Психология (қазақ тілінде) | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Психология (қазақ тілінде)


Факультет философии и политологии
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Психология» курсын оқу барысында сіз алатын білімдер, атап айтсақ, тұлғаның психологиялық табиғаты, ұлттық сананың психологиялық негіздері сияқты сұрақтар қоғам мүшесі ретінде аса қажет, осы курста сізге бағдар бере алатын теориялық-практикалық білімдер өмірде сәттілікке жетуге, бәсекеге қабілетті болуға үйретеді.
Теориялық зерттеулер, практикалық психологиялық жаттығулар, көптеген психологиялық әдістер «Мен кіммін?» деген негізгі ішкі сұраққа жауап алуға сізді бағыттайды.
Өзіңіздің психологиялық портретіңізді жасайсыз, қоршағандармен позитивті қарым-қатынас жасау психотехнологияларын игересіз, қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында өзіңіздің психологиялық денсаулығыңызды нығайта аласыз.
Күнделікті өміріңізде өтіп жатқан жағдайларға орай стресстік күйіңізді өзгерте алатын стресс-менджмент, эмоциялық интеллект, әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастырудың негіздеріне бағдарланған психологиялық семинар-тренигтік бағдарламаларды игересіз, өзіңізге психологиялық көмек беруге машықтанасыз.
Ең бастысы сіз өзіңіздің мотивациялық және эмоциялық әлеміңізді тани отырып сіз позитивті жаққа қарай өзгересіз, өзіңізді жеңесіз, сіз сәтті, ұтқыр, динамикалы, интеллектік әлеуеті жоғары, мықты, бәрі сізге қызыға қарайтын тұлғаға айналасыз.
Тұлға құрылымындағы Мен-концепциясын игеріп, өзіңізді адекватты бағалау мен құрметтеуге жол тартасыз!

Курстың құрылымы

І БЛОК. Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі ұлттық сананы қалыптастыру негізі ретінде.
ІІ БЛОК. Тұлғаның жеке дара-типологиялық ерекшеліктері және құндылықтар жүйесі.
ІІІ БЛОК. Психологиялық денсаулық тұлғаның әлеуметтену процесінің негізі ретінде.
ІV БЛОК. Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясының теориялық негіздері.
V БЛОК. Тұлғаның мінез-құлық моделдері әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру негізі ретінде.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Мінез-құлық моделдерін талдау барысында эмоциялық және әлеуметтік интеллект пен имидж, стресс-менеджмент түсініктерін негіздеуге бағытталған бағдарлама құрастыру үшін психодиагностикалық әдістер мен психотехнологияларды қолдану арқылы ұлттық сананы дамыту контекстіндегі тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі, құндылықтар жүйесі туралы теориялық білім негіздерін қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН: Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ұлттық сана туралы теориялық білімдерін қалыптастыру.
2-ОН: Құндылықтар жүйесі және өзіндік анықталу негізінде тұлғаның «психологиялық портретін» түсіндіру.
3-ОН:Психологиялық денсаулық және әлеуметтену процесін зерттеу үшін психодиагностикалық әдістерді қолдану.
4-ОН: Тұлғаралық қарым-қатынас психологиясынталдау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда психотехнологияларды пайдалану.
5-ОН: Тұлғаның мінез-құлық модельдерін талдау арқылы әлеуметтік интеллект және имидж түсініктерін қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастыру.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 ОИ – тұлғаның мотивациялық сферасын теориялық меңгере отырып қажеттіліктер пирамидасын және әртүрлі құрылымдық сызбасын келтіру;
1.2 ОИ – тұлғаның эмоциялық күйлерінің арасындағы өзара байланысты анықтау;
2.1ОИ – құндылықтар жүйесін зерттеген психологиялық теорияларды игеру;
2.2 ОИ – өзіндік анықталу түсінігін тұлға психологиясы негізінде қалыптастыру;
2.3ОИ – құндылықтар жүйесі және өзіндік анықталу түсініктері арқылы психологиялық портрет туралы білімдерді меңгеру;
3.1 ОИ – психологиялық денсаулықтың тұлғалық дамудағы рөлін анықтау;
3.2 ОИ – психологиялық денсаулық пен әлеметтенудің өзара байланысын талдау;
3.3 ОИ – психологиялық денсаулық пен әлеуметтенуді зерттейтін психодиагностикалық әдістердің тиімділігін ажырату;
4.1 ОИ – тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы негізінде психотехнологияларды игеру;
4.2 ОИ тұлғалық дамудағы қарым-қатынас пен коммуникацияның айырмашылығын меңгеру;
4.3 ОИ –тұлғаның коммуникативті дағдыларды мен коммуникация модельдеріне мысалдар келтіру
5.1 ОИ – конфликт психологиясы негізінде мінез-құлық модельдерін құру;
5.2 ОИ – Әлеуметтік интеллект пен әлеуметтік табыстылықтың деңгейлері мен түрлеріне сызба құрастыру;
5.3 ОИ –әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру бағдарламаларын дайындау және жетілдіру

