Программалауға кіріспе | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Программалауға кіріспе


Факультет информационных технологий

Курс туралы

Бұл курс программалау тілі негіздерін үйренуге арналған. Ол бакалавриатта оқылатын Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау және Программалау тілдері пәндері мазмұнын толық қамтиды. Бұл курс жалпы программалау тілдерін үйренгісі келетін кез келен жастағы білім алушыларға арналған. Курс презентация түріндегі – дәрістерден, есеп түріндегі – тапсырмалардан (есептер зертханалық жұмыстардан алынады) және жауап нұсқалары көрсетілген тесттерден тұрады.

Курстың құрылымы

1-апта.Компьютер құрылғылары және оның негізгі сипаттамалары.
2-апта. Программалаудағы санау жүйелері.
3-апта. Программалау тілдеріндегі мәліметтер типтері.
4-апта. Программалау тілдеріндегі алоритмдер мен негізгі операторлар.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Ақпараттық технологиялар негізінде программаларды құрастыру үшін алгоритмдер түрлерін талдау амалы арқылы операторлар, мәліметтер құрылымы және программалау туралы білім негізін қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Компьютерлік жүйенің құрылғылары мен құрамын таныстыру барысында талдау әдістемесін қолдану арқылы білім негізін қалыптастыру.
2-ОН. Таныстыру және талдау әдістемесі арқылы программаларда қолданылатын санау жүйелері мен оларды түрлендіру бағытында теориялық білімді қалыптастыру.
3-ОН. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы программалау негізінде мәліметтер типтерімен танысу барысында программаларды құрастыру.
4-ОН. Алгоритмдерді құрастыру үшін олардың негізгі түрлерін талдау амалын жүйелеу арқылы білім негізін қолдану.
5-ОН. С++ және Phyton тілдері негізінде программа операторларын жазу үшін алгоритмдер схемаларын пайдалану.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1.1 ОИ – Компьютерлік жүйенің құрылымдық сызбасын келтіру;
1.2 ОИ – Компьютерлік жүйе элементтері арасындағы өзара байланысты анықтау;
2.1 ОИ – Программалауда қолданылатын санау жүйелерін игеру;
2.2 ОИ – Бір санау жүйесіндегі санды екінші санау жүйесіне түрлендіру;
2.3 ОИ – Программалаудың негізгі ұғымдарын меңгеру;
3.1 ОИ – Программалауда қолданылатын мәліметтер типтерін талдау;
3.2 ОИ – Мәліметтер типтерінің түрлерін ажырату;
3.3 ОИ – Программалауда, деректер қорында қолданылатын мәліметтер типтерінің рөлін анықтау;
4.1 ОИ – Алгоритм түсінігін қолдана отырып, программалаудағы алгоритм рөлін анықтау;
4.2 ОИ – Блок-схемаларды қолданып алгоритмнің негізгі түрлерін талдау;
4.3 ОИ – Алгоритм түрлерін ажырату;
5.1 ОИ – Алгоритм негізінде құрылған кодтарды игеру;
5.2 ОИ – С ++ және Phyton тілдерінде жазылатын кодтардың айырмашылығын меңгеру;
5.3 ОИ – Программалау тілдеріндегі кодтаударға мысалдар келтіру;

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: Информатика мен физика пәндерінің орта мектепке арналған бағдарламалары.
Постреквизиттер: Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау; Программалау тілдері.

Ақпараттық ресурстар

1. Бөрібаев Б. Алгоритмдеу, мәліметтер құры¬лымы және программалау тілдері: оқулық. –Алматы: Қазақ университеті, 2012. -235 б.Оқулық. –Алматы: Қазақ университеті, 2012. -235 б.
2. Бөрібаев Б. Компьютердің арифметикалық негіздері: Жоғары оқу орындары студент¬теріне арналған оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2009. -52 б.
3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. -М.: Мир, 2011.-360с.
4. Культин Н.Б. С/С++ в задачах и примерах. -СПб.: БХВ-Петербург, 2016. -368 с.
5. Павловская Т.А. С/С++. Программирование на языке высокого уровня.-СПб.: Питер, 2010. -461 с.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Бөрібаев Бақыт Бөрібайұлы

Бөрібаев Бақыт Бөрібайұлы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті болып жұмыс істейді.
Марапаттары: 13.02.1999: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісі;
15.10.2013: жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық еңбегі үшін А.Байтұрсынов ат. медаль;
4.09.2015: Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-фараби ат.Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалі;
16.01.2016: Қазақстан ұстаздары қоғамының «Ғалым-ұстаз» төсбелгісі;
16.05.2019: жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісі.
Сабақ беретін пәндері: «Программалау тілдері», «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау», «Web-технологиялар», т.б.Ғылыми еңбектері 200-ден асады, құрамында ғылыми мақалалар, баяндамалар, оқулықтар, оқу құралдары және сөздіктер бар.

Course Staff Image #1

Жумаханова Айгерім Нурланқызы

Техника ғылымдарының магистрі, ақпаратық жүйелер кафедрасының оқытушысы.
2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологиялар факультетінде «ЖАОК құру кезінде оқытудың мультимедиялық жүйелеріндегі ақпаратты визуалдауды автоматтандыру» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологилар факультетінің ақпаратық жүйелер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
Мақалалар тізімі:
2019 жылы желтоқсанда Алматы экономика және статистика академиясының «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы экономика және білім дамуының мәселелері және келешегі» конференциясында «Жаппай ашық онлайн білім беру процестерін дамытудың қазіргі мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020 жылы сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Ашық онлайн білім беру жүйесін қолданудың маңызы» тақырыбы бойынша мақала жариялады.

Course Staff Image #1

Сағынай Мөлдір

Техника ғылымдарының магистрі, ақпаратық жүйелер кафедрасының оқытушысы.
2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологиялар факультетінде «ЖАОК құру кезінде оқытудың мультимедиялық ресурстарды сүйемелдеу технологиясын жасау» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологилар факультетінің ақпаратық жүйелер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
Мақалалар тізімі:
2019 жылы наурызда Алматы экономика және статистика академиясының «ЖАСТАР ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ» XVIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Ашық online курстары арқылы білім беруді дамытудың заманауи мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша мақала жариялады.
2020 жылы сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Ашық онлайн білім беру жүйесін қолданудың маңызы» тақырыбы бойынша мақала жариялады.

Enroll