу... (оставшаяся часть текста)

Пререквизиттер және постреквизиттер

Органикалық химия, Физикалық химия, Медициналық бұйымдар жасау, Полимерлі фармацевтика өндірісінің сапасын бақылау, Биологиялық белсенді қосылыстарды иммобилизациялау негіздері

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Уркимбаева Перизат Ибрагимовна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к., доцент. Биомедицинаға арналған полимерлер саласында фундаментальді ғылыми зерттеулер бағадарламасы бойынша бірнеше жобаға, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі МАГАТЭ бағдарламасына қатысқан. «Антимикробты белсенділігі бар гидрогелді таңғыштарды алудың радиациялық технологияларын жасау» жобасының ғылыми жетекшісі болған (2018-2020 ж.). Ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша 150-ден аса басылымдары арнайы республикалық және халықаралық баспаларда (Polymer Science, Radiation Chemistry and Physics, Colloid Polym Sci, Macromolecular Chemistry and Physics, Bulletin of Experimental Biology and Medicine және т.б.) жарыққа шыққан. Әріптестерімен бірге 4 оқу құралын баспаға шығарған. Хирш индексі -3.

Course Staff Image #2

Токтабаева Асель Кыргызбаевна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер кафедрасының доценті, х.ғ.к., доцент. 2015 жылы «Дәрілік заттарды әзірлеу, тіркеу және өндіру ережелері туралы» («ПК Ромат» ЖШС) біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Кафедра қызметкерлерімен синтезделген препараттарды (рихлокаин, альхидин) заттарға бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Иммобилизацияланған полимерлі гидрогельдер С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да клиникалық сынақтардан сәтті өтті. Қазіргі уақытта бұл дәрілік формаларды клиникалық тәжірибеге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Орындаушы ретінде ҚР БҒМ ПФҚ ғылыми жобаларына қатысты: «Жаңа мембраналық технологиялар негізінде күн энергиясын біріктірілген пайдалану жүйелерінің тәжірибелік өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру» (2014-2016); «Тамарикс өсімдігінің сығындысының полимерлі дәрілік формаларын жасау», (2015-2017); «Гидрофильді полимерлер негізіндегі жаңа вагинальды дәрілік формаларды алу технологиясын әзірлеу» (2020-2022 жж.). Мамандандырылған республикалық және халықаралық басылымдарда (Journal of Chemical Technology and Metallurgy, Journal of Engineering and Applied Sciences) 150-ден астам жарияланымдар бірлескен авторлықпен жарияланды, өнертабысқа 7 патент алынды. 12 оқулықтың бірлескен авторы. Хирш индексі -2.

Course Staff Image #3

Рахметуллаева Райхан Кулымбетовна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор міндетін атқарушы. 2001 жылдан бастап әл_Фараби атындағы КазҰУ-да жоғары молекулалық қосылыстар химиясынан сабақ береді. Оның бірлескен авторлығымен 90-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, оның ішінде 6 оқу құралы, ҚР ҒЖБМ ҒК ұсынған журналдарда 26 мақала, Scopus деректер базасына енгізілген журналдарда 4 мақала және Clarivate Analytics деректер базасына енгізілген журналдарда 4 мақала (IF=20.1, Q1; IF=3.6, Q2 және IF=2.6, Q2). 2008 жылы ҚазҰУ химия факультетінде ғылыми диссертация қорғап, ғылыми дәрежеге ие болған. "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде "Түрлендірілген крахмал негізіндегі биологиялық ыдырайтын материалдар өндірісі" жобасының жетекшісі болды (2021-2022 жж.), сондай-ақ басқа да: "Жоғары тиімді практикалық қолданудың кең спектрі бар функционалдандырылған органикалық заттар мен материалдарды жасау "(2018-2020 жж.); "Нанокүміспен құрылымдалған биомедициналық мақсаттағы жаңа полимерлі гидрогельді материалдарды өндіру технологиясын құру" (2012-2014 жж.) жобаларда жауапты орындаушы болды. "Гидрогельді жараға арналған полимерлі композиция" атты пайдалы моделіне патенті бар. Оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысып, 5 жыл бойы факультеттің әдістемелік бюросының төрағасы болды. Ұзақ уақыт бойы бакалавриат үшін «Биомедициналық мақсаттағы полимерлер»; «Биомедициналық полимерлердің химиясы мен өндірісінің технологиясына кіріспе»; «Полимерлік материалдардың сапасын бақылау», магистратур үшін "Полимерлердің химиялық модификациясы"; "Физиологиялық белсенді полимерлердің химиясы және технологиясы" пәндерін оқиды. Хирш индексі -4.)

Course Staff Image #4

Кенесова Зарина Анваровна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының м.а доценті. Стимул сезімтал полимерлердің синтезі, соның ішінде биомедициналық мақсаттарға арналған полимерлер саласындағы маман.2007 жылы Лодзь қаласында (Польша) ғылыми тағылымдамадан өту үшін екі жыл мерзімге «2-гидроксиэтилметакрилат негізіндегі амфифилді сополимерлердің кешендері» атты жас ғалымдарға арналған халықаралық INTAS қорының жеке грантының иегері атанды. (2007-2008 Анықтама Nr 06-10000-6093). 2020 жылы Тұңғыш Президент Қорының «Қазақстандық өсімдік материалдары негізіндегі индукциялық ауа тазартқышы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу грантын жеңіп алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AP08052806 «Табиғи өсімдік материалдарынан бағалы компоненттерді бақыланатын экстракциялау әдістерін әзірлеу» жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі болды (2020 ж.); 5 ғылыми жобаның жауапты орындаушысы. Бірлескен авторлықта республикалық және халықаралық басылымдарда 60-қа жуық жарияланымдары, пайдалы модельге 2 патенті бар. 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және 7М07203 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларын әзірлеуші болып табылады. Хирш индексі -2.

  1. Course Number

    MBMPH
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2 сағат
Enroll