Мәдениеттану | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Мәдениеттану


Факультет философии и политологии
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Мәдениеттану» курсы елімізде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша міндетті пәндердің қатарына енеді. Курс студенттерге осы пәнді оқытуда озық әлемдік және отандық оқыту тәжірибесіне негізделеді. Онлайн курста авторлық дәрістермен қатар қосымша материалдар, слайдтар, тапсырмалар, оқыған материалды пысықтайтын тестілер және қорытынды емтихан тестілері келтірілген. Курсты игеру нәтижесінде студенттер қазіргі мәдениеттанудың негізгі ұғымдары, категориялары және қағидаттарымен, әлемдік мәдениеттер және өркениеттердің басты құндылықтарымен, Қазақстан мәдениетіндегі тарихи және заманауи үдерістермен таныса алады.

Курстың құрылымы

1-апта. Мәдениет ұғымы және құрылымы
2-апта. Мәдениет тілі
3-апта. Мәдениет семиотикасының сипаты
4-апта. Мәдениет анатомиясының сипаты
5-апта. Әлеуметтік мәдениет
6-апта. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті және арғытүркілердің мәдени мұрасы
7-апта. Орталық азияның ортағасырлық мәдениеті
8-апта. Түркілердің мәдени мұрасы
9-апта. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
10-апта. XVIII – ХIХ ғғ. Аралығында қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуы
11-апта. ХХ ғ. Және ххі ғ. Басындағы қазақ халқының мәдениеті әлемдік үдерістер аясында
12-апта. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
13-апта. Жаһандану мән-мәтініндегі қазақстан мәдениеті
14-апта. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары
15-апта. Қазақстандағы еріктілер (волонтерлер) қозғалысы

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара қарым-қатынасты реттеу үшін мәдени ерекшеліктерді түсіндіру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН: Мәдениеттану саласындағы негізгі категориялық-түсініктік аппаратты қолдану.
2-ОН: Әр түрлі кезеңдердегі мәдениеттің тарихи типтерінің негізгі сипаттамаларын талдау.
3-ОН:Мәдениет дамуының әр түрлі деректеріне әлеуметтік-мәдени сараптама жүргізу.
4-ОН: Әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәселелерге жеке ұстанымын қалыптастыру және негіздеу.
5-ОН: Мәдениет жетістіктерін олардың жасалуының тарихи мәнмәтінін түсіну негізінде бағалау.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 ОИ Мәдениеттанулық білімнің теориялық, құндылықтық, қолданбалы астарларын бөліп көрсету.
1.2 ОИ Мәдениеттанулық ілімнің классикалық қорын құрайтын іргелі мәтіндердің негізгі мазмұнын айқындау.
1.3 ОИ Өз елі мен әлеуметтік-мәдени кеңістігінің мәдени даму ерекшеліктерін, жаһандық, ұлттық және аймақтықтың заманауи үйлесу негіздерін жіктеу.
2.1 ОИ Қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы мәдениет көріністерін түсіндіру.
2.2 ОИ Мәдениеттердің өзара әрекет сипатын және әлемдік мәдени әмбебаптану үрдістерін айқындау.
2.3 ОИ Мәдениет және өнер мәселелері бойынша өзінің көзқарастары мен пікірлерін дәйекті түрде жеткізе білу.
3.1 ОИ Мәдениеттің тарихи типтерінің негізгі сипаттамаларын сараптау.
3.2 ОИ Әлеуметтік-мәдени талдау жасағанда мәдениет типологиясының негізгі ұстанымдары мен өлшемдерін қолдану.
3.3 ОИ Тарихи даму барысында қалыптасқан маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін бағалау.
4.1 ОИ Мәдениеттің әр алуан жетістіктеріне құндылықтық қарым-қатынас қалыптастыру.
4.2 ОИ Мәдениеттанулық талдау әдістерін қолдану.
4.3 ОИ Мәдениет бөлшектері арасындағы мәдениет жүйелері мен байланыстары динамикасын түсіндіру.
5.1 ОИ Ұлттық және әлемдік деңгейдегі адамзат қоғамының тарихи-мәдени даму заңдылықтарының негізінде мәдени үдерістердің дамуын сыни тұрғыдан қайта қарастыру.
5.2 ОИ Әлеуметтік-мәдени бейімделу дағдыларын игеру.
5.3 ОИ Қолдағы бар деректер негізінде мәдениеттанулық түсіндіру мен мәдени қайта ұйымдастыру жүргізу.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы.
Постреквизиттер: білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға сай жұмыс оқу жоспарларын ескере отырып, жоғары оқу орны дербес айқындайды.

Ақпараттық ресурстар

1.Мәдениеттану: Оқулық, ұжымдық монография – Алматы: Лантар Трейд, 2019. ISBN 978-601-250-155-1. – 416 б.
2. Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы Қазақ университеті, 2014.
3. Жаһандану және Қазақстанның заманауи мәдениеті: ұжымдық монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. –334 б. ISBN 978-601-04
4. Дәстүрлі және заманауи қазақ мәдениеті. Хрестоматия (Электрондық кітап). Авторлар ұжымы. Традиционная современная культура Казахстана. Коллектив авторов. - Алматы: Қазақ университеті, 2018.
5. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: Оқулық (ҚР БҒМ РОӘК). – Алматы: Эверо, 2018. – 343 с.
6. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. Культурология. - Алматы, 2011.
7. Нуржанов Б.Г. Модерн. Постмодерн. Культура. – Алматы: Өнер, 2012
Мәдени-философиялық энциклопедия. Авторлар ұжымы – Алматы: Лантар Трейд, 2019. – 344 б.
8. Gabitov Tursun. Kazakh сulture сhallenges . - Almaty: Evero, 2018. - 234 p.
9. Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы. Авторлар ұжымы. - Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 298 б.
10. Жолдубаева А.К. Мәдени антропология: негізгі мектептер және бағыттар. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 160 б.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Ғабитов Тұрсын Хафизұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия ғылымдарының докторы, Мәдениеттану профессоры. ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. ҚР БҒМ ұсынған «Мәдениеттану», «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты оқулықтардың авторы, «Құрмет» орденімен марапатталған.
E-mail: tursungabitov@mail.ru

Course Staff Image #1

Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты. 40-қа жуық ғылыми мақалалар (таяу және алыс шетелдердің ғылыми басылымдарында, Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) базаларына кіретін журналдарда), 3 оқу құралы, 1 ғылыми монография, 5 ұжымдық монография, авторлықта шыққан 3 энциклопедиялық сөздіктің авторы.
E-mail: alya.omirbekova@kaznu.kz

Course Staff Image #1

Абдрахманов Сұлтан Мұрзахметұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, дінтану магистрі. 2016-2019 жылдар аралығында Түркия елінде (Измир қаласы) Докуз Эйлуль университетінде магистратураны бітірді.
E-mail: abdrahman.sm@mail.ru

Course Staff Image #1

Осербаев Елдос Нұрланұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD докторанты, «Мәдениеттану» магистрі. «Жаһандану және Қазақстанның заманауи мәдениеті», «Қазақстандағы мәдени туризм. Ұлттық код. Артефактілер» монографиясының авторларының бірі. «Дәстүрлі және заманауи қазақ мәдениеті. Хрестоматия (Электрондық кітап) және «Қазақстандағы мәдени ескерткіштер мен жәдігерлер (Электрондық контент) оқулығы құрастырушыларның бірі.
e-mail: eldos.cs@mail.ru

  1. Course Number

    Madeni_kz
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2 часа

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.