Жоғары мектеп педагогикасы | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Жоғары мектеп педагогикасы


Факультет философии и политологии
Enrollment is Closed

Курс туралы

Болашақ жоғары мектеп оқытушылары үшін «Қазіргі жоғары білім беру» мәселелерін жан-жақты қарастырып, университеттің оқу-тәрбие үдерісін қалай ұйымдастыру, пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру, дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін, жаңа білім беру технологияларын тиімді пайдалануды, сонымен бірге куратор-эдвайзерлік қызметті ұйымдастыруды, тәрбиелік іс-шараларды өткізу сценарийлерін жасауды, педагогикалық қарым-қатынас құралдарын, басқару стилдерін нәтижелі қолдануға, білім беру саласындағы реформаларды талдап, даму тенденцияларын саралап, оқып үйренуге мүмкіндік береді.

Курстың құрылымы

1 апта.Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.
2 апта.Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.
3 апта.Қазіргі әлемдегі жоғары білім беру жүйесі.
4 апта.Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы.
5 апта.Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі.
6 апта.Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика).
7 апта.Жоғары мектептегі оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтары.
8 апта.Жоғары кәсіби білім берудің мазмұны.
9 апта.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері.
10 апта.Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы.
11 апта.Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары.
12 апта.Жоғары мектептің ғылыми қызметінің теориясы.
13 апта.Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі куратор.
14 апта.Педагогикалық қарым-қатынас.
15 апта.Жоғары оқу орнын басқару.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Жоғары мектеп оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін игеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы мен білім менеджменті, оқытушы қызметін талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық іс-әрекетті жүргізу қабілетімен педагогикалық құзіреттілікті қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. заманауи жоғары кәсіби білім берудің даму сатыларын, әдіснамалық аппараттың параметрлері мен әдіснамалық деңгейлерін білу; Қазақстанда жоғары кәсіби білім берудің жүйесіне талдау жасай білу;
2-ОН. жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениет мен құзіреттілігі негіздерін игеру;
3-ОН. Білім берудің TLA-стратегиясын, ЖОО-да кредиттік жүйемен білім беру бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жобалау; заманауи дидактикалық принциптер мен талдау технологиясын білу, білім беру мен тәрбиелеудің технологиясы;
4-ОН. Жоғары кәсіби білім берудің мазмұнын құрастыру; Блум таксономиясы бойынша құзіреттілікті бағалау; жоғары мектепте дәстүрлі және инновациялық әдістер мен білім беруді ұйымдастырудың жаңа технологияларын қолдану.
5-ОН. ЖОО-да білім беру процесінде студенттер мен оқытушылар арасындағы коммуникативті қарым-қатынас технологиясын бағалау және білім алушыларды ынталандыру.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1 ЖИ – жоғары мектеп педагогикасы категорияларының мазмұны мен мәнін анықтау;
1.2 ЖИ – білім беру парадигмалары, теорияларды түсіндіру;
1.3 ЖИ – педагогикалық әдіснама деңгейлерін, қазіргі әлемдегі жоғары білім беру жүйесін сипаттау;
2.1 ЖИ – Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктерін жүйелеу;
2.2 ЖИ – жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативті құзіреттілігін сипаттау;
2.3 ЖИ – Педaгогикaлық имидж және бедел деңгейлерін айқындау;
3.1 ЖИ – Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясын ажыратып көрсету;
3.2 ЖИ – Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ерекшелігін айқындау;
3.3 ЖИ – Оқытудың дидактикалық теорияларын саралау;
4.1 ЖИ – Білім берудің мазмұны компоненттерін айқындау;
4.2 ЖИ – Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары мүмкіндіктерін бағалау;
4.3 ЖИ – оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлеріне талдау жасау;
5.1 ЖИ – Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде өлшемдерін дайындау;
5.2 ЖИ – Педагогикалық қарым-қатынас қызметтерін, стилдерін тұжырымдау;
5.3 ЖИ – Жоғары мектептегі куратор-эдвайзер қызметін талқылау.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Ғылым тарихы және философия. Педагогикалық тәжірибе.

Ақпараттық ресурстар

1. Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы.Учебное пособие. 3-изд.Алматы: 2013.
2.Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры) -Алматы: Қазақ университеті, 2006.
3. Мыңбаева А.К., Айтбаева А.Б., Құдайбергенова Ә.М. Жоғары мектеп педагогикасы негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
4. Шунк, Дейл Х. Оқыту теориясы: білім беру көкжиегі = Learning Theories: An Educational Perspective [Мәтін] : оқулық / Д. Шунк ; [ауд. Б. М. Мизамхан ; жауапты ред. А. Б. Айтбаева], Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2019. - 607 б.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

7M01 Педагогикалық ғылымдар
7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
7M04 Бизнес, басқару және құқық
7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
7M09 Ветеринария
7M10 Денсаулық сақтау
7M11 Қызмет көрсету

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Құдайбергенова Әлия Мәлікқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. ”Жоғары мектеп педагогикасы”, ”Педагогикалық-психологиялық конфликтология негіздері”, «Мектеп педагогикасы», "Өзін-өзі тану: теория және практика”, ”Этнопедагогика”, «Білім беру аймағындағы жобалау», «Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру» пәндері бойынша оқытушылық қызметін атқарады. Дәріс және семинар сабақтарын жүргізу барысында жаңа технологияны пайдалана отырып, интербелсенді әдісті және әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды қолданып жүргізеді. Ғылыми зерттеу саласы: студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, сыни тұрғыдан ойлау, білім беру аймағындағы конфликтология, жоғары мектеп педагогикасы, тұлғааралық коммуникация теориясы. 40-тан астам ғылыми мақалалар, сонымен қатар 2 оқу-әдістемелік құрал, 2 оқу құралы авторы.
e-mail: aliya.malykovna@mail.ru.