Пререквизиттер және постреквизиттер

“Мамандыққа кіріспе”, “Философия”, “Әлеуметтану”, “Әлеуметтік психология”. Тұлға психологиясы және т.б. базалық курстары. Тұлға психологиясы және т.б. базалық курстары.

Ақпараттық ресурстар

1. Абабков В.А. Переадаптация к стрессу. Основы теории, диагностики, терапии.-СПб.: Речь, 2004
2.Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз = The Social Animal: Әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков және т.б., 2018. – 407 б. - (Рухани жаңғыру).
3. Белоус В.В. Темперамент и деятельность. – Пятигорск, 2015
4.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы.-Қазақ университеті, 2016.-158 б.
5. Гарбер А., Карапетян Л., Конрад Решке. Управляй стрессом с оптимизмом.-Cuvillier Verlag, Gottingen, 2018
6.Гоулман Д. Эмоциональное лидерство: искусство управлять людьми на основе эмоционального интеллекта. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2015. - 302 c.
7. Гришина Н.В. Психология конфликта.-СПб.: ПИТЕР, 2013 г.
8.Денисова Е.А., Кузьмичев С.А., Чапала Т.В., Малышева И.В. Психология здоровья : электрон. учебное пособие / Е.А. Денисова [и др.]. – Тольятти : Изд-во ТГУ, 2017. – 1 оптический диск.
9.Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
10. Зайдл, Б. НЛП. Модели эффективного общения: пер. с нем. - 7-е изд., М.: Омега-Л, 2016.
11. Карнеги Д. Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей: Пер. с англ.\Общ.ред. и предислов. Зинченко В.П. и Жукова Ю.М..-М.: Прогресс, 1989 г.
12.Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. – СПб.: Питер,2014. – С. 469–474
13.Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008.
14.А.Ю. Панасюк. Формирование имиджа. -М., 2007
15.Почепцов Г.Г. Теория коммуникации.-Изд-во: Smart-book.-2015 г.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Бердібаева С.Қ.

Психология ғылымдары бойынша бірінші рет мемлекеттік тілде кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған. 2005 жылы ҚР бойынша психология ғылымдарының тоғызыншы ғылым докторы болып қорғады. Оның ғылыми жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация және 1 Phd докторлық диссертация қорғалды. Ол 6 монография (2- шет елде шыққан); бірнеше оқу құралдары мен оқулықтар (15); 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.Әлемдік Скопус және Томсон базаларында 40 мақаласы жарияланған, индекс хиршасы h=3. 2006-2009 жж. ҚР Мәдени Мұра бағдарламасына, 2009-2010 ж.-«Қазақстанның дарынды балалары» атты Атырау облылысы, Agip компаниясының «Global Education Provider» жобасына қатысты.
2015-2018 жылдары ҚР БҒМ гранты бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізді.
Бердібаева С.Қ. «ҚР Жоғары Оқу орындарының ең үздік оқытушысы» − Мемлекеттік грантты –екі рет жеңіп алған: 2008 және 2018 ж.
Профессор Бердібаева С.Қ. шет елге де танымал ғалым, Лейпциг университетінің профессорларымен бірге ғылыми жобаларда жұмыс жасайды, Германияда неміс тілінде 1 оқулық жарық көрген (2019). Көптеген әлемдік конгресстерге қатысушы: 2012 ж. –Оңтүстік Африка, Кейптаун қаласы-30-әлемдік психологиялық конгресс, 2016-Жапония, Иокогама қаласы-31-конгресс. 2008 жылы Жаңа Зеландия мемлекетінде, Окленд университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Қазақ¬стандық психология ғалымының жалғыз өкілі болып саналады.
Европа, Жапония, Жаңа Зеландия, Австралияда ғылыми тағылымдамалардан өткен: 2008, 2010, 2015, 2017, 2018, 2019 жж. Е-mail: berdybayeva_sveta1@mail.ru.

