Математикалық талдау 2 | МООК КазНУ им.аль-Фараби
Skip to main content

Математикалық талдау 2


Механико-математический факультет
Enrollment is Closed

Курс туралы

Табиғаттың объективтік заңдарының ғылыми негізін тануын қалыптастыруда, құбылыстардың физикалық сипаттамаларын беруде математиканы құрал ретінде пайдалана білу өте қажет. Кез келген физикалық процестің, құбылыстың сандық , сапалық сипаттамаларын зерттеуде және макро- микро экономикалық заңдылықтары мен процесстерін оқып үйренуде жоғары математика ілімінің негізі болып табылатын математикалық талдау пәнінін білу өте маңызды. «Математикалық талдау 2» курсы бір айнымалы функция талдауы пәнінің жалғасы болып табылады.

Мұнда сол шектер теориясын пайдаланып тізбекті зерттеуді басқа тұрғыдан - шексіз қосындылар арқылы - тереңдете жүргіземіз. Кезкелген туындысы бар функцияны шексіз қосылғыштардың қосындысы ретінде қарастырамыз. Бір айнымалы функция үшін алынған дифференциялдық және интегралдық есептеулерді көп айнымалы функциялар үшін де негіздеуге тырысамыз. Анықталған интеграл ұғымын интеграл астындағы функция нүктеде тежеусіз немесе интегралдау кесіндісінің ұзындығы шексіз болған жағдайларға өрбітеміз. Екі және үш айнымалы функциялар үшін қисық доғасы бойынша, жазық фигура бойынша, қисық бет бойынша, дене бойынша анықталған есептелінетін интегралдар ұғымен енгізіп олардың геометриялық және физикалық пайдаланулары мен өзара байланыстарын анықтайтын боламыз.

Курстың мақсаты

Студенттерді

  • математикалық талдау теориясымен таныстыруды тереңдете жалғастыру;
  • көп айнымалы функцияның дифференциалды және интегралды есептеулерімен таныстыру;
  • теоремалар мен тұжырымдамалар араларындағы байланыстарды түсіне білуге үйрету;
  • теориялық тұжырымдарды іс-тәжірибелерде пайдалана білуге машықтандыру;
  • есептер шығарудың әдіс-тәсілдерімен студенттерді таныстыру;
  • қолданбалы есептерді шығаруда математикалық талдаудың әдістерін пайдалануға икемдеу;

Курстың авторы

Course Staff Image #1

Биәділов Нүри Бопауұлы

(24.04.1949 – 08.07.2020)


Биәділов Нүри Бопауұлы 24.04.1949 жылы Талдықорған облысы Киров ауданы, Ленин атындағы колхозда туған. 1971 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) механика-математика факультетін бітірген.
Университет бітіргеннен бастап өмірінің соңына дейін, осы университеттің механика-математика факультетінде, ұстаз болып еңбек етті. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы "Ішкі бастапқы секірісі бар сингулярлы ауытқыған екінші ретті дифференциалдық теңдеулердің шешімдерінің асимптотикасы" (Асимптотика решений сингулярно возмущенных дифференциальных уравнений второго порядка, имеющих внутренний начальный скачок). Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру деңгейлерінде сандық тәсілдер, сызықты бағдарламалау, бейсызықты бағдарламалау, динамикалық бағдарламалау, сызықты алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау, жүйені талдау, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер пәндері бойынша дәрістер оқып, зертханалық, іс-тәжірибелік сабақтар өткізіп дипломдық, магистрлік, кандидаттық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасады.
40-тан астам ғылыми жарияланымдары, оқу-әдістемелік еңбектері және 5 оқу құралы бар. Ғылыми-педагогикалық жұмысының тәжірибесі – 49 жыл.
Нүри Бопауұлы 2000–2004 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік заң академиясында информатика кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі марапатына ие болған.
Ол, еңбек жолында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін беретін Д 14 А.02.33 диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы болды. Бірнеше рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Нүри Бопауұлы, ұлағатты ұстаз және ғалым ретінде үлкен беделге ие кісі еді. Есіміңіз математика кафедрасы, факультет, университет тарихында және жарқын естеліктеріңіз шәкірттеріңіз бен ұжымдастарыңыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

  1. Course Number

    Ver_101
  2. Classes Start

  3. Date of creation

  4. Classes End

  5. Estimated Effort

    3 часа

Student reviews

There are no reviews yet. Be the first to leave a review!

Submit review
To leave a review, you must log in.