Course Staff Image #2

Сайлинова Қ.Қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, психология магистрі.«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы», «ҚазҰУ хабаршысы», «ҚР МОК КОКСОН ұсынған дене тәрбиесі хабаршысы» журналдарында 33 жарияланымдары бар, оның 22-і халықаралық ғылыми, практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып,. Scopus халықаралық деректер базасында (DOL https://doi.org /10.6000/2292-2598.2020.08.01.11)1 мақала жарық көрді, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 07-10 01.2019 ж. ІV-ші Республикалық психологиялық мектебінің «Денсаулық сақтау, білім беру, өндірісте психологиялық шеберлік»; «Дағдарыстық және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек» сертификаттары; 2019ж. әл-Фараби ат. ҚазҰУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының №7069 куәлігі «Психологиялық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті. Е-mail: sailinova777@gmail.com.

Course Staff Image #2

Айдосова Ж.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы. 2015-2018 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Ph.D докторанты (Психология) болды. Қосымша білімі: 2016 ж. сәуір – мамыр айлары – Трент университетінің «Эмоция және денсаулық» лабораториясында тағлымдама, Питерборо қ., Канада, 2013 маусым – шілде айлары – Ханянг университетінде тағлымдамадан өтті (Сеул қ., Оңтүстік Корея). Грант және Патенттері: 2017 ж. - «Диагностика и развитие эмоционального интеллекта преподавателя вуза» атты ұжымдық монографиясына № 2341 авторлық куәлік алынған. 2014 ж. – ҚР инновациялық патенті: «Устройство оценки и диагностики психофизиологической совместимости индивидов «Magneteam» атты еңбекке алды (патенттің № 28188, 19.02.2014 ж. (ұжымдық). Екі оқулық, бір монография, оннан аса шетелдің басылымдағы мақалалар авторы. Е-mail:zhanerke.ai@gmail.com.

Course Staff Image #2

Адилова Э. Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, 6D050300-Психология мамандығының 3 курс докторанты. Академиялық ұтқырлық бойынша (Софийский университет «Св.Климент Охридски» 2013 ж.) және біліктілікті арттыру (ҚазҰУ біліктілікті арттыру институты) курстарынан өтіп білім деңгейін көтеруде. Екі авторық құқық кәуілігі бар (тренигтер бойынша: «Мои ценности», «Формирование межконфессиональной толерантности»). Жоғарғы аттестациялық комиссиямен бекітілген журналдарда, алыс және жақын шет елдердегі халықаралық конференциялардың материалдары, Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) журналдарындағы жарияланымдарын қоса алғанда, 30-дан астам ғылыми жарияланымдарды бар. E-mail: elnura.adilova@mail.ru

Course Staff Image #2

Қайратова І.Қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, психология магистрі. «ҚазҰУ хабаршысы», «Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы» журналдарында қазақ және ағылшын тілдерінде мақалалары бар. 2017 жылы 09-18 қараша аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде «Дағдарыстық және төтенше жағдайлар психологиясы. Модуль 1. Дағдарыстық күйлер психологиясы» біліктілікті арттыру курсынан өтті (Санкт-Петербург, Ресей). 2019 жылы 17-19 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дағдарыстық және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек» атты біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты. E-mail: in.karkairatova@gmail.com.

  1. Course Number

    PSY_kz
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    2-3 часа

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.